АСТАНА АЙНАСЫ

Құран бағыштау. Ол – мұсылмандардың асыл парызы

Құран бағыштау

Ол – мұсылмандардың асыл парызы
1. Қасиетті кітаппен таныстыру

- Би – исми – л - лаһи – р – рахмани – р – рахим!
Құдіретті күшті Аллаһ Тағала төрт пайғамбарға төрт кітап жіберген:
1. Мұса пайғамбарға – Тәурат (орысшасы – Библия, Тора, Пятикнижие).
2. Дәуіт пайғамбарға – Зәбүр (орысшасы - Псалтирь).
3. Ғайса пайғамбарға – Інжіл (орысшасы - Евангелие).
4. Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) – Құран Кәрім.
«Құран» сөзі арабтың «оқу» деген сөзінен шыққан. Мұсылмандардың осынау қасиетті кітабының мынандай да көркем атауы бар:
«Құран Кәрім» («Шарапатты Құран»), «Китәб Кәрим» («Жомарт Кітап»), «Китәб шәриф» («Атақты Кітап»), «Китәбу – л - лаһи» («Алланың Кітабы»), «Китәб ғазиз» («Құдіретті Кітап»), «Зикр хәким» («Даналықты еске алу»), «Кәләм шәриф» («Адал сөз»), «Мусхәф шәриф» («Қасиетті Қолжазба»).
Құранда 114 сүре бар. Кітапта сүрелер көлеміне қарай орналасып, Құран жеті аяттан тұратын «Фатиха» («Кітапты ашушы») сүресінен басталады. Бұл сүре «Умму – л – китәб» («Кітаптың анасы») деп аталады. «Фатиха» сүресінде Ислам дінінің негіз-гі қағидалары айты-лады. «Фатиха» сү-ресін оқып болған соң, оны «Әмин» деп қайырады. Құранның барлық сүресін «Би – исми – л – лаһи -р - рахмани – р - рахим» деп бастау – шариғат шарты. Алайда бұл дәстүр 9 – сүреде сақталмайды. Себебі ол алғашқысында 8 –сүренің жалғасы бол-ған еді.
Құран сүрелері аят-тардан тұрады. Әр түрлі жолмен есептеуге сәйкес Құранда 6204-тен 6236-ға дейін аяттардың бар екендігі анықталған. Аят - бұл сөз, не сөз тіркесі немесе сөйлем. Аятта 1-ден 68-ге дейін сөз бар. Құранда Аллаһ Тағаланың 7793 сөзі жазылған. Құрандағы ең ұзақ сүре – 2-ші сүре, онда 286 аят бар. Ең қысқа сүрелер – небәрі үш аяттан тұратын 103-ші, 108-ші, 110-шы сүрелер.
Құранды дауыстап оқуға жеңіл болу үшін 30 бөлімге бөліп оқиды. Бөлімді арабтар «жүз - үн» деп атайды. Бұл ұғым қазақтар арасында «сипәре», «пара» деген сөзбен тараған. Құран 60 хизбке де (бөлікке) бөлініп, бір пара екі хизбтен тұрады. Мешітте хизбты оқитын адам – Хәззәб.
Аллаһ Тағала Мұхаммед пай-ғамбарға (с.ғ.с.) Құранның сөз-дерін біртіндеп түсірген. Ұлық Пайғамбарымыз Құранның сөздерін ең бірінші Меккеде, одан кейін Мәдинеде Жәбірейіл періште арқылы естіп, жариялаған. Сол себепті Құранның сүрелері меккелік, мәдинелік болып екіге бөлінеді.

Меккелік сүрелер Олардың саны – 90 Мәдинелік сүрелер Олардың саны – 24 Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Аллаһ Тағаладан Құрандағы 114 сүрені мынандай тәртіппен қабыл алған: Бірінші кезеңдегі меккелік сүрелер:
96, 74, 111, 106, 108, 104, 107, 102, 105, 92, 90, 94, 93, 97, 86, 91, 80, 68, 87, 95, 103, 85, 73, 101, 99, 82, 56, 70, 55, 112, 109, 113, 114, 1;
Екінші кезеңдегі меккелік сүрелер:
54, 37, 71, 76, 44, 50, 20, 26, 15, 19, 38, 36, 43, 72, 67, 23, 21, 25, 17, 27, 18;
Үшінші кезеңдегі меккелік сүрелер:
32, 41, 45, 16, 30, 11, 14, 12, 40, 28, 39, 29, 31, 42, 10, 34, 35, 7, 46, 6, 13;
Мәдинелік сүрелер:
2, 98, 64, 62, 8, 47, 3, 61, 57, 4, 65, 59, 33, 63, 24, 58, 22, 48, 66, 60, 110, 49, 9, 5.
2. Аруақтарды еске алғанда

Бейсенбі, жұмада, ораза, айттарда, зират басында, туған, дүниеден өткен күндерінде, құдайыда марқұм болған туған-туыс, құрбы-құрдас, жақындарыңның аруағына Құран бағыштаңыз келсе, қасиетті Құран Кәрімнің «Фатиха», «Ықылас» сүре-лерін жатқа айтып, оқуыңызға болады. Бұл сүрелерді біліп, сол арқылы аруақтарға Құран бағыштау - әрбір мұсылманның мерейлі міндеті. Біз төменде осы сүрелердің, ол оқылғаннан кейін айтылатын тілектердің мәтінін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Екі сүре арқылы Құран бағыштаған соң, тілектің басқаша да жақсы түрлерін айтуға болады. Ол әркімнің өз ықтиярында. Тек біз Құран бағыштаған соң оны қалай қайырып, қандай тілек айтуға болатынын білмейтіндерге өзіміз білетін тілек үлгісін ұсынып отырмыз. Осы естеріңізде болсын. «Фатиха» сүресі

Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим.
Би – исми – л лаһи – р – рахмани – р – рахим.
Әл – хәмду лиллаһи рабби – л - әләмин.
Ар – рахмани- р – рахим.
Мәлики йауми – д – дин.
Ий – ака нағбуду уә ий - әкә нәстағин.
Иһдина – с – сирата – л – мустақим.
Сирата – л – ләзинә әнғамта ғалейһим ғейри – л - мағдуби ғалейһим уа – ла- д – даллин (Әмин).
(Әминді әр уақытта іштен айтады).
«Ықылас» сүресі Би – исми – л – лаһи – р – рахмани – р – рахим. Құл һуа аллаһу ахад. Аллаһу – с – самад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакүн ләһу күфуән ахад. Садақол – лаһул – азим. Сүбіха раббика – раб – бил иззәти амма Иаси – фун уа сәламун аләл – мурсалин Уолхамду – лиллаһи раби – бил аламин (Әмин). Сүбханә Раббикә-Раббил-ғиззаты ғамма йәсифун. Уә саламүн ғаләл-мурсәлин. Уәлхамду лиллаһи Раббил-ғаләмин. Иә, Ұлы Алла осы оқылған Фатиха, Ықылас сүрелерінен болған сауапты Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.), Пайғамбарларға, Саха-баларға, Әулие-Әмбиелерге, Шаһи-дтерге, дүниеден өткен барша мұсылман-дарға (өзімнің дүниеден өткен ата-бабаларыма, әке-шешелеріме, туған-туысқан-дарыма, аты-жөнін айту керек) бағыштадым. Иә, Алла! Ата бабаларымның рухтарын шат-шадыман етіп, осы оқылған Құранның нұрымен нұрлан-дырып, қабір азабынан сақтап, жандарын жәннатта ете гөр! Иә, Алла! Біздерді – үй ішімізді, халқымызды қайғы – қасіреттен, қорлық – зұлымдықтан, табиғи апат-тардан, мың бір атты пәледен, жүз бір атты пәледен сақтай гөр! Дұға тілектерімізді қабыл етіп, екі дүниеде де нығметіңе бөлей гөр! Раббәна атина фиддүния хасанәтән. Уә Фил-ахирәти хасанәтән уә қина ғазәбәннар. «Раббымыз! Біздерге бұл дүниеде де, ахиретте де оның жақсылығын бере гөр, от ғазабынан сақта! Аллаһу Әкбар!» 3. Құран бағыштағанда есте болатын жағдайлар: 1. Құранды кір қолмен ұстауға болмайды. Құран оқитын адамның тәні, жаны таза болуға тиісті. Негізінен, дәрет алып барып Құран оқыған жөн. 2. Кәпірлерге, зіна-қорларға, маскүнемдерге, қылмыскерлерге, харам тағам жейтіндерге құран оқуға, оқытуға болмай-ды. 3. Қорымның қасында, бейіттің басында, аруа-қтарды еске алып жайыл-ған дастарқанда (ас беріп, шелпек нан пісіріп, құрбандық шалып) құран бағыштайды. Ескерткіш-тердің жанына барып, сол тас мүсінде бейне-ленген адамға құран бағыштамайды. 4. Құранды қатесіз, мәнерлеп, сөзін естірте оқу қажет. 5. Құранды жатып, жантайып, теріс қарап отырып оқуға болмайды. 6. Құранды жылдам, тез, асығып оқымайды. 7. Құран оқып отырған адам, оның жанындағы кісілер Құран бағышталып жатқан кезде бөтен сөз айтпайды, өзгелерге ымдап белгі бермейді, бір-бірімен әңгімелеспейді, сырттан келген адам да, оны көргендер де өзара сәлемдеспейді, жыламайды, күлмейді, ыңырсынбайды, аһ, уһ!- деп дыбыс шығармайды, бірнәрсені аузына салып шайнамайды. 8. Отырғандардың ішінде ер адамдар Құран білмесе, оны білетін әйелдердің дәреті барына Құран оқуға рұхсат етіледі. Тек әйелдер Құранды дауыстап оқымайды. 9. Автокөлік жүргізуші қорымның қасындағы жолмен өтіп бара жатқанында екі қолын рульден алып, бетін сипаймын деп қасындағы жолаушылардың өміріне, жол апатына қауіп төндірмеуге тиісті. 10. Құран Аллаһ Тағаланың ризашылығы үшін тегін оқылады. 4. Құран үйренудің сауабы Бұл жөнінде ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің хадис-шәріптерінде былай деген: «Құранды үйреніңдер, оқыңдар, оның әр сөзі Қиямет күнінде сендерге жәрдем береді». «Кімде-кім Құранды дұрыс, қыра-ғаттап оқыса, адам баласының жақсы істерін жазатын періштенің көзіне түседі, ал кімде-кім қиын-шылықпен, көп еңбек сіңіріп үйренер болса, онда оған сыйлық екі есе болады».
58156
(Голосов: 162, Рейтинг: 4.12)
Поделиться:
INFOPAINTING

Проведение конференций

Проведение тренингов по командообразованию

conferenc-peterburg.ru

Куда продать монеты

О российских монетах. Портал коллекционеров монет

vskupke.ru