АСТАНА АЙНАСЫ

Ғашықтар күні қажет пе?.

Ғашықтар күні қажет пе?

Қазақ – ойын-тойды сүйетін, оны мәнді де сәнді етіп өткізе алатын халық. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімде нарық қатты қы-сып тастаса да кей өңірлерде атақты ата-бабаларымыздың торқалы тойын, асын орынсыз мал шашуға, билік пен байлық салыстыруға, сөйтіп, атақ-даңқымызды асыратын мақтанышқа айналдырып ал-ғанымыз да ақиқат. Енді қа-рызға белшемізден батып тұрсақ та, дәулеттілерден, банктерден несие, қарыз алып мейрамханаларда қайтыс бол-ған туыстарымызға ас бере-тін, үйлену тойларын, туған күн кештерін өткізетін бол-дық. Мереке, ойын-той аздай-ақ, тіпті «Елімізде ғашық-тар күні неге жоқ?», «Біздің мамандықтың ресми мереке күні неге белгіленбеген?» деп те, әрқайсымыз орынды, орынсыз ұсыныстарды айтып, даурығыса бастадық. Арнайы түрде елімізде «От-
басы күні», «Аруақтарды еске алу күні», «Ғашықтар күні» белгіленбегендіктен бе, қазір адамдардың арасында бұл күндер туралы әрқилы пікірлер, салт-дәстүрлер қалып-тасқан. Мысалы, кейбір адамдар Құрбан айттың алдындағы күнді «Ішек» деп атап, сол күні өз мүмкіндіктерінше аруақтарға құрмет көрсетіп жатады. Кейбір адамдар «Рес-публикамыз бойынша аруақтарды еске алу күнін жариялау қажет. Сонда адамдар ұйымдасқан түрде зират қорымдарына барып, оны баптап – күту жұмыстарымен айналысар еді» деп ой айтады. Бәрі дұрыс-ақ шығар. Алайда аруақтарға құрмет көрсету арнайы бір күнмен ғана шектеліп қалуға тиісті ме. Егерде аруақтарды еске алу күні белгіленбесе, біз қайтыс болған ата-бабамызды, аруақтарды еске алмай қоямыз ба?

Қазақстанда «Отбасы күні» деген арнайы түрде атап өтілетін мереке, мезгіл жоқ. Ал христиандарда «Ата-аналар күні» (Родительский день) бар. Біздің кейбір ағайындар соны «Отбасы күнімен» айырбастап алған тәрізді. Бұл күні орыстар жұмыстан босап, қайтыс болған ата-ана, туыстарының бейітінің басына барып, оны күтіп-баптап, соңынан дастарқан басына жиналып, арақ-шарап ішсе, біздің кейбір қазақтар да бұл күні жұмысын қойып, бейіт басына барып, егерде әке-шешесі тірі болса, солармен жүздесіп, «Родительский день» шараларын өткізіп жатады. Сізге өтірік, маған шын, менің сондай қазақ көршілерім бар. Бұл не, өзгелердің наным-сенімдері мен салт-дәстүрлеріне еліктеу ме? Әлде біздің басқа халықтармен (діні, тілі бас-
қа) жанымыздың, қанымыз-дың, тіпті сана-сезіміміздің де біте сіңісіп бара жатқаны ма?
Мұның бәрі аздай-ақ, енді біз-дің ұл-қыздарымыз, іні-қарын-дастарымыз жыл сайын «Әулие» Валентин күнін» төл мерекелеріндей тойлап өткізетін болды. Бұл әсіресе, мектеп, жо-ғары оқу орындарында айрықша сипат алып отыр. Алайда, бұл күнді ғашықтар мерекесі ретінде қабылдағысы келмейтіндер Наурыз мейрамы қарсаңындағы күнді «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні» немесе «Ғашықтар күні» деп белгілейік деп жар салуда. «Ғашықтар аллеясын» жасау, «Ғашықтар күнін» белгілеу жастар үшін қажет те шығар. Ал бұл мерекенің, аллеяның тәлім-тәрбиелік мәні, маңызы бар ма? Біз осы мәселелерге байланысты бір шешім қабылдасақ, бір іс-қимыл жасасақ, ең бірінші, сол туралы ойланғанымыз абзал.

Ал енді «Әулие» Валентин деген кім, неге Валентин күні қазақтар үшін ғашықтар күні болуға тиісті? Біз мұны талай жастардан сұрағанбыз. Олар ешқандай дәлел, дерек айта алмағандықтан, біз енді бұл тақырыпта өзіміз түсінік беруді жөн көріп отырмыз.

Ақиқатын айтар болсақ, бұл католиктік мейрам. Оның қазақтар үшін ғашықтар күні болуға ешқандай реті жоқ. Біздегі деректер бойынша, «Әулие» Валентин күнін Батыс Еуропа ХІІІ ғасырдан бе-рі, АҚШ 1777 жылдан бастап мерекелеуде. Оның Ресейге келген кезі – 1990 жылдың басында. Христиан діндарларының аңыздарында үш Валентин туралы айтылады. Бі-
ріншісі - Рим императоры Юлий Клавдийдің сарбаз-дардың үйленуіне тиым салған заңын бұзып, некелескені үшін өлім жазасына бұйы-рылған адам. Ал осы оқиғадан 200 жыл өткеннен кейін екінші император Геласиустің шешімімен «Әулие» Валентин күні мерекеленген.
Екінші бір діни аңызда Валентиннің дін қызметкері екендігі, христиандарға кө-мектескені үшін түрмеге қа-малғаны, осында жатып оның түрме қызметкеріне ғашық болғаны, оның жазаға тартылып, басының шабылғанды-ғы айтылады. Ал енді үшін-ші Валентин ешкімге ғашық болмаған. Христиан дінінің қызметкері болған оның не үшін жазаланғаны белгісіз. Тек ол өлім жазасына кесілгеннен кейін «Әулие» деп жарияланған. Мінеки, көрдіңіз бе, қайдағы бір католиктер мейрамы біздің қазақ жастарының да соқыр сенімдері бойынша «Ғашықтар күні» болып тойланып жүр. Ал оның қазақтардың ғашық-тар күні болуына ешқандай қатысы жоқ.
Осы орайда бізді талай қаракөз қарындастарымыздың «Бір сәттік махаббат көбелегіне» айналып, тә-нін сатып жүргені, елімізде жезөкшеліктің тамырын те-реңге жайып, тірідей жетім тастанды балалардың, некеге тұрып, қосылудан гөрі некеден шығып, ажырасудың көбейіп бара жатқан-дығы қатты толғандырады. «Ел боламын десең, бесі-гіңді түзе» демей ме бабаларымыз.

«Ғашықтар күні» қажет» - деп қызылкеңірдек болғаннан гөрі «Бізге берік отбасы қажет» деп неге алтын шаңырағымыздың береке-бірлігі үшін күреспейміз, ағайын?!

Мақсат НАУАНҰЛЫ.

9148
(Голосов: 6, Рейтинг: 2.95)
Поделиться:
INFOPAINTING