04 декабря Воскресенье1:42
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Астанада икебана өнері бойынша шеберлік-сыныбы өтті

Астанада Икебана өнері бойынша шеберлік-сыныбы өтті. 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі рухани тәжірибенің ерекше түрі - Икебана өнеріне бір күнін арнады. 
 Фотосуреттер автордыкі
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі рухани тәжірибенің ерекше түрі - икебана өнеріне бір күнін арнады. 
Икебана - жапонның өмір салтынан туындаған. Бұл өнер түрін ғасырлар бойы өзін табиғатқа әдеміліктің сарқылмас қазынасы ретіндегі қатынас тұрғысында тәрбиелеген халық қалаған. Икебананың бірегейлігі және қайталанбастығы, нәзіктігі мен әсемдігі, формалары мен стильдерінің алуан пішіні өнердің бұл түріне бүкіл әлем бойынша көптеген адамдардың жүректерінен үндестік табуға мүмкіндік береді.
Со-Катоку Икэнобо Мидори Ямада ханым Икебана өнері бойынша шеберлік-сыныбын өткізді.
Мидори Ямада ханым Ресейдегі Икэнобо филиалының негізін қалаушы және алғашқы президенті, «Шығып келе жатқан Күн – Алтын және Күміс Сәуле» орденінің иегері, Омотэ Сэнкэ мектебінің шай құю рәсімінің және жапондық Суми-э кескіндемесінің шебері болып табылады. Ямада ханым 25 жыл бойы Ресей, Түркменстан, Татарстан, Украина, Молдова, Армения және Қазақстанның көптеген қалаларында шеберлік-сыныптармен курстарды жүргізеді.
Алғашқы шіркеулік мехрапты рәсімдеу жөніндегі мәліметті Жапонияға 603 жылы буддизм және қытай мәдениетін зерттеу үшін құрлыққа барған дін қызметшісі Оно но Имоко алып келді. Қайтып келген соң ол Сётоку ханзада негізін қалаған Роккакудо Киото шіркеуінің бастығы болды. Ғибадатхана аумағында шіркеу бастығының тұрғын үйі икэнобо (тоған басындағы лашық) деген атауға ие болды. Бірнеше ғасырлар өткеннен кейін бұл атау бірінші икебана мектебіне көшеді. Рухани тәжірибенің ерекше түрі ретінде икебана өнерін ұрпақтан-ұрпаққа бере отырып, Роккакудо шіркеуінің қырық бес монахтары кезек-кезек Икэнобо есіміне ие болды.
Бүгінгі таңда оны Оно но Имоко – Сэн Эй Икэнобоның 45-ші ұрпағы басқарады.
ИКЭНОБО мектебі Жапониядағы ең байырғы икебана мектебі болып табылады. ХХ ғасырдың басында ИКЭНОБО мектебі әртүрлі дәстүрлі өнерді зерттейтін институт мәртебесіне ие болды. ИКЭНОБО мектебінің сан ғасырлық тарихы барысында икебана өнерінің көптеген стильдері мен бағыттары туындады.
Шеберлік-сыныпқа қатысушыларға шектеу қойылмады. Қатысушылар икебана өнерінің құпияларын ұғынуға, өздігінен өз гүлшоқтарын жасауға, сондай-ақ Ямада ханымның авторлық жұмыстарының көрмесіне қатысуға мүмкіндік алады.

19.09.2016 754
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA