04 декабря Воскресенье8:15
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ БЕЙІТІ ҚАЙДА?

БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ БЕЙІТІ ҚАЙДА?. 
Түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев: «Әр түрлі халықтар адамдарының бір-бірінен айырмашылығы тек өмір сүру әдеттерінен емес, негізінен, олардың өлген адамға көзқарасынан көрінеді», - деген екен. 
 Фото: alashainasy.kz
Түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев: «Әр түрлі халықтар адамдарының бір-бірінен айырмашылығы тек өмір сүру әдеттерінен емес, негізінен, олардың өлген адамға көзқарасынан көрінеді», - деген екен. 
Біздің қазақ болса, «Тумақ бар жерде, өлмек бар», - деп жеке адам өмірінің шектеулі екенін мойындай отырып, «Өлі разы болмай, тірі байымайды», - дейді. Осылайша аруаққа құрмет көрсетуіміздің асыл парызымыз екенін, оларға дұрыс қызмет көрсете алсақ қана сауапқа бөлетінімізді, өмір жолымыздың бақыт пен берекеге толатынын есімізге салады. Мұны ес білген ескі заманнан-ақ қазақ халқы мерейлі міндеті, ата-баба аманаты санап, фәниден бақиға көшкендерді арулап ақтық сапарға аттандырып, бейітінің басына белгі қойып, там, кесене, мазар салып, аруағын ардақтаған.
Кесене - 1). Қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш. 2). Түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған. Ортағасырда қыпшақтар -«кезене», малқар мен қарашайлар - «кешене», қырғыздар - «қасана», қабардалықтар - «чамана», ингуштар мен шешендер - «каши» десе, қазіргі түріктер сәнді-салтанатты оңаша үйлерді, сарайларды «Какапе» деп атайды. Қожа Ахмет Иасауы, Қожа Толығ кесенелерін көп ел біледі. Күмбез - жалпы жобасы шеңберленіп келген (кейде көп қырлы, эллипске ұқсас) ғимараттардың төбесін жабуға қолданылатын құралымдық бөлік.
Күмбез жасау б.з.б. 3 ғасырда белгілі болған. Ғимараттарды, діни құрылыстарды күмбезбен жабу әсіресе, Орта Азия сәулет өнерінде ертеде-ақ кеңінен өрістеген. Қазақтар төбесі жабылған мазарларды да күмбез деп атай береді. Жошы хан күмбезі, Алаша хан күмбезі және т.б.
Мазар - мұсылмандардың қайтыс болған адамдардың қабіріне тұрғызған сәулет ескерткіштері. Мазар салу Таяу Шығыс, Орта, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдерінде ерте кезден келе жатқан дәстүр. Осындай көне ғимараттар: Ауғаныстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бүқара мен Хиуа, Қазақстандағы Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазарлары.Әрине, бұл халыктың көбі білетін мемориалдық құрылыстар. Мазарларда әшекей-өрнектер кеңінен пайдаланылған. Қазақ даласындағы күмбезді кесенелердің қабырғасынан оның өрнекті кірпішпен өріп тұрғызылғандарын да көруге болады. Бабажы қатын (II ғ.), Айша Бибі (II ғ.), Қарахан (II ғ.) мазарларының қабырғалары осылай салынған. Жалпы, мұндай өрнекті кірпішпен өріп тұрғызылған мазарлар қазақ жеріне он бірінші ғасырдан белгілі болған. Қабырғаларын Алаша ханның күмбезі тәрізді қыштан кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қалау да қазақ сәулетшілері қолданған үздік үлгі. Тіпті, күмбездің арнасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі жағын өрнекті бағаналармен көмкеру де қазақ даласындағы кесенелерде кездеседі. Соның бірі Мамыш бектің жұбайы Баршын сұлудың қабіріне салдырған көк кесенесі. Ол салжұқтар заманындағы сәулет өнерінің үлгісінде биік мұнаралы болып бой көтерген. Қазақ жерінде төрт бұрыштық пішінінен дөңгелек күмбезге бұрыштық қуыстар арқылы да жалғасатын кесенелер (күмбездер) бар. Оған Кетебай күмбезін (Ұлытаудағы) жатқызуға болады. Тіпті, мазарларды салғанда алдыңғы беті мен ішкі қабырғаларына әртүрлі оюларды пайдаланған мазарлар да тұрғызылған. Бұл оюлар: көгеріс өрнек (гүлдер, желектер, гүл түйнектері), зооморфтық (түйетабан, қос мүйіз, сыңар мүйіз), геометриялық (дөңгелектер, үшбұрыштар, шаршы торлар) және космогондық (ирек өрнек) нақыштар. Оны Сенек қорымындағы мазарлардан (19-20 ғасырлар) көруге болады. Кейбір күмбездердің астыңғы жағы төртбұрышты да, жоғарғы жағы күмбезді. Тектұрмас күмбезі (Талас ауданы) солай салынған. Ал Ақтөбе аймағындағы Сүндет күмбезін текше пішінде салып, 8 қырлы қабырғасының үстін барабанды күмбезбен ұштастырған да, алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасын бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен әсемдеген. Қазақ даласында салынған көптеген бейіттердің діңгегі барабансыз.
Кейбір көне кесенелердің қас беті әртүрлі мәнермен қаланған және әртүрлі дәрежеде күйдірілген ромб түрінде безендірілген. Ақсақ Темір дәуірінде сәулет өнерінде порталды - тақталы дәстүрдің кесене салуда қолданылғаны мәлім. Оның іздерін қазақ даласынан табу қиын емес. Тіпті, кесенелердің ішінде қабырғаларының өнбойы карнизбен көмкерілген, төменгі жағы терракотамен, тақта тастармен әшекейленген, кірер бет маңдайшасына арабша жазылған мазарлар да бар дейді, қазақтың мемориалдық құрылысын зерттеушілер. Бейіт басындағы сәулет өнері ескерткіштерінің бір тобы -қабырғалары геометриялы және шырмауықты ою-өрнекті, іргелігі сегіз қырлы, ол сатылай өріліп, шошақ күмбезбен жалғасқаны. Мұның бәрі елімізде ерте кезден-ақ мемориалдық құрылыстарда сәулет өнерінің небір озық үлгілерінің қолданылғанын, күмбезді кесенелер салған шеберлеріміздің ой-қиялының ұшқыр, эстетикалық талғамының өте жоғары болғандығын танытады.
Қазақ даласында бой көтерген мемориалдық құрылыстардың ішінде сағанатамдар (сағана және там) салыну, көркемделу жағынан өте ерекше. Сағанатамдар - орта ғасырдан бастап белгілі болған-мәдени, тарихи имандылық ескерткіштері. Тек 19-20 ғасырлардың бас кезінде салынған сағанатамдар өзіндік үлгісі жағынан екі түрге бөлінеді. Олар: тұтас тұлғалы, қабырғалары пилястралармен нақышталған; төрт бұрышы монументті бағанамен көмкеріліп, бағана аралықтары ою-өрнекті порталдармен тұтастырылған. Мұндай мемориалдық құрылыс ескерткіштерінің калың елге белгілілері: Маңғыстаудағы Нұрмағамбеттің (Асанқожа қорымында), Есқожаұлының (Шат бейіті), Үстірттегі Жәмира бәйбішенің, Уәлінің (1920 ж.ш.), Бошыбайдың (1916, Қайыршы ишан бейіті), Жем бойындағы Қойлыбайдың сағанатамдары.
Сағанатам құрылысындағы ерекшелік: шаршы жобамен тұрғызылуы, төбесінің ашық болуы, алдыңғы және артқы қабырғаларының көтеріңкі қалануы, төрт бұрышында бағана тіреу пішінінде төрт құлақтың орнатылуы. Және де сағанатамтардың көбісінің қабырғасы жалпақ пилястра және тайыз ойынды қуыс жүйесімен бөлшектеп әшекейленеді.
