04 декабря Воскресенье3:52
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.
 
 
  
 
 Фотосуреттер мен мәтін: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.


  

Көрменің салтанатты ашылуында сөз алған Ұлттық музейдің директоры Дархан Мыңбай көпшілік назарына ұсынылған шығармашылық жұмыстардың мазмұнына тоқтала келе, өнер жолында жүрген талантты жастарға шығармашылық табыстар тіледі.
- Бүгінгі көрмеге Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, оның ішінде өнер факультетінің оқытушылары мен магистранттары жасаған 40 қылқалам туындысы қойылды. Байқап қарасақ, мұнда тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрі, бүкіл болмысы көрініс тапқан. Олардан бөлек, ел тарихында өшпес орны бар тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар топтастырылған. Осы жұмыстардың барлығы да «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының тұғырын бекіте түсуге қызмет етеді деп сенемін, - деді Д.Мыңбай.
Ал Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Уәлихан Әбдібеков:
- Көрме «Ұлы Даланың ұлы тұлғалары» және «Ұлы Даланың Ұлы оқиғалары» деген екі бөлімнен тұрады. Бұл жұмыстардың барлығы да мұқият таңдалып, тарихшы археологтардың тарапынан көркемдік сараптамадан өткен. Мақсатымыз – Ұлы Даланың маңызды оқиғалары мен халқымыздың азаттығы жолындағы өзіндік орны бар тұлғаларымызды көркемдік тұрғыдан қайта көрсету, насихаттау. Сол арқылы әсіресе жас ұрпақты өз Отанын құрметтеуге, мемлекетшілдікке, ынтымақ пен бірлікке баулу, - деді.
Атап айтсақ, «Қазақ даласындағы аң аулау өнерінен көрініс», «Сақ басшысы – Алтын адамды жерлеу рәсімі», «Отырар моншасы», «Тайқазан», «Отырар кітапханасы», «Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құрылысы» т.б. туындылар тарихи құбылыстарды сурет тілімен көркемдік бейнеде қабылдауға қызмет етеді.
Айта кетейік, көрме 25 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. 

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.

Астанада «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесі ашылды. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесіп Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы Дала тарихы» сурет көрмесін ашты.

29.08.2016 1017
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA