АСТАНА АЙНАСЫ

Ораза қабыл болсын, мұсылмандар!. 21 тамыз (жұма) – Рамазан айының алғашқы күні

Ораза қабыл болсын, мұсылмандар!

21 тамыз (жұма) – Рамазан айының алғашқы күні
- Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймыз!
Құран Кәрім Ораза туралы «Рамазан – адамдарға тура

жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран тү-сіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден Ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсір-гісі келмейді» («Бақара» сү-ресі, 185 аят).

«Ей, иман келтіргендер! Тақуалықтан үміттерің болса, өздеріңнен бұрынғыларға ораза ұстау парыз етілгені сияқты, сендерге де Ораза ұс-тау парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183 аят). Хадис-шәріп Ораза туралы

«Рамазан айында сауап үмі- тімен ораза ұстаған адамның барлық алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктері кешіріледі». «Барлық нәрсенің есігі бар. Ораза – ғибадаттың есігі».

Хадис-шәріпте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-жеуін мен үшін доғарады. Ораза – Мені мен құлымның арасын-дағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлым-ның аштық пен шөліркегеннен шыққан ауыз исі мен үшін мисктен де артық».

Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбар: «Рамазан келгенде жәннат есіктері ашылып, дозақ есік- тері жабылады, шайтандар кі- сенделеді». «Шынында жән-натта бір есік бар, ол – «Раййан» деп аталады. Ол есіктен тек ораза ұстаушылар ғана кіреді».

«Ораза ұстаңдар – денсау-лықтарың мықты болады».
«Ораза төзімнің жартысы, ал төзім дініміздің жартысы».
«Рамазан айының алғашқы он күні – мейірім, ортасы – күнәңізден арылу, соңы – тозақ отынан құтылу».
«Ораза – сіздің қорғаушы-ңыз».
«Исламның бес шарты бар: олар: «Алладан басқа тәңір жоқ, Мұхаммед – Алланың ел- шісі», деп куәлік ету, құлшы-лық қылу, зекет беру, Қағба-ға барып қажылықты орындау және Рамазанда ораза тұту». Оразаның сөздік және шариғи мағынасы Сөздік мағынасы: тыйылу, «бір нәрседен алшақ тұру, адамның өзін тізгіндей білуі және жол бермеу».

Шариғи мағынасы: ауыз- ды бекіту ниетімен нағыз таң ат- қаннан күн батқанға дейін мұ- сылманның өзін-өзі ішіп-жеу- ден, жыныстық қарым-қаты-настан, шаһуатты сезімдерден, оразаны бұзатын басқа да нәрселерден тыюы.

Ораза ұстау – кімге парыз? Аллаһ Тағала Рамазан айын-да ораза ұстауды оған ден- саулығы жарайтын, жасы кә- мелетке толған, ақыл-есі дұ-рыс әрбір мұсылманға парыз етіп жүктеген. Сол себепті әр- бір мұсылман жыл сайын Рамазан айында таңнан кешке дейін ниет етіп ораза ұстауға тиіс. Рамазан айындағы Ораза – парыз ораза деп аталады. Рамазан айынан басқа уақытта ұстайтын ораза – нәпіл ораза.

Кімге ораза ұстамауға рұқсат беріледі? 1. Ауру адамдарға. Алайда олар емделгеннен кейін ораза қарызын өтеуге тиіс.

2. Ораза ұстауға дәрмені жоқ әлжуаз қарттарға. Олар ораза қарызын өтеу үшін підия береді. Рамазан айының әр күні үшін бір міскінге тамақ беріп тойдыруды – підия дейді.

3. Балиғатқа жетпеген ба- лаға. Егерде ол Рамазан айы-ның ішінде балиғатқа жетсе, Рамазанның қалған күнін ора-замен өткізуге тиіс.

4. Рамазан айында есінен танып қалған адам сол күн-нің оразасын ұстамайды. Өйт- кені сол күні ораза ниетпен ұсталған-ды. Естен тану бірнеше күнге созылса, кейін та- лып түскен күннен басқа күн-дердің қазасын өтейді.

5. Ақыл-есі дұрыс емес адамға. Егерде ол Рамазан айында өзіне келіп, сауықса, сол күннен ораза ұстап, оған дейінгі күндерді қаза етеді.

6. Жолаушыларға. Таң ат- қанға дейін жолға шығып, намаздарын қысқартып оқуға болатындай қашықтыққа кетіп қалса ғана ауызын ашуға рұхсат. Егерде олар таң ат-қаннан кейін жолға шықса, он- да оларға оразаны бұзу – ха- рам (олар бұл күні ораза ұс-тауы қажет). Жолаушыға қиын- ға соқпаса ораза ұстау – мұс-тахаб, қиын болса, онда ораза ұстамаса да болады.

7. Жылдың басқа мезгілдерінде нәпіл ораза ұстауға шамасы келмейтін қариялар мен науқас адамдарға. 8. Шариғат екіқабат неме-се емшекте баласы бар әйелге ораза ұстамауға рұхсат бере- ді. Тек кейін олар мүмкіндігі келгенде ораза қазасын өтей-тін болады.

9. Хайыз және Нифас (етеккірі келіп жүрген) әйелдерге. Олар мұнан тазарғаннан кейін ғана оразасын жалғастырып, қазасын өтейді. 10. Ораза ұстамаған жолаушы, сырқат адам көз жұмса өтемеген оразасы мойындарына қарыз болып қалмайды. Олар үшін ешкім де ораза қарызын өтеуге тиісті емес.

Оразаға ниет ету, ауыз ашу Таңғы сәресі ішу таң на-мазының кіруіне 10 минут қал-ғанда тоқтатылады, мұсылман аузын бекітеді.

Ораза ұстауға ниет: «Ал-лаһ Тағала үшін мүбарак Ра- мазан айының оразасын ұстау-ға таңнан күн батқанға дейін ниет еттім». Мұсылман осы сөзді айтып, аузын бекітеді. Ауызашар дұғасы: «Алла- һумма ләкә сумту уә бикә әә-мәнту уә а, лайкә тәуәккәлту уа а, ала ризқинә әфтарту уә саумәл – ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фағфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

«Жаратқан Ием сенің ри- зашылығың үшін ораза ұста-дым, Саған иман келтірдім, Са- ған тәуекел еттім, Сен берген ризық несібеңмен ауыз аштым. Рамазан айының ертеңгі кү- ніне де ауыз бекітуге ниет ет- тім. Иә, Кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә- кемшіліктерімді кешіре гөр!».

Мұсылман жоғарыдағы дұ-ғаны немесе оның қазақшасын оқығаннан кейін құрмамен немесе сумен, әйтпесе басқа да жемістермен аузын ашады.

Оразаны бұзатын амалдар 1. Өрік дәнегін, майда тас- ты, темір бөлігін жұтып қойса.
2. Қан құйдырса, клизма жасатса, құлағына дәрі тамызса, ішіндегі, тамағындағы жараға дәрі тамызғанда тамағынан өтіп кетсе. 3. Әйелді сүйгенде, айма-лағанда мәниі келсе.
4. Таң атып қалғанда таң атпады деп сәресіні ішіп-жесе, күн батпай тұрғанда күн батып қалды деп ойлап ауыз ашса, ондай адамдар оразаның қа-засын өтейді.
5. Ораза ұстап жүргенін- де қасақана жыныстық қарым-қатынас жасаса, біле тұра бір-демені ішіп-жесе. Мұндай адам оразасының қазасын және ка- фаратын қоса өтейді. Кафарат – құлды азат ету, оған шама-сы келмесе, Рамазан айынан және ораза ұстаудан қайта-рылған күндерден басқа кезде бірден екі ай арасын үзбей ораза ұстау, оған шамасы келмесе, алпыс міскінді тамақтандыру.
6. Әдейі құсу.
7. Әйелдің етеккірі немесе босануы кезінде қан кету.
8. Қан алдыру. Қан бер-геннің де, қан құйылған адам- ның да оразасы бұзылады.

