03 декабря Суббота2:00
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

Халық емінің шипасы

Халық емінің шипасы. 
Мың бір дертке дауа.
 Фото: КерекИнфо
Мың бір дертке дауа.
Шипасы мол халық емі барлық елде ежелден-ақ дамып, кеңінен тараған. Оның құдіреттілігі сол, дәстүрлі медицина жаза алмаған ауруларды емдеп, сауықтыруда атқаратын қызметі зор. Біз бүгін қазақтың халық емінде қолданылатын қарапайым да арзан емдеу тәсілдеріне тоқталмақшымыз.
Бүйректегі тас
Беліңіз, бүйіріңіз жаныңызды қоярға жер таптырмай ауырса, оның себебі – несептен түскен кристалдардан құралып, бүйрек қабығының іш жағында пайда болатын тас. Ол негізінен кальций тұзынан құралады да, уақытысында сыртқа шыққысы келеді. Және оның бұл әрекеті бірнеше сағатқа да, бірнеше күнге де созылуы мүмкін. Соны жеделдететін амалдар да бар.
* * *
Әлгі тасты бүйректе қуыққа тезірек айдап тастау үшін күн сайын кемінде 3 литр су ішіңіз. Зәр әбден түзсізденгенше ішесіз.
* * *
Бүйректің ауыруы шыдатпайтын кезде бақбақтан жасалған шайды неғұрлым көбірек ішіңіз. Ондай шайды дайындау үшін сол шөптің екі шай қасығын бір шыныаяқ қайнақ суға салып, 15 минут бұқтырыңыз.
* * *
Жүгері шашағынан жасалған шайдың күніне екі-үш шыныаяғын ішіңіз. Ол тастың түсірілуін оңайлатып қана қоймайды, сол тастың құралуының алдын алады.
* * *
Қатты ауырған кезде жүру қиын, бірақ, мүмкін болса, аз-аздап жүріп көріңіз.
* * *
Бүйректегі тас мазалай бастағанын сезген бойда сереное пальмасының жемісінен жасалған екі капсула (әрқайсысы 160 мг) дәрі ішіңіз. Тас бірден шықпаса сол дәріні күн сайын, тас шыққанша іше беріңіз.
* * *
Аурудың алдын алу үшін суды көбірек ішіңіз. Сол ауруға бейім адам күніне 8–10 шыныаяқ су ішсін.
* * *
Зәрдегі кальций деңгейін төмендету үшін натрий аз болатын диета ұстаңыз. Оны күніне 2400 мг-нан астам пайдаланбаңыз.
* * *
Күн сайын екі стақан мүкжидек шәрбатын ішіңіз. Ол ұнамайтын болса, тамақ жеген сайын стақанның үштен екісіндей апельсин немесе су қосылған лимон сөлін ішіңіз.
* * *
Магний бүйректе тас құрамының шоғырланбауына жақсы көмектеседі. Күніне соның 800 мг-ын ішіп тұрыңыз.
* * *
Калий мол жеміс-жидекті көбірек жеңіз.
* * *
Кофені азырақ ішіңіз, өйткені кофеин зәрдегі кальций деңгейін көтереді.

Асқазан қыжылы
Асқазан қышқылы өңешке өрлеп жетсе, қатты ашырқанатыныңыз сөзсіз. Бірақ мұның неге солай болатыны, бұлшық ет клапаны оны неге өткізетіні әлі белгісіз. Дегенмен, төмендегідей амалдар осындай жағдайда анық көмектеседі.
* * *
Қыжыл басталған бойда бір стақан суды тартып жіберіңіз. Ол қышқылды өңештен асқазанға қайта айдайды.
* * *
Жап-жаңа ұнтақталған зімбір (имбирь) тамырының бір шай қасығын бір стақан қайнақ суға бөктіріп, тұндырып алыңыз да ішіңіз.
* * *
Корица не кардамон шайы да жақсы. Олардың ұнтағының бір шай қасығын бір стақан қайнақ суға салып жақсылап бөктіріңіз. Тұндырып алып ішіңіз.
* * *
Емдік алтейдің тамыры қыжылдан құтылудың ежелгі құралдарының бірі. Ол өңештің қабырғаларында қорғаныш қабатын жасайтын жалқық шығарады, өңешке де сол керек. Алтей ұнтағының бір шай қасығын бір стақан суға араластырып, күніне үш-төрт рет жайлап ішіңіз.
* * *
Сілекей асқазан қышқылын аздап зиянсыздандырады. Сілекей молаюы үшін қантсыз сағыз шайнаңыз, ксилит қосылған мұзкәмпит сорыңыз не жақсы көретін тамағыңызды елестетіңіз.
* * *
Ас содасы да асқазан қышқылын залалсыздандырады. Жарты шайқасық содаға бірер тамшы лимон сөлін қосып, жарты стақан суға ерітіп ішіңіз. Лимон сөлі көмірқышқыл газының бір бөлігін аластау үшін қажет.
* * *
Сәбіз, қияр, қызылша сөлі сілтілер қатарына жататындықтан, асқазан қышқылын залалсыздандырады. Егер сөл шығаруға ерінсеңіз, оларды шикі күйінде жей беріңіз.
* * *
Қыжыл қатты мазаласа да жатпаңыз. Жердің тартылыс күші асқазан қышқылын төмен тартып тұрады.
* * *
Сол жамбасыңызбен ұйықтаңыз.

Іш өтсе
Тамақты қорытудың соңында бүйен нәжістен артық суды жұтып алады. Егер ол бұл жұмысын жөндеп атқармаса, нәжіс сұйылып, іш өтеді. Әдетте оның себебі – вирустық инфекция (соның ішінде ішек тұмауы), тамақтың зиянды микробтармен бүлінуі, кейбір тамақты (мысалы, сүтті) көтере алмау, т. б. Егер іш өту екі күнде тыйылмаса, ішектің бұзылу синдромы шығар деп күдіктенуге болады. Іш өту ұзақ уақыт тыйылмаса, бөбектер мен қарттардың өліп кетуі мүмкін.
* * *
Ішіңіз өте бастаса, негізгі міндет – ағзада ылғалдың азаюына жол бермеу. Егер үйде жататын болсаңыз, суды көбірек ішіп, іш өтудің өз-өзінен тыйылуын күтіңіз. Егер жүріп-тұруға тиісті болсаңыз, емделу жолдары басқа.
* * *
Қант салып қара шай ішіңіз. Су ылғалдың азаюын тоқтатады, шайда танин көп, қант натрийдің сіңуін жақсартады.
* * *
Ежелгі халық амалы – қара бүлдірген. Бір-екі қасық жидекті немесе құрғақ жапырағын 1,5 стақан суға 10 минут қайнатыңыз. Күніне бірнеше рет бір стақаннан ішіп тұрыңыз. Пакеттегі бүлдірген шайын сатып алуға да болады. Тек дәріханадан. Дүкенде хош иіс сіңірілген шай сатуы мүмкін. Қой бүлдіргеннің әсері де жоғарыдағыдай дейді көп адам.
* * *
Дәріханада сары тамыр (желтокорень) ұнтағы салынған капсула болады. Ол көптеген бактерияларды қырып салады. Күн сайын 125 мг-дық екі-үш капсула ішіңіз.
* * *
Іш қатты өтсе, су мен электролит (натрий, калий, хлорид) шығынының орнын толтырып отыру маңызды. Электролиттердің қалыпты шоғырлануы көптеген қызмет, соның ішінде жүректің жұмысы үшін маңызды. Электролиттік тамаша сусынды өзіңіз жасай аласыз. Бір литр суға жарты шай қасық тұз, төрт шайқасық қант ертіңіз де аздап апельсин, лимон сөлін қосыңыз. Тек тұз бен қант мөлшерін асырып жібермеңіз, бұл ылғалдануды асқынтып жіберуі мүмкін. Дайын сусынның күніне бір литрін ішіңіз.
* * *
Электролит шығынын тұзды минераль сумен қалпына келтіруге болады.
* * *
Іштің өтуі шамалы болса, газсыз лимонад ішіңіз. Газды болса шөлмек тығынын ашыңыз да, бірнеше сағат тоңазытқышта ұстаңыз. Әуелі бір-екі жұтыс ішіңіз, біртіндеп молайтыңыз. Бір сағат ішуге жарты литр жарайды.

