03 декабря Суббота2:01
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Күзде бау-бақшаны күту

Күзде бау-бақшаны күту. 
Бағбандардың кеңесі.
 Фото: massaget.kz
Бағбандардың кеңесі.
Жеміс-жидектерді жинап алысымен-ақ, бау-бақшаны күтіп-баптау, жеміс ағаштарын отырғызу тәрізді қауырт жұмыстар басталады. Бағбандар бұл орайда мынандай ақыл-кеңестер айтады.
Жеміс беретін бауды күтіп-баптау. Жеміс беретін ағаштар отырғызылған жерді қара нар ретінде баптап, жаңбырдан және суарудан кейін қопсытып отыру қажеттілігі белгілі. Ал енді күзде жер қыртысын 12—15 см тереңдікте, діңінің айналасында 10—12 см тереңдікте жыртады. Ағаш маңайындағы арам шөптерді жұлып немесе шауып (маусым ішінде 5—6 рет) тастайды. Күзгі қопсыту кезінде әр шаршы метр жерге 3—4 кг көң, 40—60 г суперфосфат және 20—30 г хлорлы калий, ерте көктемде — азотты тыңайтқыш — бір шаршы метр жерге 40—60 г сульфат аммониясын енгізу қажет.
Жидек дақылдары. Қарақат және қарлыған. Қарақат ылғалды жақсы көретін, ыстыққа шыдағыш дақыл. Оны ойпаңға, дымқылы мол, жел соқпайтын жерге еккен дұрыс. Батпақты жер асты суы 1—1,5 метрден жоғары жер қарақат егуге жарамайды. Қызыл қарақатты және ақ қарақатты неғұрлым ашық алаңға еккен жөн. Отырғызу үшін тереңдігі 30—40 см, ені 50—60 см ор қазып, содан соң оның тереңдігінің ¾ бөлігін алдын-ала тыңайтқышпен араластырған құнарлы топырақты толтырады. Әрбір орға 1—2 шелек компост (шірінді не шымтезек), 150—200 г суперфосфат, 40—60 г күкірт қышқылды калий (20—25 г хлорлы калий немесе 30—40 г ағаш күлін алуға да болады) енгізеді.
Қарақат пен қарлығанды күзде де, көктемде де отырғызады. Орта белдеуде күзде (қазанның алғашқы жартысы) отырғызған жақсы нәтиже береді. Қарақат пен қарлығанның бұталарын бір-бірінен 1—1,5 м қатар, аралығын 2—2,5 м етіп отырғызу керек. Содан кейін топырағын тығыздап, жан-жағын биіктетіп шұңқыр жасайды да, оған 0,5 шелек су құяды, шымтезек пен шірінді салып тыңайтады. Құрғақшылық жылдары қарақат пен қарлығанды өсіп-өну кезінде 3—4 рет суару қажет. Бұталардың айналасын және қатар аралық жерлерді мезгілімен қопсытып (2—3 аптада 1 рет) арамшөптен тазартады.
Шырғанақ. Қос ұялы өсімдік, яғни бір шыбықта тек қана аналық бүршік, ал екіншісінде тек қана аталық бүршік болады. Әуелгі кезде олар бір-біріне өте ұқсас келеді. Ал жеміс берер кезде олар оңай ажыратылады: аналық шыбықтың бүршіктері неғұрлым жіңішке, ұзынша және әдетте қос қабыршақты; аталық шыбықтың бүршіктері ірі, жұмыр, бірнеше қабыршақты болады.
Әдетте 2 жылдық шыбықтарды бір-бірінен 3х2 м қашықтықта отырғызады. Шүңқырлардың тереңдігі де, ені де 50 см-ден кем болмауы керек. Шырғанақ жұмсақ, су мен ауа өткізгіш жерде жақсы өседі. Егер жер қатты, балшықты болса, өсімдік отырғызылатын шұңқырға жердің жоғарғы қабатының топырағымен араластырған 10—11 кг шымтезек салып, оған 40—60 г фосфорлы және 20—40 г калийлі тыңайтқыш қосады.
Отырғызылып болғаннан кейін топырағын нығыздайды да, жан-жағын көтеріп шұңқыр жасайды, сонан соң 1—2 шелек су құяды, сабағының айналасына 5—5 см қалыңдықта шымтезек не ағаш үгіндісін себеді. Өсімдік бойлап өскенде жерді қопсытып, арамшөптерін отап отырады.
Қара бүлдірген. Алғашқы жемісін қыс маусымынан кейін береді. Көктемде еккен бүлдіргеннен келесі жылы мол өнім алуға болады. Ол — көпжылдық. Жер таңдағыш дақыл, жарықты жақсы көреді. Оны егетін жер жазық, тегіс немесе сәл еңкіш, айналасы қысқы қарды көп ұстайтындай бұталармен, ағашпен т. б. қоршалған болуы тиіс. Жер асты судың деңгейі 0,1—1,0 метрден жоғары болмауы керек. Қара бүлдірген үшін балшықты жер қолайлы. Жер қыртысы сазды, топырақты болса, оған шымтезек сепкен дұрыс.
Қара бүлдіргенді күзде отырғызғанда учаскені алдын-ала өңдеп алып, қоректендіруді жемісті отырғызбастан екі жыл бұрын бастайды. Шымды сортаңды жердің әр шаршы метріне 5—6 кг көң, 40—60 г суперфосфат, 20 г күкірт қышқылды аммиак, 20 г хлорлы калий енгізіледі. Ал дән отырғызылған кезде әр шаршы метр жерге 3—4 кг көң енгізу керек. Қара бүлдіргенді қылқан тікенегі мен тұқымы арқылы көбейтеді. Отырғызу үшін ең қолайлы мерзім — ерте көктем (сәуірдің аяғы) не ерте күз (10—15 қыркүйекке дейін).

* * *

Қазір жекеменшік бау-бақшалар мен тұрғын үйлердің аулаларында жерді келесі жылға дайындау, сәбіз, қызылша, жуа тұқымдарын сеуіп, көктемде өнім ала бастауға дайындықтың жүріп жатқан кезі. Іске сәт, бау-бақша өсірушілер!


04.10.2016 489
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA