АСТАНА АЙНАСЫ

Насыбайдан ластану

Адамдар насыбайды темекі ұнтағына күл, қалампыр қосып жасайды. Ол ащы, иісі күшті болады. Насыбайды құмарлық үшін ату көп адамның жаман әдетіне айналған. Насыбайды былай әзірлейді: саптыаяққа (үккішке) темекі жапырағын салып, оны әбден ұнтақтайды, оған арша немесе сексеуіл, қайың, тобылғы, қылша күлін қосады, су себеді.

Насыбайдың бұйра деген түрін былай жасайды: насыбайды ұнтақтап су сепкен соң тесік қалбырдан өткізеді. Насыбайды көбінесе астыңғы ерінге, кейде тілдің астына салады, оны атпай тек иіскеу үшін ғана пайдаланатындар көп. Бұрындары қазақтар насыбайды әшекейленіп жасалған мүйіз шақшаға, құтыға салып алып, ататын.
Насыбайдың құрамындағы заттар денсаулық үшін өте зиянды. Насыбайды еріннің астына салатындықтан, көбінесе насыбай ататындардың 80 пайызының ауыз қуысы, ас қорыту жүйесі ісікке ұшырайды. Әуелі қызық үшін ататындар кейін оған әбден әуестеніп, үйреніп кетеді де, насыбай атпаса басы ауырып, айналады, тамаққа зауқы соқпайды, сөйтіп насыбайға тәуелді болып қалады.

Кейбіреулер насыбайға тауықтың саңғырығын қосып та әзірлейді. Ол өте зиянды. Өйткені тауықтың саңғырығын жеп қойған қойлардың бір сағаттың ішінде өліп қалғандығы жөнінде оқиғалар бар. Насыбайға қосылатын қара ағаштың смоласы да адам денсаулығына қауіпті. Соған қарамастан, кейінгі кезде жас та, кәрі де, тіпті мектептегі кейбір балалар да насыбай ататынды шығарды. Себебі оның бағасы ап-арзан және насыбайды кез-келген базардан емін-еркін сатып алуға болады. Насыбай атқан адамдар уланып қана қоймай, үсті-басын, айналасын ластайды, үй ішін жағымсыз иіспен тұншықтырады.

4074
(Голосов: 1, Рейтинг: 3.3)
Поделиться:
INFOPAINTING