Оразада неге тиым салынады?
1. Ауызды шайып тұрған-да, мұрынға су тартқанда кө- мейге су кетуіне.
2. Әйелді сүюге.
3. Әйелге біршама уақыт құмарлана қарауға.
4. Жыныс қатынасын жа- самақ түгілі ол туралы ой-лауға да.
5. Әйелді қолмен ұстауға, құшақтауға.
6. Ауызға түкірік жинап жүруге.
7. Бір нәрсені тіске басу- ға, шайнауға, тағамның дәмін татуға.

Ораза бұзылмайтын жағдайлар
1. Ораза ұстап жүргенін ұмытып кетіп, бірнәрсені бай- қамай ішіп-жеп қойса.
2. Ораза ұстап жүргенін ұмытып кетіп, жыныстық сезімдерге берілсе.
3. Ұйқыдан тұрған кезінде жүніп болғанын байқаса.
4. Денесін майласа, көзіне сүрме жақса.
5. Әйелдің сәбиі үшін тамақ шайнап беруі макруһ емес.
Шайнап беру қажет болмаса да шайнап беру – макруһ.

Пітір садақасы Зекет – пітір жылына бір-ақ рет берілетін табыстың кішкене ғана бөлігі. Пітір са- дақасы оразаның қабыл бо- луына, қабір азабынан аман болуға себепші. Пітір сада-қасын ораза айт намазына дейін берген дұрыс. Айт на- мазыынан кейін берілген пі- тір садақасы қабыл болмай- ды. Құран Кәрімде: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсы-лыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла Тағала оны толық біледі» (Әли – Имран 392).

Пітір садақасы уәжіп болатын 3 шарт:
1. Мұсылман болуға тиіс.
2. Азат (бостандықта) бо-луға тиіс.
3. Өзінің қажетінен артық мүлкі болуға тиіс.

Айт намазы
Жұма намазы парыз бол-ған адамдарға айт намазда- рын оқу да – уәжіп (міндет). Айт намазы мұсылман ерлер мен әйелдер үшін өте жоғары дәрежедегі, әсерлі де мағналы ғибадат. Айт намазы екі рәкааттан тұрады.

Ораза тұту сауап болатын күндер
1. Қажылық парызын өте- гендер үшін Арафат күнін-де, яғни, зүлхижаның тоғы-зыншы күнінде.
2. Мухаррам айының то-ғызыншы және оныншы немесе оныншы және он бірінші күндерінде.
3. Шәууал айының алты күнінде.
4. Зүлхижжаның алғашқы тоғыз күнінде.
5. Мухаррам айында.
6. Әр айдың «ақ күндері» болып саналатын он үшінші, он төртінші, он бесінші күн-дерінде.
7. Дүйсенбі мен бейсенбіде.
8. Күн ара.


Рамазан айында Ораза ұстау және Намаз оқу кестесі (2009 жыл – хижраша 1430 жыл)

Рамазан айының

реті

Апта

күндері

Тамыз-қыркүйек айлары

Сәресі уақыты

Таң

намазы

Күннің шығуы

Бесін

намазы

Екінді намазы

Ақшам намазы

(ауызашар уақыты)

Құптан намазы

1

Жұма

21

3:30

4:30

6:10

13:30

18:24

20:24

21:54

2

Сенбі

22

3:31

4:31

6:11

13:30

18:22

20:22

21:52

3

Жексенбі

23

3:33

4:33

6:13

13:30

18:20

20:20

21:50

4

Дүйсенбі

24

3:34

4:34

6:14

13:30

18:18

20:18

21:48

5

Сейсенбі

25

3:36

4:36

6:16

13:30

18:16

20:16

21:46

6

Сәрсенбі

26

3:38

4:38

6:18

13:30

18:13

20:13

21:43

7

Бейсенбі

27

3:39

4:39

6:19

13:30

18:11

20:11

21:41

8

Жұма

28

3:41

4:41

6:21

13:30

18:09

20:09

21:39

9

Сенбі

29

3:42

4:42

6:22

13:30

18:07

20:07

21:37

10

Жексенбі

30

3:44

4:44

6:24

13:30

18:05

20:05

21:35

11

Дүйсенбі

31

3:45

4:45

6:25

13:30

18:03

20:03

21:33

12

Сейсенбі

1

3:47

4:47

6:27

13:30

18:01

20:01

21:31

13

Сәрсенбі

2

3:49

4:49

6:29

13:30

17:58

19:58

21:28

14

Бейсенбі

3

3:50

4:50

6:30

13:30

17:56

19:56

21:26

15

Жұма

4

3:52

4:52

6:32

13:30

17:54

19:54

21:24

16

Сенбі

5

3:53

4:53

6:33

13:30

17:51

19:51

21:21

17

Жексенбі

6

3:55

4:55

6:35

13:30

17:49

19:49

21:19

18

Дүйсенбі

7

3:56

4:56

6:36

13:30

17:47

19:47

21:17

19

Сейсенбі

8

3:58

4:58

6:38

13:30

17:45

19:45

21:15

20

Сәрсенбі

9

4:00

5:00

6:40

13:30

17:42

19:42

21:12

21

Бейсенбі

10

4:01

5:01

6:41

13:30

17:40

19:40

21:10

22

Жұма

11

4:03

5:03

6:43

13:30

17:38

19:38

21:08

23

Сенбі

12

4:04

5:04

6:44

13:30

17:36

19:36

21:06

24

Жексенбі

13

4:06

5:06

6:46

13:30

17:33

19:33

21:03

25

Дүйсенбі

14

4:07

5:07

6:47

13:30

17:31

19:31

21:01

26

Сейсенбі

15

4:09

5:09

6:49

13:30

17:29

19:29

20:59

27

Сәрсенбі

16

4:11

5:11

6:51

13:30

17:27

19:27

20:57

28

Бейсенбі

17

4:12

5:12

6:52

13:30

17:24

19:24

20:54

29

Жұма

18

4:14

5:14

6:54

13:30

17:22

19:22

20:52

30

Сенбі

19

4:15

5:15

6:55

13:30

17:20

19:20

20:50



ЕСКЕРТУ:
* Биыл, яғни 2009 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша Қасиетті Рамазан айы 30 күн.
1. Қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түн Ләйләтул-Қадр, яғни қасиетті Қадір түні.
2. Сәресі ішу таң намазына 10 минут қалғанда тоқтатылады.
3. Ақшам намазының уақыты кірісімен ауызды құрма не сумен я болмаса басқа да жеміспен ашуға болады.
4. Тарауих намазы Құптан намазының парызынан кейін оқылады, ал Үтір-Уәжіп намазы ең соңынан жамағатпен оқылады.
5. Пітір-садақаны Рамазан айының басынан айт намазына дейін беруге болады. Пітір-садақасы – 100 теңге.
6. 20-қыркүйек (жексенбі) күні Ораза айт басталады. Айт намазы таңғы сағат 720-да оқылады.
«Нұр-Астана» Орталық Мешіті.
19444
(Голосов: 4, Рейтинг: 3.66)
Поделиться:

Геотекстиль, георешетка

Геотекстиль в наличии на складах в Москве

biltex.ru

Продажа и доставка дсп в Санкт-Петербурге

Клеи для укладки фанеры, паркета, массивной доски. Доставка по Москве

optmaster.ru