АСТАНА АЙНАСЫ

Дұрыс тамақтану дәстүрі. Аурудан қорғап, өміріңді ұзартады

Дұрыс тамақтану дәстүрі

Аурудан қорғап, өміріңді ұзартады
(Соңы. Басы газетіміздің өткен нөмірінде).

Сексуалдық әсері бар тағамдар Құс жұмыртқасы Піспеген күйінде ішкен кезде жақсы әсер беретін- дері: тауық, көгершін жұ-мыртқасы. Егерде тамаққа торғай жұмыртқасын түйе- нің сүтімен ішсе, ер адам-дардың эрекциясын көтере- ді. Осы бағытта тамақ құра-мына майға пияз қосылып қуырылған жұмыртқаны да енгізген пайдалы. Жас жануарлар еті Ол сәл-пәл шикілеу піссе еркектің күшін арттырады. Сондай-ақ еттен дайындалатын «Қарақаттағы кез- десу» атты да тағам бар. Оның жасалу тәсілі төмен-дегідей: 100 грамм сиыр еті, 1 сә- біз, 1 пияз, 1 репа, 2 картоп, 1 ас қасық қарақаттың май-даланған құрғақ жапыра-ғын алыңыз. Тазартылған көкөністерді майдалап ту- раңыз. Кастрюль түбіне кар- топ түйірлерін, үстіне си-ыр етін, үстіне қалған кө- көністерді саласыз. Көкө- ністер батқанша қайнаған суды құясыз да үстіне қа-рақаттың кепкен жапыра- ғын салып, 8-10 минут жайлап қайнатасыз. 10-15 минут суытасыз.

Қышқыл қырыққабат Американ диетологтары
еркектерге күніне 3 рет қышқыл қырыққабат жеуді ұсынады. Олардың зерттеулері бойынша еркектер-дің 90 пайызы өздерінің сексуалдық өміріне осы та- ғамның жақсы әсер бергендігін айтқан. Ал енді асы- ғыс желінетін, көше таға-мы болып саналатын гамбургерлер еркектердің жы- ныстық қызығушылығын тө- мендетеді.

Түріктердің сексуалдық тағамы
4 шағын камбаланы ала- сыз, 4 ас қасық кілегей, 4 жұмыртқаның сарысы, 1 стақан ұн, 300 гр сары май, 2 сәбіз, аскөк, 2 пияз, аз ғана селдерей жапырағы, дәміне қарай тимьян қосасыз.

Балықты сүйегінен тазартасыз, ол сүйектерді жидектермен қосып 5 стақан су-да қайнатасыз, ұнды шағын табада 200 гр майға қуыра-сыз, сүйек қайнатылған су тұнбасын және жидектерді қуырылған майға қосасыз. Сосын табаны оттан аласыз. Жұмыртқаның сары-сын кілегеймен араласты- рып былғап тұздыққа қоса- сыз. Камбаланың етін қал-ған майға қызарғанша қуы- рады. Дастарқанға қоярда қара уылдырықпен әсем-дейсіз.

Аптасына бір жеңіл тамақтану Әр апта сайын кемі бір
күн жеңіл-желпі тамақтану- дың шапағаты зор. Тәсіл- дер әрқайлай, тәулігіне тек қана 5 стақан сүт немесе 1 күріш пен алма (күні- не үш рет), 1 стақан сүт-ке 25 г. күріш есебінен жа- салған ботқа және 800-900 г. алма жеу, жеміс - көкөніс (15 кг түрлі жеміс, көкөністі күніне 4-5 рет бө-ліп жеу). Жемістердің онша тәтті емес, қышқылтымдау болғаны дұрыс. Сондай-ақ, тек айран, сүзбе жесе де бөтендігі жоқ. Қайталап ес- ке саламыз: аталмыш та-ғамдарды біз ұсынғандай мөлшерде қабылдау керек. Қайсы қолайлы екенін Сіз-дің тәбет-ықыласыңыз біл-сін.

Тағамның адам мінезіне әсері
Адамның мінезіне жеген асы белгілі бір мөлшерде әсер етеді. Тіпті, етін жеген малдың кейбір мінездерін адамның өз бойына сіңіріп алуы мүмкін. Өздеріңізге бел- гілі, доңыздың торайларын тапқаннан кейін құтырынып кететіні, оны торайынан ажы- ратып алмаса, жеп қоятыны.