1. Қарақыпшақ Қобыланды батырдың кесенесі

Қасиетті қазақ даласында Қобыланды есімімен ерте заманнан бері аталып келе жатқан екі мазар бар. Бұл тарихи көне ескерткіштер «Қобыланды күмбезі» деп аталады. Біріншісі, Батыс Қазақстан облысының Елек – Защита темір жолының бойында. Ол И.А.Кастаньенің жазбаларында көрсетілген. Құрылысы қызыл кірпіштен салынған. Үйінді болып жатқан күйі қазірге дейін зерттелген жоқ. Екіншісі Орталық Қазақстандағы Сарысу өзенінің бойындағы мазар. Ол бізге Шоқан Уәлихановтың тарихи жазбаларынан мәлім. Күмбез (мазар) құрылысы тастан қаланған. Осы Қобыланды күмбезі деп аталатын қос мазар жөніндегі тарихи деректер Қазақстанның ұлттық энциклопедиясына да енгізіліп отыр.
Қазақ даласында белгілі бір тарихи тұлғаның есімімен аталатын жерлер, бейіттер баршылық. Және де бір есіммен аталатын би, сері, батырлар жөнінде де деректер аз емес. Оның бәрін бір кісіге телуге болмайтыны: өмір сүрген, фәниден бақиға көшкен уақыты мен жерленген жерлерінің әрқилы екендігі. Бұл Қобыланды есімімен аталатын әлгі қос күмбезге де қатысты жағдай.
Қобыланды батыр – тарихи тұлға ғана емес, қаһармандық пен туған еліне деген сүйіспеншіліктің символы саналғандықтан, түркі тілдес көп халықтың шыққан тегі қыпшақтар болғандықтан, Қобыланды батыр туралы өлеңдер мен аңыздар Қырым татарлары мен Қарақалпақ елдерінде де бар. Кезінде Есмұрат Нұрымбаевтан жазып алынған оның үлгілері біздің бұл сөзімізге нақты айғақ. Тіпті, В.В.Радлов өзінің «Түрік тайпаларының халық әдебиетінің үлгілері» атты кітабын 1872 жылы, Қобыланды батыр туралы тағы бір қысқаша өлеңді 1896 жылы баспадан жарыққа шығарған екен. Соларды оқып, танысар болсаңыз, Қобыландыны түркі тілдес халықтардың көбісінің өз атасы, өз батыры деп ойлайтынын аңғарасың. Және бұл да түркі тілдес көп халықтың қыпшақтан шыққандығына көп дәлелдің бірі.
Марабай, Мергенбай, Айса, Нұрпейіс тәрізді атақты жыршылар арқылы бізге жеткен «Қобыланды батыр» дастанында бабамыз қалмақтармен шайқасқан Жалғызоба, Қособа, Бесоба, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы – Ақтөбе өңірінің Қобда ауданындағы Жиренқопа жеріндегі қазақтардың кір жуып, кіндік кескен атамекені. «Қобыланды батыр» жырында айтылған бұл жерлердің атауы ғасырлар бойы сол күйінде, өзгеріссіз аталып келеді. Қарақыпшақ Қобыланды батырдың бейіті Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауында, Жиренқопа елді мекенінің іргесінде. Бейіті беріректе қоршалып, 1995 жылы басына белгі қойылған болатын.
Бұл бейіт туралы кезінде М.Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақ халқының тарихы» деген кітабында былай деп жазып кеткен-ді: «Қобыландының моласы Ақтөбе уезіндегі Қарақобда өзенінің бойында. Електен 40 шақырымдай жерде тұр». Ал енді Қобыландының бейіті туралы ең алғаш жазған адам В.В.Карлсон. Біз Орынбор қаласында болып, сондағы мемлекеттік мұрағат пен орталық кітапхананың сирек құжаттар мен қолжазбалар қорындағы материалдармен танысқанымызда Орынбордың ғылыми мұрағат комиссиясының 1905-1906 жылдардағы еңбегін оқып шыққанбыз. Сонда біз осы В.В.Карлсонның Қобыланды батырдың бейіті туралы жазғандарын таптық.


20.09.2016 579
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA