04 декабря Воскресенье8:15
Астана
°C
Текущий номер
№ 46 Пятница
25.11.2016 г.
Присоединяйтесь к нам в социальных сетях
Спасибо, я уже в группе

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.
 Фотосуреттер автордыкі
Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.
Ұлттық музейдің алтын және күміс бұйымдарының топтамасы» және «Ұлттық музей топтамасындағы қазақтың зергерлік өнері» атты екі каталог «Қазына» сериясымен басылып шығарылды.
Салтанатты түрде тұсауы кесілген каталогтарға Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозициясында маңызды орын алатын көне заманның теңдессіз жауһарларының суреттері топтастырылған. Бұдан бөлек тұсаукесер рәсіміне арналған арнайы ашық хаттар да жарық көрді.
«Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты халқымыздың ұлттық мұрасы болып табылатын алтын мен күмістен әзірленген түрлі зергерлік бұйымдарды топтастырып иллюстрациялы каталог шығару арқылы Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлардағы тарихы мен мәдениетіне қатысты деректерге көз жүгіртіп, толыққанды талдау жасап, ғылыми айналымға енгізбек ниетте.
Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай каталогты құрастырған «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне алғыс білдірді. «Қазақ тарихында зергерлік өнердің орны мүлде бөлекше болған. «Зер» сөзі парсыша «алтын» деген мағына береді. Дәстүрлі қолөнер шеберлері біздің тарихымызға көшпенділер салтында ер-әйел, үлкен-кішінің өз дәрежесін, жасын, ортасын белгілейтін айқын мұраларын қалдырды», – деп жарық көріп отырған каталогтардың тарихи маңызына да тоқталып өтті.
Тұсаукесер рәсіміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсенбай Жұмабеков, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай сынды т.б зиялы қауым өкілдері қатысып, өздерінің құттықтау лебіздерін білдірді.
Алтын мен күмістен жасалған бұйымдар топтастырылған бұл каталогтар қола дәуірінен орта ғасырларға дейінгі жәдігерлермен танысуға мүмкіндік береді.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық музейінде қос бірдей каталогтың тұсаукесері өтті. Шара музей жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының бастамасымен ұйымдастырылды.




09.09.2016 763
Еще материалы:
Оставить комментарий
CAPTCHA