Доңыз тышқан, көртышқан-дармен де қоректенеді. Ол өзінің ұрғашысын қызғанбай- ды. Сол себепті доңыздың етін жейтіндердің бойында жарына, анасына деген бөг- де еркектің арам пиғылына қарсы намыс, қызғаныш се- зімі біртіндеп жоғала бас-тайды. Доңыз етін жеушілер түрлі ауруларға жиі шалдық-қыш. Және де доңыздың ге-номы адам геномына өте ұқ- сас, ішкі ағзалары да адам-ның ішкі ағзаларындай, те-рісінің құрылсы адамдардың терісінің құрылысындай. Доңыз, ұрлық малдың еті, өлексе, жыртқыш хайуандар – харам. Оны тыңдамай же-гендердің де жаны мен тә- ні арамданып, адамның жан-дүниесі жаман өзгеріске тү-седі.
«Ауру – астан», - дейді...

Сапалы өнімдерден пісіру, қуыру технологиясын сақтай отырып әзірленген дәмді та-ғамдарды белгілі мөлшерде, тамақтану тәртібімен ішіп-жеудің зияны жоқ. Керісін- ше, оған мән бермесең, ол-түрлі ауру көзі. Өйткені, ға- лымдардың дерегіне сәйкес, жасы 30-35-тен асқан адам- дардың 80-90 пайызы асқа-занның түрлі ауруымен ауыр- са, соның көбі дұрыс тамақ-танбау салдарынан.

Шамамен жыл санауымыздан ХІ ғасыр бұрынғы Тибет медицинасының өзінде-ақ емшілер асқазан ауруына байланысты «Барлық аурудың қақпасы – ауыз» деген тұжы- рым жасаған. Асқазан қыз-метінің нашарлап, тамақтың дұрыс қорытылмай, әртүрлі аурулардың пайда болуына басты себептер: тамақтану тәртібін сақтамау, бей-бере- кет, не болса сонымен тамақ-тану, майлы, ащы, қышқыл-ды тағамдарға әуес болу, та-мақты толық шайнамай жұту, көкөністер мен жеміс-жидектерді жумай жеу, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс жиі және көбірек ішу, нашаға құмар болу, дәрі-дәрмектер-ді ретсіз пайдалану. Тамақты өте ыстық, не өте салқын ішу де қарынға зиян.

Кейбір адамдар тістерінің кем-кетіктігінен немесе асы- ғыстықтан тамақты толық шайнамай, жұта салады. Мұндай асты қорытуға асқазан сөлі-нің шамасы келмей, асқазан бүрлері үлкен «күйзеліске» түсіп, тітіркенеді. Қарын жә-не ішек жолдарындағы шырышты қабық жарақаттана- ды. Бұл тәннің өзге ағзала-рына да ықпал етіп, олардың қызметін әлсіретеді. Әсіресе, бұдан жүйке-психикасына за-қым келеді. Асқазаны науқас адамдар спирт ішімдіктерін көбірек ішіп қойса, ұйықтап жатқанда өліп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдай «созылмалы алкогольдік гастритпен» ауыратын адамдарда жиі кездеседі. Ғылыми болжамдар бойынша, аштық, семіздік, қанда холестериннің көбейіп кетуі, қан қысымының көтерілуі, мик-роқорек заттардың тапшы- лығы сияқты денсаулыққа қауіп төндіретін 10 фактор-дың жетеуі дұрыс тамақтан- баудан. Академик Төрегелді Шармановтың мәлімдеуінше, ауру атаулының 70, өлім-жітім атаулының 60 пайызы дұрыс тамақтанбаумен тікелей байланысты.

Есте сақтайтын ескертулер Тамақта белоктың жетіс- пеуі баланың дамуын күрт тежеп тастайды, ересек адам-дардың денсаулығын едәуір бұзады: еңбек қабілеті нашарлайды, ағзаның тұмауға, басқа да жұқпалы ауруларға қарсылығы кемиді. Жануарларға жасалған тә-жірибе баланстанбаған, теріс тамақтану (рациондағы та-мақтық заттардың сапалық және сандық арақатынасы-ның ағза қажетіне сәйкес келмеуі), тамақта белок пен холиннің жетіспеуі қатерлі ісіктердің дамуына соқтыруы мүмкін екенін көрсетті.

Дене салмағының шамадан тыс молдығы адам өмірінің ор- таша ұзақтығын едәуір қыс- қартады. Семіздіктен зардап шегетін адам салмағы қалып- ты адаммен салыстырғанда шамамен 7 жыл аз жасайды. Жарты литр сүт немесе 100 грамм сыр ересек адамның кальцийге деген тәуліктік қа-жетін қанағаттандырады.

Адамның тәуліктік қажеті – 0,1 – 0,2 миллиграм йод. Йодтты тұздар салыстыра ал-ғанда теңіз өнімдерінде көп. Рахит – күннің сәулесі түс-пейтін қараңғы, сыз жертө-леде тұратын балалардың көп тараған ауруы. Тамақ жеуге тек көңіл-кү-йіңіз жақсы кезде кірісіңіз. Ашулы, абыржулы күйде жеген тамақтың пайдасы шамалы. Асты тек бір рет қана жейтіндей етіп даярлаңыз. Бірнеше сағат тұрып қалған та- мақтың құнарлығы жойылады.

Сусынды тамақтан 10-15 минут бұрын, ал тамақтан кейін 1,5 – 2 сағаттан соң ішу керек. Сонда тағамды аз мөлшерде жесеңіз де тойып қаласыз.

Жас ұлғайған сайын жейтін тағам мөлшерін азайтып, қимыл-қозғалысты көбейте түскен жөн. Тағамдық аллергия Оның таралуына мынандай факторлар басты себеп:

1. Науқастың өзінде, туыстарында аллергияға тектік бейімділік. Мұндай науқастар – 1 пайыз. 2. Әйелдің жүкті кезінде дұрыс тамақтанбауы (балық-ты, жұмыртқаны, шоколадты көп жеу) – 3 пайыз. 3. Сәбиді емшектен ерте суалту, жасанды тамақтандыру, сәбидің жасы мен салмағына тағамның сәйкес келмеуі – 8 пайыз.

4. Асқазан – ішек жолының қабынуы.
5. Иммундық механизмсіз тағамдық аллергия (тағам қа-былдағанда байқалады).
Тағамдық аллергияның дамуына жағдай жасайтын факторлар – ас қорыту ағзалары тарапынан анатомиялық, фи- зиологиялық және иммуно-логиялық факторлар болып табылады. Сонымен қатар мы- нандай жағдайлар да әсер етеді:
1. Ақуызды тағамдарды ша- мадан тыс қабылдау;
2. Тағам өнеркәсібінде консерванттар қолдану;
3. Ішек құртының өршуі;
4. Азық-түлікке улы химия-лық заттардың араласуы.
Тамақтан уланудың алдын алу Тамақтан уланудың алдын
алуда тұтынушылардың сау- аттылығы мен жеке гигие-налық тәртіпті қатаң сақтау өте маңызды. Түрлі аурулар- дан сақ болу үшін, мына жағ-дайларды есте ұстау қажет:
* Азық-түлік өнімдерін кез-келген жерден, яғни қолдан, жерден, базар кіреберістерінен сатып алмаңыз. * Азық-түлік сатып аларда сапасын анықтайтын құжатты талап етіңіз.
* Өнім сапасын сату орнынан алысқа ұзамай неме- се үйге келген соң дереу тек-серіңіз. Кері қайтаруға кеш болып қалмасын.
* Жеміс-жидекті пайдала-нар алдында әбден жуған аб- зал. Сатып алған жерде ба-лаларға бермеңіз.
* Суып қалған тағамдар- ды (бәліш, самса, котлет т.б.) жемеген жөн. Қызметшіден ысытып беруін талап етіңіз. Ал бұл тағамдардың ашық күйде сақталғанын көрсеңіз мүлдем бас тартыңыз.
* Түрлі қалбырланған та-ғамдарды сатып аларда алдымен олардың қақпағына қа-рау керек, үстінен саусақпен басқанда дыбыс шықса, жел кірген болса алудың қажеті жоқ.
* Қораптағы азық-түлік-терде міндетті түрде сақтау мерзімі көрсетіледі. Осы мер- зім өтіп кеткен жоқ па, тек-серіңіз.
* Егер сатып алғанда сіз- ге төлем қағазын берсе, оны сатып алған өнімді пайда-ланғанша жоғалтпаңыз. Бұл құжат сол сауда нүктесінен сапасыз өнім сатып алғаны-ңызды айғақтайды.
* Азық-түлік сатып алған-да сол сауда орнының немесе кәсіпорынның атын, мекен-жайын, базардағы сауда орнының нөмірін толық біліп алған дұрыс. Бұл ақпарат са-нитарлық қызмет органдары-на барған жағдайда қажет болады. * Қала базарларында мал- дәрігерлік санитарлық зертханалар бар. Онда сізге кез- келген ет-сүт өнімдері, жеміс-жидектер сапасы туралы арнайы кеңес беретін нұсқаушы жұмыс істейді. * Әрбір дүкен немесе кә- сіпорын қожайыны санитар- лық ержеге, ҚР Заңына сай санитарлық талаптарды сақ-тауға және олардың орындалуын бақылауға міндетті. Сондай-ақ тұтынушылардың азық-түлік сапасына байланысты талап-тілектер бойынша шара қолдануға (өнімді ауыстыру, ақшасын қайтару), өз кезегінде қызметкерді жа-залауға тиісті.

