АСТАНА АЙНАСЫ

Жұлдызнама бойынша

Қызметтегі өсулер мен жетістіктер адамның жұлдызнамасына да байланысты екен. Жұмысыңыз жалықтырса немесе қызмет бабында сәтсіздіктер мен келеңсіздіктерге жиі ұрынып жүр-сеңіз, онда сіз дұрыс таңдау жасамаған боларсыз. Жұлдызнама бойынша қай мамандыққа бейім екеніңізді білесіз бе? Ендеше:
Тоқты – қызық пен жаңалыққа жаны құмар. «Қиындықтың бәрінен тез құтылу керек» деген ұран-ды ұстанады. Басқаруды, ұйымдастыруды жақсы көреді. Олардан әскери және заң қызметкерлері, қолы жеңіл оташылар шығады. Жазушылық пен шешендік те, осы белгіде туғандарға тән. Журналистика, теле-радио саласында жақсы жетістіктерге жетуі мүмкін. Бірақ олардың бастаған ісін аяқтауға шамалары жетпейді.

Торпақ – жұмысын сирек ауыстырады. Олардың арасында сазгерлер мен әртістер көп. Ғажап кәсіпкер болуы да мүмкін. Олар асықпайды, алайда сенімді түрде дегеніне жетеді. Есеп-қисабы көп жұмысты да дөңгелетіп әкете алады. Жерді, табиғатты сүйген- діктен, көбінесе ауыл шаруашылығына байланыс- ты мамандықтарды таңдайды.

Егіздер – жігерлі, тез шешім қабылдайды, бәріне қабілетті. Олар – теңдесі жоқ зергер, тігінші, тіс дә- рігері, поэзияға, өнерге құмар жандар. Бірақ адам-ның тілін таба алатын егіздердің сауда-саттықта да жолы болады. Шаяндар – тамақ өнеркәсібіне деген қызы-ғушылығы басым, тағамды дәмді әзірлейді. Олар – үйдің көркі. Бұл белгіде туған әйелдер – жақсы дизайнер, мейірімді ана, ұстаз. Балалармен жұмыс жасағанды көңілі қалайды. Шаяндардың арасын- да шығармашылық адамдары баршылық. Олардың байлығы – сұлулық. Көңіл-күйдің адамы болған- дықтан, Шаяндарға өздері ұнатпайтын, қанағат-тандырмайтын іске араласпағандары жөн. Арыстан – билік жүргізу үшін туған. «Сахнаның артындағы» рөлге олардың көңілі толмайды. Қо-шеметті, ықыласты жақсы көреді, сол үшін жанын салып жұмыс істейді. Сүйікті ісі – театр. Арыстан үшін бүкіл өмір – үлкен сахна. Олар тың идеяларға бай жандар.

Бикеш – редакторлық және зерттеу жұмысына бейім жандар. Бикеш жұлдызындағылардың көп-шілігі жазумен айналысады. Өте зейінді бикештерден дәрігерлер, мұғалімдер, дәріхана және сервис қызметкерлері шығады. Жауапкершілігі мол, қате-лік жасамайды деуге болады.

Таразы – адвокат, діни қызметкер болады. Олардың өмірінде сұлулық үлкен беделге ие. Бұл жұлдызда көптеген әртістер, суретшілер дүниеге келген. Тартымды, таразылар адамдармен тез араласып кетеді, бірақ жұмыс орнының жағдайы әсер етпей қоймайды. Лас жерде жұмыс істеу олар үшін тозақпен тең.

Сарышаяндар – бір-біріне ұқсай бермейді. Сондық- тан оларды қызықтыратын ортақ істі бөліп айту оңай емес. Олар қиындығы мол күш-жігерлі, батылдықты талап етеін жұмыстарды тәуір көреді. Техника, физика, химия зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге қызыға кіріседі. Психолог немесе оташы болуы да мүмкін. Жақсы спортшы да – Сарышаяндардың арасында көп кездеседі. Мерген – терең ойлы жандар. Бұл жұлдыз көп-теген философтар мен ойшылдарды өмірге әкелген. Жан-жануарды жақсы көргендіктен, мал дәрігері болған оң жанбасына оңтайлы. Еркіндікті сүйеді. Саяхатқа шығып, ел аралау – сүйікті ісі. Мекен жайын жиі ауыстырады.

Тауешкі – белгісіндегілер өте еңбекқор. Соның арқасында жақсы кәсіпкер бола алады. Олар сәулет өнеріне бейім. Техниканы бүге-шүгесіне дейін біледі. Тауешкі үшін қызмет ауыстырмау – үлкен жетістік. Суқұйғыш – олардың арасында ақылдылар өте көп. Кез-келген қызметте жетістікке жетері сөзсіз. Талғампаз Суқұйғыштарда әртіске тән қасиет бар.

Су құйғыш – жетістіктің белгісі. Бірқалыпты жұмыс-тан бойын аулақ салған жөн. Саясатта, қоғамдық жұ- мыстарда өзін бақытты сезінеді.

Балықтар – екі бағытта жүзген екі балықты бейнелейді. Бір бағыттағылар мақсатына жетуге асығатын, тырысатын болса, екінші бағыттағылар – арманшыл, қияли. Балықтардың өмірінде өнер үлкен мәнге ие. Бұл жандардың түсініктері мол және сезімтал. Олар- дан жақсы дәрігерлер, әсіресе психиатрлар, мұғалім- дер, қоғам қайраткерлері шығады.
Аталардың ақылы бойынша

Бас терісі қалың адам – ұйқышыл.
Шашы қатты кісі – қайратты.
Желкесі шұқыр адам – кесір.
Бойы ұзын адам – ақкөңіл.
Беті сұлудың сөзі сырдаң.
Қалың қабақты кісі – дөң, бүкпе мінезді Ерні жұқа кісі – сөзшең.
Көзі кішкене кісі – қу.
Көзі үлкен адам – қорқақ.
Көзі көктің былшыл сөзі көп.
Саусақ саласы ұзын кісі – береген, саусақ саласы қысқа кісі – сараң.
Алақаны үлкен кісі – алымсақ.
Қалқан құлақ – сөзге ергіш.
15.05.2009 1 35820
Поделиться
(Голосов: 143, Рейтинг: 3.92)