04 декабря Воскресенье10:15
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Имандылық — басты байлық

Имандылық — басты байлық. 
Мұсылмандық мәртебесі.
 Фото: www.astana-akshamy.kz
Мұсылмандық мәртебесі.
Аллаһтың ақ жолына түскен адамдардың мұсылмандық бес парызын адал атқаруымен, шариғат шарттарын біліп, орындауымен, қасиетті Ислам дінінің асыл құндылықтарынан толық хабардар болуымен қатар, оқып танысса, сол арқылы таным-түсінігін, рухани жан-дүниесін байытса, артық емес те мәселелер аз емес. Бүгінгі әңгіме солардың бір шоғыры туралы ғана.
Әлемде көптеген ғалым, мемлекет, қоғам қайраткерлері, өнер жұлдыздары мен үкімет қызметкерлері, тіпті бірқатар христиан діні қызметшілерінің мұсылмандықты қабылдауы Ислам дінінің басқа діндерден өте биік тұрған құдіреттілігін танудан болған.
Адамдардың Исламды таңдауының басты себептері. Теологтардың пайымдауынша, ол төмендегідей:
1. Мұсылмандықта бір ғана құдай бар. Ал христиандықтарда үш тәңір сенімі бекіген. Біздіңше, үш тәңірге сеніп, құлшылық жасау әбестік.
2. Исламда тек ахиреттің бақыты ғана емес, бұл дүниеде де бақытқа жетудің жолдары көрсетілген.
3. Ислам түсінігінде барлық бала күнәсіз болып туылады. Христиандықта барлық бала күнәһар болып туылады.
4. Исламда ғибадаттар тек қана мешіттерде жасалуға тиісті деген шарт жоқ болса, христиандықта ғибадаттар тек қана шіркеуде, топтарды (иконды да) ортаға салып, сөзбенен жасалуға тиісті.
5. Исламда күнәні тек қана Аллаһ Тағала кешіреді. Христиандықта топтардың да күнәларды кешіруге өкілеттілігі бар.
6. Яһудия дінінде еврейлер ғана үстем деп танылады, христиандықта қара нәсілділер төмен деп саналады. Исламда адамды ұлтқа, түске, тілге бөліп бағалаушылық жоқ.
7. Исламда бүкіл пайғамбарлар — адамзат баласы. Тек қана күнәсіз жандар. Христиан дінінде Хз. Иса бал тәңір деп саналады.
8. Исламда негізсіз сенімдер жоқ. Басқа діндерде отқа, күнге, тасқа, мүсіндерге негізсіз сенушілік, табынушылық бар.
9. Ислам ешкімді де зорлап мұсылмандыққа кіргізбейді. Христиандарда дініне кіргізуде жасалынған зорлықтар өте көп.
10. Ислам діні ішкі (рухани) тазалықпен қатар сыртқы тазалыққа да айрықша мән-маңыз береді. Ал атақты Версаль сарайында әжетханада болған емес.
11. Ислам капитализмді де, коммунизмді де қабыл еткен емес, қабылдамайды да.
12. Мұсылмандардың артта қалуларының себебі, дініне толық мойынсұнбауынан. Христиандардың ілгерілеуі діндерінен ұзақтауынан.
13. Исламда дінінен надан адам ғана шығады, христиандықта керісінше...
14. Ислам діні бойынша арақ, есірткі, құмар ойыны, зінақорлық харам. Христиан діні арақ ішуді тыймайды.
Мұсылманның сипаты. Ислам дінінде мұсылманның ең абзал адам болуға тиістілігі Ұлық Пайғамбарымыздың (с. ғ. с.) хазас-шарифтерінде былайша атап тұрып баяндалған:
«Адамдарға мейірімділік танытпағанға Аллаһ Тағала мейірімділік танытпайды».
«Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық жасауға болмайды. Оған көмек береді. Оны өзінен төмен санамайды. Оның (бір мұсылман екінші мұсылманның) өзіне, малына, намазына зиянын тигізуі — харам».
