АСТАНА АЙНАСЫ

Тәспі тарту Оның маңызы мен пайдасы мо. Тәспі сөзі о баста арабтың суббах (Аллаға мадақ, Алланы мадақтау) сөзінен шыққан болатын. Оны парсы, түріктер – 
тасбих, татарлар – диспе, ауғандар – тисба деп атайды. Яғни, тәспі, тасбих (арабша: Алланы, пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) – Аллаһты дәріптеу, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі.

Тәспі тарту Оның маңызы мен пайдасы мо

Тәспі сөзі о баста арабтың суббах (Аллаға мадақ, Алланы мадақтау) сөзінен шыққан болатын. Оны парсы, түріктер – тасбих, татарлар – диспе, ауғандар – тисба деп атайды. Яғни, тәспі, тасбих (арабша: Алланы, пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) – Аллаһты дәріптеу, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі.
Қайтыс болған адамға құран-хатым түсіргенде, құран аудару барысында, намаздан соң, Аллаһ Таға- лаға құлшылық етіп сиын-ғанда молдалар, мүминдер (мұсылмандар) тасбихты (тәспіні) қолданады. Ислам- ның бес парызының бірі – күнделікті бес уақыт намаз оқығаннан кейін тәспі тар-ту – қалыптасқан сүннет. Ислам дінінің ғұламалары тәспі тарту – адамның иманын арттырып, рухын нұрландырады, - дейді.

Тәспі тартқанда әрбір мұ-сылман баласы Аллаһты еске алып, Оған мадақ айтып, жүректерін тазар-татындықтан, иманын ны- ғайта түсетіндіктен тас- бихтың олардың құлшылы-ғында алатын орыны өте жоғары.

Мұсылмандар тәспісі 33-тен үшке бөліп тізген 99 тастан немесе, 17, 33 тастан құралады. Кейде 999 тасқа дейін тас тізілген тәспілер қолданылады. Мұның ішінде мұсылман-дар арасында 33, 99 тас- тан құралған тәспілер кең таралған. Тәспідегі 99 саны Аллаһ Тағаланың 99 көркем есімдерімен ты-ғыз байланысты. Мысалы, тәспі жасаушылар оның 99 тасына Жаратқан Иеміз-дің 99 көркем есімдерін жазып, әсемдейді. Жеке жалбарыну сөздерін 100 рет қайталап айту үшін тәспіні 33 тастан үшке бөліп тізеді, тәспіні Бисмиллә-һир-рахманир рахим ай-тып тартады. Тәспідегі үш тізбенің (33 тастан тұра-тын) қосылған жерінде өзге тастардан ерекше пішінде бір тас болады. Оны тәс-пінің «қожасы» деп атайды. Үш тізбенің негізгі біріккен жеріндегі әшекейлі, шашақ-ты үлкен тас – тәспінің «Бисмилласы». Ислам діні мұсылмандарға тәспі тізбе-сі болмаған жағдайда он саусақтың буындарын санап есептеуге рұхсат етеді.

Тәспіні тастан, шыныдан, өсімдік дәнегінен, ағаштан, металдан тағы да басқа халал заттардан жасап, әртүрлі әшекеймен, Аллаһ Тағаланың 99 көркем есім-дерін жазып әсемдейді, Тәс- пі қолға ұстап жүретін, мойынға тағатын әсемдік бұйымы емес. Тіл-көзден сақ- тану, пәле-жаладан қорғану, жолы болу үшін тәспіні үй қабырғасына, автокөліктің ішіндегі айнаға міндетті түрде іліп қою қажет деген шариғат талабы жоқ. Олай жасау әркімнің таным-тү-сінігіне сәйкес. Тастарында Аллаһ Тағаланың 99 көркем есімі жазылғандықтан, сиыну дұғаларын жаңылмай оқуға арналғандықтан тәспіні аяқ асты тастауға, арақ-шарап ішетін жерге іліп қоюға болмайды. Моншаға түс-кенде, әжетханаға кірген-де, басқа да жұмыстармен айналасқанда тәспіні қолға ұстамай, киімнің қалтасына салып, таза жерге қоюға болады. Кейбіреулер өзінің дін жолына түскенін, тақуа, мұсылман екендігін көрсетіп, көзге түсу үшін қолынан тәспіні тастамайды. Мұндай жеңіл мақсатпен тәспіні ұс-тау дұрыс емес. Тәспінің әдем- ісін таңдап алуыңа болады, алайда «менің тәспім оның тәспісінен жақсы» деп, «оның тәспісі менің тәспімнен жа-ман» деп тәспі салыстырып, мақтану – ағаттық, шынайы мұсылманға жат қылық. Мұсылмандар бес уақыт намазының әрқайсын оқып болған соң, жайнамаз басын-да отырып: «Субханаллаһ» (Аллаһ Тағала бәрінен де жоғары), «Әлхамду лиллаһ» (Бар мадақ Аллаһ Тағалаға), «Алаһу акбар» (Аллаһ Ұлы) деген сөздердің әрқайсын 33-реттен айтып шығады. Яғни, 99 тас тізбесінен құ-ралған тәспінің алғашқы 33 моншақ тізбесін тартқанда әрбір тасты «Субханаллаһ» деп, екінші 33 моншақ тіз-бені тартқанда әрбір тасты «Әлхамдулиллаһ» деп, үшін- ші 33 моншақ тізбені тарт-қанда әрбір тасты «Аллаһ акбар» деп екі саусақпен ұстап жылжытып отырады. Тәспі тартудың жүректі тазартып, иманды арттыру-мен бірге оның басқа да көптеген артықшылығы бар. Ұлық Пайғамбарымыз Мұ-хаммед (с.ғ.с.) өзінің бір хадис – шәрібінде былай деген: «Егер сендерді ашу қыс-са, отырыңдар. Отырғанда басыла қоймаса, жатыңдар. Тіпті оған да болмай бара жатса, тәспі тартып, Алланы еске алыңдар». Пайғамбары-мыздың (с.ғ.с.) бұл сөзінің астарында үлкен сыр жа-тыр. Біріншіден, Аллаһты еске алу адамды тәубесіне түсіреді, жамандық жасаудан сақтандырады, жанын із-гілікпен нұрландырады, иманын нығайтады. Екін-шіден, адам саусақтары-ның ұшында орталық жүйке жүйесімен тығыз байланыстағы нүктелер көп. Мұны қазіргі медицина ғылымы дәлелдеп отыр. Олай болса, ашуланғанда тәспі тарту арқылы сол нүктелерге массаж (сылау) жасап, жүйкені тыныштан-дыруға жағдай туғызуға болады.

Құлшылықтардың ішін-де тәспі тарту мұсыл- манның күнәсін жеңілдетіп, жанына жақсылық сый-лайды. Бұл орайда Ұлық Пайғамбарымыз Мұхам-мед (с.ғ.с.) былай деген: «Сендерден кім күн са- йын мың жақсылық істей алады?», – деді. Сахаба-лардың бірі: Біздің қайсы біріміз мың жақсылық іс-тей алады? – деп сұра- ды. Сонда Пайғамбары-мыз (оған Аллаһтың сәле-мі және игілігі болсын):

«Егер жүз тасбих (Субха-наллаһ деп) айтса, оған мың жақсылық жазылады немесе оның мың күнәсі өшіріледі». Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың 99 көркем есім-дерін жеке-жеке күніне мың реттен айта отырып тәспі тарту арқылы кез-келген аурудан арылуға бола-ды, деген мұсылмандар арасында наным бар. Ол шындыққа жақын. Себебі көп ауру жүйке жүйесі-нің бұзылуы салдарынан болады. Ал ауруға шал- дыққан адам тәспі тарт-қанында сол арқылы ор-талық жүйке жүйесімен тығыз байланыстағы нүк-телерге массаж жасап, бұзылған жүйке жүйесі-нің қайтадан бірқадыпты қызмет атқаруына ықпал етеді. Жүйке жүйесі ты-нышталып, қалыпты жағ-дайға түскен соң, адам жаны сырқатынан да айы-ға бастайды.

Аллаһты еске алып, Оған, Пайғамбарымызға мадақ айтқанда қолданылатын тәспінің жасалу жолдары әртүрлі болғандықтан, олар неше түрлі тастар-дан, жеміс сүйектерінен, басқа да материалдардан жасалатындықтан әрқай-сының өзіне тән жеке қасиеті болады. Тәспі жа-сауға пайдаланылатын материалдардың көлемі де әркелкі. Жаратылысы мықты жандарға тәспі тастарының ірісін, нәзік жандарға тәспі тасының өздеріне лайықтысын қол- данғаны дұрыс. Құран Кәрімде: «Алланың есім-дерін жиі еске алып жү-ріңдер. Сонда сендер жан- дарыңа рақат, өмірлеріңе қуаныш сыйлай аласың-дар» - деп айтылған ғой.

Біз жанымызға рахат пен өмірімізге қуанышты ең алдымен деніміздің сау-лығы арқылы сыйлайтын болсақ, ол үшін де тәспі тартқанымыз абзал. Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) тәспіні оң қолымен тартқан. Бұл жөнінде Абдуллаһ ибн Әмір (одан Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тәсбихті оң қолы-ның саусақтарымен сана- ғанын көрдім», - деген. Мұсылмандардың оң қолы-мен ішіп-жеуі, оң қолы-мен тәспі тартуы, жақсы көрген адамын оң қолымен бауырына басуы қанша ма адалдық, ізгілікке толы еді десеңізші.

11118
(Голосов: 22, Рейтинг: 4.01)
Поделиться:
Новости по теме
INFOPAINTING