АСТАНА АЙНАСЫ

Бет – адамның айнасы

Бет – адамның айнасы

Одан қандай екенің көрініп тұрады
(Соңы. Басы газетіміз-дің өткен нөмірінде).
Бетті жұмсарту, нәрлендіру
Бетті жұмсарту үшін сұй-ық кремдер – сүт тәрізді эмульсиялар пайдаланылады. Оларды бетті сабынмен жуудың орнына, сондай-ақ, опаланар алдында жағу ұсынылады.

Бетті нәрлендіру үшін кремдерді қалыпты, құрғақ және майлы теріге арнап шығарады. Оны таңдай білу қажет. Нәрлі кремдерді бет пен мойын терісіне маска тәріздендіріп жұқалап ғана жағады да 30 минут ұс-тап, одан кейін кремдердің қалдығын қағаз салфеткамен немесе домалақталған дымқыл мақтамен сүртіп тастайды. Түнге қарай бетке крем жаққан дұрыс емес.

Бетке жағуға арналған кремдерді күн сайын қол-данған жөн. Дегенмен, тері белгілі бір кремге үйренген соң оның белсенді әсері 1 айдан аспайтынын ұмыт-пағаның абзал. Сол себепті косметологтардың кеңесі- мен пайдаланатын крем түр- лерін ауыстырып тұрыңыз. Бет терісін бүлдіріп, жара-қаттап алмас үшін кремді саусақ ұшымен жайлап, тері сызықтарының бағы-тымен жағып, сүртеді. Кө-шеге бетке крем жағып шықпайды. Себебі жазда крем майлы қабық (пленка) түзеді, терінің дем алу-ын қиындатады, қыста крем құрамындағы су буланып, теріні мұздатады, салқындатады.

Сәби бетіндегі сүйелді кетіру
Әдетте сүйелдің кішкенесі – түйреуіш басындай, ірісі – бұршақ дәніндей, ал пішіні жартылай шар тәрізді немесе сопақша боллады. Ол қолдың сыртына, саусаққа, табанға шығады. Тырнақ ма- ңайында және табанға шық-қан сүйелдер жанға батуы мүмкін.

Жалпақ сүйелдер дөңге-лек немесе шағын түйіншек секілді болады. Бұл көбінесе бетке және қолдың сырты-на шығады. Ол жұқпалы болады. Жалпақ сүйелдер кейде бірнеше айдан соң өздігінен жоғалып кетеді.

Ұдайы тітіркеніске ұшы- раған тері бетінде үшкір сүйел пайда болады. Кейде ол өршіп, пішіні тауық-тың айдары немесе түсті қырыққабаттың басы секілді бұжырланады. Әдетте жалпақ және үшкір деп бөлінетін сүйелдердің бәрін вирустар қоздырады. Ол тікелей ауырған адамнан және үйдегі заттардан жұғады. Сүйел пайда болғанда, дә- рігерге қаралу керек. Дә-рігердің нұсқауы бойынша оны азотпен күйдіреді. Ал, жас сәбиге шыққан сүйелді дәрігерлік қарындашпен емдеуге болады.

Бет сарғайып, теміретке шығып, бет-ауыз қисайса
Ісінуден бет сарғайса ақ-лобының көне тамырынан 12 гр., қарбыз қабығынан 15 гр., қуырылған ақ шұ-ғынықтан 10 гр. алып, суға қайнатып ішеді.

Бет жүйкесі (нервтері) жансызданса, яғни бет-ауыз қисайса бір алақоңызды ұн-тақтап, сумен илеп, оң жақ ауызы, беті қисайса, сол жағына; сол жақ ауызы, беті қисайса оң жағына тартып қояды.

Беттегі құрғақ немесе су-лы теміреткіге алақоңыздың 15 грамын сарғайтып қуы-рып, талқандап, бал қосып, балшық дәрі жасап, жараға тартады.
Ескілікті теміреткіге екі дана алақоңызды талқандап, сірке қышқылына араластырып жағады. Бетке маска жасау Маскалар – емдік (дәрілік заттар енеді), косметикалық (теріні нәрлендіру, тазарту, ағарту) болып екі түрге бөлінеді. Оны дайын косме- тикалық кремдерден, азық-түлік өнімдерінен жасайды. Беттегі безеуді, түрлі дақтарды емдейтін, беттегі қатайған ісік пен ұйыған қанды тарататын емдік масканы емдік-косметикалық мекемелер- де косметолог – дәрігерлер- дің белгілеуімен ғана жасат- қан жөн. Ал косметикалық масканы үй жағдайында жасай береді.

Маска жасауға дайындық
Жаз шыға әр түрлі жеміс-жидек пісіп, олардан бетке жағатын маска жасауға болатынын әрбір қыз-келіншек жақсы біледі. Бірақ мұны жақсылап жасамаса, тиімділігі онша болмайды. Алдымен теріңізді маска жағуға дайындап алуыңыз керек. Ол үшін косметикалық сүтпен бетіңіз бен желкеңізді, мойыныңызды тазалап алу керек болады. Егер теріңіз құрғақ немесе аса сезімтал болса, онда кез-келген майлы кремді жұқа етіп жағасыз. Егер сіздің теріңіз майлы болса, онда крем жағудың қажеті жоқ.

Бұл не үшін жасалады? Өйткені жаңа піскен жеміс-жидек сөлі теріні тартылдыратын қасиетке ие болады. Осы кремнен соң жеміс-жидек маскасын жағасыз. Белгілі бір уақыттан соң, оны жуып тастайсыз. Содан соң барып, теріңізді қорғайтын күндізгі немесе қорғаныс жасайтын әдеттегі кремді жағынасыз.

Маска жасауды бір күн ғана қолданып қоя салмай, он-он бес рет жасасаңыз, бетіңіз, теріңіз әдемі бола түспек. Косметологтар осылай жасауға кеңес береді: Масканы 20-30 минут ұстасаңыз, сол да жарайды. Соны жаққан сәтте тынығып, музыка тыңдап, бақытты сәттеріңізді есіңізге түсіріп, жақсы сезім- де болыңыз. Бұл сізге қуа-нышты минуттарыңызды со- за түсіп, көңілдендіре, жаны-ңызды рахатқа батыра түсетін болады.
Теріңіздің қандай екенін ескеріңіз

Егер сіздің теріңіз құрғақ болса, онда барлық жеміс-жидектен маска жасай беруіңізге болады. Бірақ шиені абайлап пайдаланыңыз: ол теріңізді бояйды. Сондықтан да, қара және қоңыр қызыл түсті же- містерді маска жасауға пай-даланбағаныңыз жөн.

Егер теріңіз майлы болса, онда сізге сәбізді – алмалы маска жасаған жақсы. Бір түйір сәбіз бен орташа жарты алманы ұсақтағыштан өткі- зіп, майдалап, араластырасыз. Бұл маска әдемі әсер береді – бетіңіз үлбіреген қызғылт қан тепкендей әдемі болады.

Бет маскасының рецептері Майлы теріге арналғандары:

Белок маскасы. Бір жұ-мыртқаны жарады, оған бірнеше тамшы лимон қышқылын қосады, алынған қоспаны бетке жағады, құрғағаннан кейін сумен бетті жуады.

Календула маскасы. Мақ- таны жұқалап алып, кален-дуланың тұнбасына батырып алады (календуланың 1 ас қасығына жарты стақан су керек), сосын оны бетке басып, 20 минут ұстайды да, бет терісі тітіркенбесе, масканы жумай-ақ, бетті мақтамен сүртеді, үстіне опа себуге рұқсат.

Ашытқы маскасы. Та-ғамдық ашытқының кішкене бөлігін (15-20 г) сутегі тотығының 3 пайызды ерітіндісіне, айранға, немесе суға қою қаймақ тәріздендіріп езеді де, алынған қоспаны қалың етіп бетке жағып тастайды. Масканы қолдану уақыты біткен соң жылы сумен жуады.

Құрғақ теріге арналғандары:
Жұмыртқа маскасы. Жұ-мыртқаның сары уызын, 1 шай қасық балды, 1 шай қасық қаймақты немесе өсімдік майын қосып араластыру қажет. Сосын алынған қоспаны бет- ке жағып 15-20 минут ұстай-ды, кейін жылы сумен жуып кетіреді.

Ақ ірімшік маскасы. 2 ас қасық ірімшікке 1 ас қасық сүтті, 1 шай қасық балды қосады. Әбден араластырып, қоспаны бетке жағып, 20-30 минут ұстайды. Сосын жылы суға малынған домалақталған мақтамен сүртеді. Ыстық май маскасы. Жұқалап алған мақтаны жы-лытылған өсімдік майына ба- тырып алып, бет терісіне басады, қабақ пен ауыз айналасына мұндай мақтаны қоймайды. Бұл мақтаның үстінен компресс қағазын салады, сыртынан бірнеше қабат түкті орамалмен жабады. 20-30 ми-нуттан соң масканы жылы сумен жуып тастайды, бетке опа жағып, күтінеді.

Кез-келген бетке лайықтылары:
Шөп маскасы. Бұл масканы кез-келген бет терісіне пайдалануға болады. Шөп маскасы былай жасалады: жалбыз, аскөк, шалфей, түймедақ, жөке гүлі тәрізді хош иісті шөптердің әрқайсынан 1 шай қасық көлемінде алады, араластырады. Ол ботқа тәрізді болғанша үстіне ыстық су құйып, алынған қоспаны бетке жағады, сыртынан дәкеден жасалған дымқыл салфетка жауып, 20-30 минут ұстайды, кейін сумен шайып, жуады.

Жеміс-жидек, көкөніс маскалары
Жеміс-жидектің, көкөністің құрамында теріге қажетті дәрумендер көп. Сондықтан да одан жасалған маска бет терісіне өте пайдалы. Бұл маскалар теріні нәрлендіріп, тазартады.

Қияр маскасы
Қияр беттің терісін сауық-тырады, тегістейді, кеңейіп кеткен бет терісінің тесікте-рін кішірейтеді. Теріні ағарта-ды. Шаршаған, солғын, безеу көп шығып, жарақаттанған беттерге қолданса пайдалы. Ол үшін мынандай әдістерді қолданған жөн:

Бірінші әдіс: Қиярды тазалай отырып, оның қа-бығында көбірек жұмсағын қалдырыңыз. Сол күйінде бе-тіңізге жапсырыңыз. Қиярды аршығаннан кейін бірден пайдалана алмасаңыз, қабығын тоңазытқышқа салып қоюды ұмытпаңыз. Екінші әдіс: Жұмыртқаның ағына екі қасық жас қиярдың сөлін құйып, араластыры- ңыз. Бетке жағыңыз. Бұл қос-па, әсіресе, бетінде тесіктері бар, зақымданған теріге ұсынылады. Жұқа, сезімтал тері үшін қияр маскасы да пайдалы. Бірдей мөлшерде қияр, сүзбе, бал аласыз да, мұқият араластырасыз. Қияр, әрине, майдалана туралған болуы керек. Осы масканы бетке жағып, он бес минут ұстайсыз. Содан соң салқын сумен жуып тастайсыз.

Өрік маскасы
Қалыпты және құрғақ тері үшін өрік маскасы жақсы. Ол үшін өрікті терісінен аршып, қышқыл сүтпен араластырып, езесіз, қаймақтай қоймалжың болғанда, бетке жағасыз. Оны да 15 минуттан соң, салқын сумен жуып тастайсыз. Алма мен сәбіз маскасы Бұрыннан бері қыз-келіншектер алманы косметика ретінде қолданып келеді.

Өйткені, оның құрамындағы пайдалы минералдар теріні арықтандырып, ағартып, әр- лене түсуіне жәрдемдеседі. Біз енді алма мен сәбіз маскасы қалай жасалады, соған тоқталсақ. Бұл масканы әзірлеу үшін 1 түйір сәбізді аршып тазалап, үккіштен өткізіп аласыз да, араластырып жұмсақ салфеткамен сүртіп, суымен жуып аласыз.

Алма мен сәбізден жасалған маска теріні азықтандырады.
Алма мен сәбізден жасалған қоспа өте пайдалы – теріні құрғап кетуден де сақтайды. Ұсақ етіп үккіштен өткізілген алма мен сәбізді теңдей алып араластырады. Біркелкі етіп бетке жағады. 5 – 15 минутқа дейін ұстайды. Жылы сумен жуады.

Беттің кез-келген түріне арналған сәбіз маскасы Бұл қоспа былай дайындалады: ұсақ үккіштен екі жас сәбізді өткізеді, оған екі қасық картоп ұнын, бір жұмыртқа сарысын қосып араластырады. Дайын қоспаны әбден тазартылған бетке жағады. 20 минуттан кейін алдымен ыстық, сосын суық сумен жуады. Сәбіз қоспасы бетті нәрлендіреді, жасартады, тегістейді. Жиі-жиі қолдануға болады.

Жұмыртқаның ағы қо-сылған маска Аршыған алманы жақсы-лап езіп тұрып, оған 1 жұ-мыртқаның ағын қосып араластырып, бетке 10-15 минут жағып қояды. Онан кейін суық сумен жуып, артынан майлы крем жағады. Бұл маска терісі майлылар үшін пайдалы.

Балмен қосылған маска Қабығынан аршылған алманы майдалап үккіштен өткізіп, оны 1 шай қасық бал қосып араластырады. Араластырған соң бетіңізге және мойныңызға 15-20 минут жағып қойып, артынан жуып аласыз. Бұл маска теріні ағартып және жасартады. Бұл құрғақ терілер үшін пайдалы.

Май қосылған маска Үккіштен өткізілген алмаға 1 шай қасық май қосып бетке және мойынға 15-20 минут ұстайды. Артынан жылы сумен жуып тастайды. Бұл масканы теріде жара пайда болғанда қолданған пайдалы. Суықтан жарылып кеткен еріндерге, беттің және қолдың терілері үшін үлкен көмегі бар. Алмадан жасалған масканы жұмасына 2-3 рет жасауға болады. Масканы жуып алғаннан кейін жұмсарту үшін креммен сүртіп қойған пайдалы.

* * * Жазғы мезгілде, күзде түс- кен алма жапырақтарын қай-натып, суымен шашты жуса, шаш түспейді.

* * * Бір немесе екі дана алманы өзіңіз жатқан керуеттің бас жағына не бөлмеңізде- гі тумбочкаға салып қойса-ңыз бөлменің ауасына жұ- пар иісін аңқытып тұрады. Бірақ, алма шіріп кетпеуі үшін қарап қойып, алмастырып тұру керек.

Әйелдің бетіндегі түктер Түктің шығу себептері Әйелдің бетіне түктің шы- ғуы – косметикалық кемші- ліктің бір түрі саналады.

Мұндай түк ақсары әйел-дерден гөрі қара шашты әй-елдерде көбірек кездеседі. Қыздар жыныстық жағынан жетілгенде де беттеріне түк шығады. Климактериялық кезеңде де түк шығып, бұрын байқалмаған түктер ұзарады, қарайып жуандайды да көзге бадырайып тұрып көрінеді.

Нәзік жандылардың бетіне түк неге шығады? Бұл әлі то- лық зерттеліп, анықталмаған құбылыс. Алайда ғалымдар-дың айтуынша, түктердің шығуына жүйке жүйесіндегі кінәрат та басты себептердің бірі. Және де түктің өсуіне бетке жағатын әр түрлі майлар, кремдер т.б. қоспалар да әсер етіп, оны көбейтіп жібереді. Сол себепті бетті күтуде косметологпен ақылдасып тұрған жөн.

Түкті кетіру тәсілдері Жасыратыны жоқ, кейбір әйелдер бетіндегі түкте- рін ұстарамен қырып жатады. Бұл дұрыс емес. Себебі қырып тасталған түктің орнына жаңасы шығады және ол бұрынғы түктен жуан, зор болып өседі. Жұлса да он шақты күннен кейін қайта шығады. Яғни, түкті кетіру-дің механикалық әдістерінің ешқайсы да пайдалы емес.

Түкті химиялық жолмен түссіздендіретіндер де бар. Бұл тәсіл оп – оңай. Негізінен, сутегі қышқылының түкті жақсы түссіздендіретіні белгілі. Оны қолданғанда бет терісі тітіркенсе, опа жағу қажет. Кейде мынандай да қоспа дайындап, пайдаланады: 2 грамм перегидроль, 12 грамм лажомен және 8 грамм вазелин.

Беттегі түкті кетіру үшін мынандай тәсілдер жиірек қолданылады:

1. Түкті кетіретін сабын көпіргішін былай дайындап, жағады: мүсәтір мен сутегі қышқылына сабын ұнтағын қосып араластырады, қосынды көпіршиді. Оны (көбікті) беттің түкті жерлеріне жағып, кепкеннен кейін жылы сумен шайып жуады. 2. Беттегі түкті электр тогымен де кетіруге болады. Алайда оны негізінен дәрігерлер жсауға тиісті.

3. Әйелдердің бетіне түк көбінесе еріннің үстіне, иекке, бетке, кейде емшек ұшының айналасына шыға-тындықтан, бұл жерлерді таза күтіп, ұстау қажет.

4. Аяққа түк шықса оны уақытша пемзамен кетіре алады. Ол үшін аяқтың түкті жеріне пемза жағады, бірнеше минут оның теріге әсер етуін күтеді. Сол кезде түк жіңішкеріп, тез сынады, көзге түспейтіндей күйге түседі. Бірақта бұл тәсілді тек аяқтың түгін ғана кетіруге пайдаланады.

5. Беттегі түкті кетіру үшін ең дұрысы – дәрігер-ге көрініп, оның емін қа- былдау. Бетті әжімнен сақтау Әжім – ағзаның сола бас- тауының белгісі. Қартай-ғанда қан және лимфа ай- налысы бұзылып, бұл өз-герістер беттің, мойынның, қол саусақтарының терісінде байқалады. Әжімнің ер-те түсуіне үнемі маңдайды тыржиту, қабақты жоғары қарай кере беру, немесе оны түю, көзді сығырайту, еріндерді тістеу, езуді жиыру, басты тұқыртып жүру сияқты қылықтар да басты себеп. Ағзадағы созылмалы аурулар да әжім түсіреді. Бет, мойын терісін күту ережесін сақтамаса, бетті ағартатын майларды, спирт ерітіндісін жиі қолданса да әжім көбейеді. Әжім тіс жұлдырғанда беттің бұл-шық еттерінің босауынан, терінің қатпарлануынан да болады.

Адам күрт арықтаса да әжім түседі. Әжімнің алдын алу үшін денсаулықтың жағдайын жақсарту, дұрыс тамақтану, еңбек, демалыс тәртібін қатаң сақтау, физкультура (денешынықтыру), спортпен ұдайы шұғылдану, күнге қыздырынуға тым әуестенбеу, бетті жел өтінен сақтай білу – басты шарт.

21.08.2009 1 39564
Поделиться
(Голосов: 31, Рейтинг: 3.15)