Тибет медицинасы тағамдар туралы Тамақ пен сусынды дұрыс
пайдалану денсаулықты жақсартады. Шамадан тыс көп тамақтану, аш жүру, дұрыс тамақтанбау ауру- сырқауға ұрындырады. Қойдың еті – жылу мен әл – ауқатты арттырады, де- недегі желді басады. Асқа тәбетті арттырады. Ешкінің еті – ауыр, сал-қын.

Сиырдың еті – салқын, майлы, желдің қызуын қай-тарады. Жылқының еті – іріңді тоқтатады. Бүйрек пен белді желден тазартады. Тауықтың еті – ұрықты көбейтеді. Жарақат алған кезінде жақсы. Суырдың еті – майлы, ауыр, қызулы, ісік кезінде пайдалы. Асқазан, бүйректен, бел мен бастан ұстаған суықты шығарады. Балық – асқазан ауруларына ем. Тәбетті арттырады, көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тияды. Жануарлардың аталықта- рының кеуде жағының еті, аналықтардың бөксе жақ еті, буаздарының бар еті ау- ыр болады. Малда аналық- тардың, ал құстарда ата- лықтардың еті жеңіл.

Сарымай, жұлын мен іш май – дәмді, ішкі ағзаны жұмсартады. Әлсіреген, шар- шаған, ұрығы мен қаны әл-сіз қарттар мен балаларға іштерін тазартуға, желді шы- ғаруға пайдалы. Жаңа са-ры май әл – ауқатты артты- рады. Дененің қызуын қай-тарады. Сүр май – ақылынан адасқан, есінен айырылған, есінен танған адамдарға кө- мектеседі, жарақаттың жазылуына жақсы.

Шыжғырылған май – ойды өткірлейді, жадты ке-ңейтеді. Жылу мен күш қуат береді. Өмірді ұзартады. Сүйектің майы – желді қуып, қуаттандырады. Іш май – буындардың сырқатын, күйікті жазады, құлақ, бас, жатыр сырқат-тарынан арылтады. Маймен тамақтанатын адамдардың ішкі қызуы ар- тып, ағзасы тазарып, дене күші кемімей, сергек жүреді. Өңі де жақсы, әлді, қартай- ғанда да сергектігін жоғал-тпайды.

Қуырылған күріш тыш- қақты тияды. Сынған сүйек-тердің бітуіне көмектеседі. Дұрыс өнбеген күріштен, не арпадан жасалған көже нә-жісті қатырады.

Сиырдың сүті – несеп ауруларына пайдалы. Ойды ұшқырлайды. Ешкінің сүті – ентікпеге ем. Қойдың сүті – желді қуады, бірақ жүрекке залалды. Сүттің соңғы сауыны (иіндісі) шырынға тең. Салқын су – есінен тан- ғанға, арақтан басы ауыр-ғанға, басы айналғанға, құс- қысы келгенге, дене қызуы артқанға, қан ауруына, улан- ғанға көмектеседі. Қайнаған су – денені жылытады, асқазаннан жал- қыаяқты кетіреді. Тұзды тамақты көп жеу – шаштың түсуіне, ағаруына, әжімнің көбеюіне соқтырып, қуатты төмендетеді.
11259
(Голосов: 4, Рейтинг: 3.45)
Поделиться:
Новости по теме
INFOPAINTING