Ұшық шықса
Бұл өзі оқтын-оқтын қозып кететін созылмалы инфекция. Тынышыңды алатын ұшық (герпес) өз-өзінен қайтады, сондықтан ең басты міндет оның мейлінше сирек оралуының қамын жеу.
Шұғыл көмек. Ұшық шыққан жерге мұз қойыңыз. Ол қабынуды кемітіп, ауруды уақытша басады. Мұны ұшық шығардан бұрын шаншитын жерге бассаңыз, тіпті жақсы. Аспирин ауруды жеңілдетеді. Күн сайын 125 мг аспирин ішіп тұрсаңыз, ұшықтың қайталануы азаяды. Бірақ оның кейбір ауруларға жақпайтынын ұмытпаңыз.
* * *
Ұшық шығудағы досыңыз уақыт пен лизин дейтін амин қышқылы. Ұшық қаптап кетсе күніне оның 3000 мг-ын ішіңіз.
* Лимон етін пайдаланыңыз. Оның эфир майы ұшықтың көбеюіне жол бермейді.
* Ұшық шыққан жеріңізді күніне 10 рет мирра ерітіндісімен сылаңыз.
* Шай ағашының майы мен зәйтүн майын бірдей мөлшерде араластырып, ұшыққа күніне екі-үш рет жағыңыз.
* Жаңа ұйыған айран ішіңіз.
* * *
Ұшық асқына түскен кезде күніне 4 рет эхинацеяның бір капсуласын ішіңіз (300 мг). Күн сайын 1000 мг (бірнешеге бөліп) кверцетин биофиавонойдын ішіңіз. Бұлар иммунитетті күшейтеді. Эхинацея да, кейінгісі де дәріханаларда сатылады.
* * *
Күлдіреген жер басылып, құрғай бастаған кезде оған вазелин жағыңыз. Сонда ол жарылмайды, қан ақпайды. Бірақ вазелин бар құтыға вирус енгізбеңіз, вазелинді саусақпен алмаңыз, оны бір шөкім мақтамен алыңыз, пайдаланған соң оны дереу құртыңыз.
* * *
Ұшық вирусы жылына үш реттен артық қозатын болса, оның алдын алу үшін тәулігіне 500 мг лизин ішіңіз.
* * *
Шоколадты, коко-кола мен пепси-коланы, сыраны, бұршақты жаңғақтың барлық түрін, желатинді, бітеу қуырылған дәнді мейлінше аз пайдаланыңыз. Күн сайын 15 мг мырыш (цинк) ішіңіз. Ол иммундық жүйені, еріннің шырышты қабығын, ауыз қуысын нығайтады.
* * *
Ұшық шыққанда қолыңызды көзіңізге апармаңыз. Өйткені вирусты кератит жұқтырып, көруіңіз қатты нашарлайды.
* * *
Редакциядан: Бұл халық емінің шипалы шаралары, дәрігерлік ақыл-кеңестер медициналық ғылыми басылымдар бойынша әзірленді. Жоғарыдағы емді қолданар алдында өзіңіздің дәрігеріңіздің келісімін алып, пайдалансаңыз ғана ол шипалы да қауіпсіз.


11.10.2016 618
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA