АСТАНА АЙНАСЫ

Бес парыздың екіншісі – намаз оқу

Намаз уәжіптері

1. Фатиха сүресін оқу.
2. Қосымша сүре немесе кемінде 3 аят оқу.
3. Фатиха сүресін қосымша сүренің алдында оқу.
4. Алғашқы 2 рәкағаттағы қирағат.
5. Намаз ішіндегі парыздарды толық орындау.
6. Үш немесе төрт рәка-ғаттан тұратын намаздың алғашқы үш рәкағатынан кейін Ташаһһуд дұғасын оқуға отыру.
7. Алғашқы және соңғы қағдада Ташаһһуд (Әттахиат) дұғасын оқу.
8. Намаз соңында сәлем жасау.
9. Үтір намазында Құнут дұғасын оқу.
10. Екі айттың қосымша тәкбирлері.
11. Имамның таң, жұма, екі айт, тарауих, Рамазан айындағы үтір, ақшам мен құптан намаздарының алғашқы екі рәкағатында қирағатты дауыстап оқуы.
12. Имамның бесін, екінті, ақшам мен құптан на-маздарының соңғы рәкағат-тарын іштен оқуы.
Ескерту: Намазхан біле тұра намаз уәжібін орындамаса, намаздың қайта оқылуы – шарт. Ал жаңылысып, ұмытып қалып орындамаса, сәһу сәжде жасау – уәжіп.

Намаз сүннеттері

1. Намаз оқуды бастарда тәкбір тахрима (Аллаһу әкбар, деп айту) үшін ер кісінің екі қолын құлағының тұсына («Хидайа» атты кітапта екі құлағының сырғалығына тигізеді деп айтылған), ал әйел адамның екі қолын желкесінің тұсына дейін көтеруі.
2. Тахримадан кейін Суб-ханәкә дұғасын оқу.
3. «Ағузу билләәһи минаш-шайтанааир – ражиим» айту.
4. «Бисмилләәһир рахманир рахиим» деп айту.
5. Әмин.
6. Тасмиғ – «Самғиаллаһу лимәнхамидоһ» - деп айту.
7. Тахмид – «Раббәнәә ләкәл хамд» - деп айту.
8. Қиам, қағда, руқуғ және сәжде жасарда тәкбир «Аллаһу әкбар» деу.
9. Тасбих-сәждеде «Суб-хаанә раббиәл – ағләә», руқуғта «Субхаанә Раббиәл-ғазиим» айту.
10. Руқуғта тізесіне екі қолымен таянғанда саусақ-тарының арасын ашып ұстау.
11. Екі қағдада (отырыс) және екі сәжде арасында сол аяғын төсеп, үстіне отыру, оң аяғының қадамын тіке етіп, аяқ саусақтарын басып, құбылаға қарату.
12. Отырғанда қолын саны-ның үстіне қою.
13. Парыз намаздарының соңғы рәкағаттарында қирағат ету (яғни, тек Фатиха сүресін оқу) – сүннет. Ал парыздардан басқа намаздардың барлық рәка-ғаттарында – шарт. Имам тәкбирлерді, тасмианы, тасминді (сәлемді) дауысын шығарып айтуға тиіс.
14. Соңғы отырыста Әттахиатты оқып, Ұлық Пайғам-барымызға (с.ғ.с.) салауат айту.
15. Ташаһһудта саусақпен ишара жасау.
16. Дұға оқу.
17. Оңға, солға қарап сәлем беру. Яғни, «Ассалә-әмуғаләйкүм уа рахмәтуллаһ» деп айту керек.
18. Имамның қорғаушы періштелерді, соңындағы жама-ғаты ниет етіп сәлем беруі.
19. Жамағатпен намазды имамның бір жағында отырып оқыған адам имам отырған жаққа, имамның тұсында отырып оқыған адам екі жағына қарағанда да имамды ниет етіп, сәлем беруі – сүннет.
20. Имамға ұюшы екі сәлемінде де періштелерді, өзімен бірге ұйығандарды ниет етеді.
21. Намазды жалғыз отырып оқыған адамның екі сәлемінде де тек періштелерді ниет етуі сүннет.

Намаз макруһтары

1. Үстіндегі киімімен немесе бір ағзасымен ойнау.
2. Саусақтарының буындарын сытырлату немесе оны бір-бірімен айқастыру.
3. Қолын көкірегіне қою.
4. Киімін жерге жаю немесе жерден жию.
5. Шашын тарау.
6. Мойынын оңға, солға бұру.
7. Ит сияқты аяғын айқас-тырып отыру.
8. Екі шынтағын сәждеде жерге тигізу.
9. Сәлемге жауапты қол-мен қайтару.
10. Себепсіз малдас құрып отыру.
11. Мұрнынан, маңдайы-нан топырақ сүрту.
12. Қирағатқа кедергі жасайтын бірдемені аузына салып тұру.
13. Жалбарыну сипатынан айыратын бір іс жасау.

Намаз әдептері

1. Иқамат айтылғанда қолды жеңнен шығарып тұру.
2. Намазда тұрғанда сәж-де жасайтын жайға, руқуғта аяқтың ұшына, сәждеде мұрынның үстіне, отырғанда екі тізесінің арасына, сәлем бергенде екі иығына қарау.
3. Шамасы келгенше жө-телмеу.
4. Есінегенде аузын жабу.

Намазды бұзатын амалдар

1. Намаз үстінде ішіп-жеу (ұмытып кетіп істесе де).
2. Көп амал жасау (орынсыз көп қимылдау).
3. Намазда әдейі дәрет сындыру.
4. Жан-жағына аттау.
5. Құбыладан басқа жаққа кеудесімен бұрылу.
6. Есінен тану.
7. Жындану.
8. Жамағатпен оқылатын намазда (жамағат намазда) ер мен әйел бір қатарда, ортадағы бөліксіз (тосықсыз) тұру.
9. Намаз ішіндегі парыздың бірін әурет жері ашық немесе нәжіспен атқару.
10. Өзі еститіндей дәре-жеде болса да дыбыстап күлу.

13516
(Голосов: 9, Рейтинг: 3.28)
Поделиться:

Купить букет цветов доставка букетов

Интернет-магазин цветов. Салон цветов

king.vl.ru