«Аллаһ атымен ант етемін, бір адам өзі үшін қалаған нәрсені (басқа) мұсылман бауыры үшін де қаламайынша, иманы толық болмайды».
«Жүрегінде мейірімділік жоқ адамның иманы жоқ».
«Кішілерге жанашырлық танытпаған және үлкендерге құрмет көрсетпеген адам бізден емес».
«Қарттарды құрметтеген, көмектескен адам қартайған кезде Аллаһ Тағала да оған көмекшілер жібереді».
«Аллаһ Тағала дүниелік нәрселерді достарына да, дұшпандарына да береді, ал жақсы мінезді тек жақсы көретін адамдарына ғана береді».
«Бір адамның намысына, малына қол салған адамдардың сауаптары қиямет күні жәбір көрген адамға беріледі. Ғибадаттары, жақсылықтары жоқ болса, ол адамның күнәлары бұған беріледі».
«Аллаһ Тағаланың алдында күнәлардың ең үлкені — жаман мінезді болу».
«Бір адам ұнатпайтын адамына қиындық келгеніне қуанса, Аллаһ Тағала бұл адамға да осындай қиындық береді».
Жақсы істерді «Бисмилләмен» (Бисмиллаһи-р Рахмани-р Рахим) бастау. Иә, мұсылмандар әрбір ізгі амалын қасиетті осы сөзбен бастауға міндетті. Ләухул-махфузда алғаш жазылған да осы сөз, Адам (ғ. с.) пайғамбарға да алғаш келген осы «бисмиллә». Мұсылмандар фәниден бақиға көшкенінде де осы сөзді айтып, сырат көпірінен өтеді. Жұмақ шақыруының де мөрі осы сөз болып табылады.
Хадис — шарифтерден: «Бисмилләмен басталмаған әрбір маңызды іс нұқсан болып қалады». «Үйге кіргенде шайтан да сізбен бірге кіруге тырысады. Кірерде бисмиллә айтылса, шайтан «бұл үйге кіре алмаймын», — деп кері қайтады». «Аллаһ Тағала ісін бисмилләмен бастаған адамды кешіреді». «Құран Кәрімнің кілті — бисмиллә».
«Бисмилләһ» сөзіне құрмет. Бишри Хафидің (ғ. с.) дұрыс жолға түсуі былай болған. Ол бір күні мас күйінде келе жатып «Бисмиллаһи-р Рахмани-р Рахим» деген жазуы бар бір қағаздың жерде жатқанын көріп, оған риза болмай, жерден көтеріп алады. Және де оны сүйіп, балшықтарын тазалап, үйіне әкелген соң оған әдемі иіс су сеуіп, дуалына іліп қояды.
Сол түні ғалым және әулие бір кісіге түсінде: «Сен Бишриге барып айт, есімімді тазалағанындай мен де сені тазалаймын. Есімімді жоғары көтергенің үшін мен де сені көтеремін. Есімімді әдемі иістендіргенің үшін мен де сені әдемі етемін. Ұлылығыммен ант етемін, сенің есіміңді дүниеде және ахиретте таза да әдемі етемін!» — деп бұйырылды.
Бұл түс үш рет қайталанды. Ғалым кісі таңертеңгісін Бишри Хафиді сыраханадан тапты. «Өте маңызды хабарым бар», — деп сыртқа шақырды. Бишри жанына келгенінде ғалым: «Саған Аллаһ Тағаладан хабарым бар», — деп айтысымен-ақ, ол егіле жылай бастады. «Аллаһ Тағала маған ашулы ма? Маған қатты азап береді ме?» — деп сұрады. Бишри ғалымның түсін естіп болысымен сыраханадағы достарына бұрылып: «Мені шақырып жатыр. Мені бұдан былай бұл жерден көрмейсіңдер», — деді. Іле тәубе етті. Сол кезде аяғында аяқ киімі жоқ еді, содан кейін де мүлдем аяқкиім кимейтін болды. Оның себебін сұрағандарға: «Сөз берген кезімде жалаң аяқ едім, енді қазір аяғыма киім киюге ұяламын», — деп жауап қайтаратын болды. Сол себепті, яғни, аяқ киім кимегені үшін «жалаңаяқ» деген мағынаны білдіретін «Хафи» сөзі есіміне қоса айтылып, солай аталып кетті де. Сөйтіп, Бишри Хафи хазірет өмірінің қалған бөлігін ілім үйренумен, оны өзгелерге үйретумен өткізіп, есімі тарихта қалды.
Кәлима-и шаһадат айту. Ол: «Әшһәду ән ла илаһә иллалаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу ра Расулуллаһ» — деп айту. Шаһадатты айтудың 130 пайдасы бар. Бұлардың отызы төмендегідей:
Дүниедегі пайдасы. Аты әдемі айтылады. Исламның бұйрықтары мен тыйымдары өзіне парыз болады. Жазадан және төмендетуден құтылады. Аллаһ Тағала оған разы болады, барлық мүминдер оған сүйіспеншілікпен қарайды.
Өлер кездегі пайдасы. Әзірейіл (ғ. с.) оған әдемі кейіпте келеді. Майдан қыл суырғандай етіп жанын жеңіл алады. Жұмақ иістері келеді. Сүйіншілейтін періштелер келеді. «Сәлем, ей, мүмін. Сен жұмақтасың», — дейді.
Қабірдегі пайдасы. Қабірі кең болады. Мүңкір мен Нәңкүр әдемі кейіпте келеді. Бір періште оған білмегенін үйретеді. Аллаһ Тағала білмегенін есіне салады. Жұмақтағы орнын көреді.
Арасаттағы пайдасы. Сұрақ пен есеп беру оңай болады. Дәптер оң жағынан беріледі. Мизанда сауабы ауыр басады. Арштың астын көлеңкелейді. Сыраттан найзағайдай тез өтіп кетеді.
Тозақтағы пайдасы. Тозаққа кірсе, тозақ өкілдері сияқты көздері көк болмайды. Шайтанымен (тозақтың) көріспейді. Қолына оттан кісен, мойнына шынжыр салынбайды. Ыстық судан ішкізілмейді. Тозақта мәңгі қалмайды.
Жұмақтағы пайдасы. Барлық періштелер оған сәлем береді. Сыддиқтармен (шыншылдармен) жолдас болады. Жұмақта мәңгі қалады. Аллаһ Тағала оған разы болады. Аллаһ Тағаланың жамалын көреді.
Мешіт әдебі. Құлшылық үйіне және мұсылмандардың үйіне оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығады. Мешітте мына 13 талапқа назар аударған жөн.
1. Жұмыс киімімен немесе үлкендердің алдына баруға ыңғайсыз болған киіммен және жаман иісті шұлықпен намаз оқу — мәкруһ. Пияз, сарымсақ жеген адам да оның иісі тарамай тұрып мешітке бармауға тиісті.
2. Мешітке дәретсіз кіру де — мәкруһ.
3. Алдыңғы сапта орын бола тұра артқы сапта тұру да — мәкруһ. Тек алдыңғы сапқа өту үшін басқа адамдардың мазасын алуға болмайды.
4. Сүннет пен фару намаздарының арасында сөйлеу де мәкруһ.
5. Жұқпалы ауруы бар адам мешітке келмеуге тиіс.
6. Мешітте бір нәрсені ішіп-жеу, ұйықтау — мәкруһ.
7. Мешітте сауда-саттық жасау — мәкруһ.
8. Мешітте жалған дүниелік әңгімелерді айту да сондай сипатта.
9. Кішкентай баланы мешітке алып кірудің де сипаты сондай. Мешітке кіретіндей жаста болсын.
10. Жамиғатқа үлгеру үшін мешітке жүгіріп келу де — мәкруһ.


04.10.2016 481
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA