05 декабря Понедельник2:29
Астана
°C
Текущий номер
№ 47 Пятница
02.12.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.
 
 
  
 
 Фотосуреттер мен мәтін: Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.


  

Оңтүстік Кореяда өткен Азия елдерінің үздік драмалық сериалдарын марапаттайтын дәстүрлі шарада Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания және т.б. елдермен қоса, әлемнің 50-ден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынады.

«Әке» сериалының тұсаукесері 2016 жылдың көктемінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасында көрермен назарына ұсынылды.

Ер жетіп қалған балаларымен арадағы қарым-қатынасын түзеуге тырысқан әкенің тағдырын баяндайтын, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын фильмнің киносыншылар мен телекөрермендер тарапынан жағымды пікір қалдырғаны туындының аудиториялық көрсеткішінің жоғары екенін білдіреді.

Ұйымдастырушыларға алғыс білдірген Азат Сейтметов: «Осы фестивальге келгеніме өте қуаныштымын. Қазақстан бұл фестивальге тұңғыш рет қатысып отыр. Фестиваль ұйымдастырушылары мен қазылар алқасының осы аталымда мені таңдағанына шексіз ризамын. Бұл - біздің түсірілім тобы үшін үлкен мәртебе. Біздің еңбегімізді бағалағандарыңыз үшін мың алғыс. Аталмыш награданы әкеме арнаймын. ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі мен «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына, сериал авторы және режиссері Асқар Ұзабаевқа алғысым шексіз»,-деді.
Сейтметов Азат Райымбекұлы - театр және кино актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т.Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған. М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық театрының актері.

«Қазақстан» РТРК» АҚ сериалдарындағы рөлдері:
• 2010 «Айналайын»
• 2013 «Ұлжан»
• 2015 «Шырғалаң»

Seoul International Drama Awards 2016 (SDA) – жыл сайын өтетін телевизиялық фильмдер мен актерлерді, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерін марапаттайтын дәстүрлі шара.

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.

"Әке" телехикаясы Сеулде жүлдеге ие болды. 
«Қазақстан» РТРК тапсырысымен 2016 жылы түсірілген «Әке» телехикаясының бас кейіпкері Азам Сейтметов Сеулдегі Халықаралық кинофестивальде «Жылдың үздік актері» атанды.




14.09.2016 824
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA