АСТАНА АЙНАСЫ

Ислам құндылықтарының  нұрын төккен . «Нұр Астана» мешітіне – 5 жыл

Ислам құндылықтарының нұрын төккен

«Нұр Астана» мешітіне – 5 жыл

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2000 жылы өткен ІV құрылтайынан кейін Қазақстанда діни істер реформасы басталды. Бүгінде V құрылтай деп халық әділ бағалап жүрген 2005 жылы Астанада өткен діни алқалы жиыннан кейін елімізде Ислам дінін берік орнықтыру, дініміздің асыл құндылықтарын адамдардың санасына өмір салты етіп сіңдіру бағытында бұрын-соңды болмаған ұлық істер атқарылды. Оның жарқын көріністерін Бас шаһар Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешітінің жүйелі түрде жүзеге асырған іс-шараларынан-ақ айқын аңғаруға болады.

Алла тағаланың қалауы-мен, қазақ елінің тілеуімен 2000 жылы ҚМДБ-ның Бас мүфтиі болып шығыстану-шы-дінтанушы ғалым, Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің сайлануы тәуелсіз мемлекетіміздің өміріндегі мән-маңызы зор тарихи оқиға болып, халқымыздың діни сана-сезімін ұйқыдан оятып, оны жоғары сатыға көтерді. Жаңа мүфтидің алдында шешімін таппай, қордаланып қалған мәселелер қаншалы-қты көп болса, ол Астана қаласындағы мешіттерде де аз емес-ті. Сол себепті, барлық Қазақстан мешітте-ріндегідей мұнда да жұмысты басынан бастауға тура кел-ді.

«Нұр Астана» орталық мешіті еліміз бен дініміздің мүддесін үйлестіре отырып, діни істер реформасын дін қызметкерлерінің білімі мен біліктілігін һәм мәдениетін, уағыз айту шеберлігін жетілдіруден, халықпен жұмыс жасау әдебін қалыптасты-рудан, киімі мен жүріс-тұрысын нағыз рухани жетекшіге лайықты дәреже-ге көтеруден, имандылық үйлерінің іші-сыртының таза-
лығына мән беруден, жастар-дың діни таным-түсінігі мен сауатын арттырудан бас-тады.
Бұл істе үнемі Бас мүфтидің діни істер реформасын жеті-лдіруге арналған талап-тілектерін, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2005 жылғы сәуір айында дін қызметкерлерімен болған кез-десуінде атап көрсеткен «Діни экстремизммен, лаңкестікпен діни күресті күшейту; Білімді де білікті дін қыз-меткерлерін даярлау; Мұсыл-ман қауымының өз ішіндегі береке-бірлігін нығайту; Діни үгіт-насихат жұмыстарын тиімді жүргізу; Қажылыққа баруды өркениетті түрде жолға қою» деген 5 мін-детін басшылыққа алды. Келешекте де бұл талап-тілектер мен міндеттер Астана діндарларының діни істер реформасын жалғастырудағы басты бағдар-ламасы болып одан әрі нығая түсетіні сөзсіз.

Астана қаласындағы «Нұр Астана» орталық мешіті 2005 жылғы 22 наурызда ашылып, ҚМДБ-ның филиалы ретінде 2005 жылғы 19 қазанда Әділет министрлігінде тіркеліп, сол күннен-ақ қаладағы діни істерді ұйымдастыру басшылығын қолға алды. Мешіттің жұмыс жоспары алдын ала талқыланып, ҚМДБ-мен келісіліп, Бас имамның қолымен бекітілген апталық, айлық, тоқсандық, жылдық жоспар кестесі бойынша жүзеге асырылды. Ол жөнінде мешіт алқасына, ҚМДБ-ға уақытылы есептер беріліп, барлық атқарылған істер өз бағасын алып отырды.
Бас мешіт ашылғаннан кейін ең алғашқы кезекте қолға алынған істердің бірі мешітке келуші жамағатқа имандылық үйінің әдебін сақтау, онда өзін-өзі дұрыс ұстау, басқа мұсылмандармен жақсы қарым-қатынаста өмір сүру секілді мәселелер болып, ол халыққа тұрақты түрде түсіндіріліп, қала тұрғындарының мешітпен мәдени қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал етті.

Қолға алынған үлкен іс-шаралардың бірі – халықтың діни сауатын ашу болды. Мешіт пайдалануға берілісімен-ақ, мұнда жеті жастан жетпіс жасқа дейінгі ерлер мен әй-елдердің діни сауатын ашу курсы ұйымдастырылып, бүгінде курс тұрақты түрде қыз-мет атқарып келеді. Астана қаласындағы діни сауат ашу курстары мен жаз айларындағы қысқа мерзімді лагерлерде соңғы 5 жылда 717 тыңдаушы дәріс алып діни танымын арттырды.

Мұнымен қатар қалада-ғы оқу орындарына – университет, колледж, гимна-зия-мектепттерге бар-ып уағыз айту, жастардың сұрақтарына жауап беру, арнайы тақырыптарда лек-циялар оқу, дөңгелек үстел өткізу имандылық жолында қалыптасқан салтқа айнал-ды. Кейінгі 5 жыл ішінде Астана қаласындағы дін қызметкерлері университет-термен 104, колледждермен 72, мектеп-гимназиялармен 81, абақтылармен 84, емханалармен 58, әскери бөлім-дермен 105 рет кездесу өткізді. Кездесуде асыл дініміздің құндылықтарын дәріптейтін, Алла тағаланың әмірлері мен тиымдары, Мұсылмандық міндеттер, От-басылық мәселелер, Ислам әдебі, Ислами мейрамдар, Дінаралық татулық және тағы да басқа да тақырыптар таңдалып, талқыланып, көке-йкесті сан алуан сұрақтарға жауап берілді.

2007 жылы мешіт жанынан «Астана» медресесі мұсыл-ман шәкірттерге есігін айқара ашты. Оның салтанатты ашылу рәсіміне Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баев пен Дінбасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет қатысты. 2008 жылғы 27 қыркүйекте Білім және Ғылым министрлігі «Астана» медресесіне №0064030, сериясы АБ мемлекеттік лицензиясын берді. Бұл медресе елімізде тұңғыш рет ресми тіркеуден өткен алғашқы орта діни оқу орны. Оған жыл сайын орта мектепті бітірген тәлім-тәрбиесі жақсы, болашақта ислам діні-не қызмет етемін деген шәкірттер арнайы сынақ бойынша қабылданады. Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай. Сондай-ақ, шәкірттер ақысыз білім алады. 2010 жылы «Астана» медресесі алғашқы түлектерін шығармақ. Оларға мемлекеттік үлгіде диплом беріледі. Медресені үздік тәмамдаған шәкірттер діни білімін одан әрі жетілдіріп, жалғастыру үшін басқа да жоғарғы оқу орындарына жіберіледі. Бұл медреседе Нұр Мүбәрәк Ислам Мәдениеті университетінің түлектері мен Астана мешіттерінің имамдары дәріс береді. Медресенің оқу ғимараты толықтай жабдықталып, кі-тапхана қоры Араб елдері-нен арнайы әкелінген 2000-ға жуық әр түрлі қажетті оқу құралдарымен толықтырылған. Қасында 100 шәкіртке арналған жатақханасы мен асханасы және дәретханалары бар. Бүгінде «Астана» медресе-сінің І-курсында – 24, ІІ-курсында – 36, ІІІ-курсында – 24, барлығы – 84 шәкірт діни білім алуда.

Ислам дінінің асыл құн-дылықтары адамдардың жү-ректерінде діни уағыздар арқылы орын алатыны мә-лім. Діни уағыз – Астана мешіттерінің ең жауапты һәм маңызды уәзипасы. Астана қаласындағы барлық мешіттерде қасиетті жұма күні айтылатын уағыздар ҚМДБ-ның бекіткен уағыз жоспарына сәйкес жүргізі-леді. Уағыздар арнайы ау-дио үн таспаға жазылып, көбейтіліп таратылуда. Ал, күнделікті ақшам намазынан кейінгі айтылатын уағыздың тақырыбы да алуан түрлі. Дәрет шарттарынан бастап, ислам ғибадаттарының оры-ндалуы және отбасылық мәселелер мен басқа да қоғамдық міндеттер тілге тиек етіледі. Мұның жама-ғатқа берер пайдасы мол. Өйткені, жұма намазы уа-ғызының уақыты шектеулі һәм тақырыптар да таңдаулы. Сондықтан кешкілік уағызда көкейкесті көптеген тақыры-птарға шолу жасау үшін оңтайлы сәт. Сондай-ақ, 2009 жылдың екінші жартысынан бастап, «Нұр Астана» орта-лық мешітінің Бас имамы Қ.Заңқоев аптаның әр жексенбі күні мешітте «Суар мин хаятис сахаба» атты тарихи кітаптан лекция жүргізуді қолға алды. Саңлақ сахабалардың өмірбаяны мен исламға сіңірген қызметін намазхандар мен медресе шәкірттеріне кеңінен айтып таныстыруда. Мұсылмандық күнтізбе бойынша әрбір жаңа ай басталар алдында оның қадір-қасиетін, ол айдағы айрықша күндер мен түндер жөнінде де халыққа хабар беріп, түсіндіру – бес жылдан бері үзбей жүргізіліп келе жатқан жұмыстардың бірі.

Қаладағы мешіттердің ішінде уағыз-насихат тақталары орнатылған. Оған діни мерекелер мен діни рәсімдер жөнінде таным-дық-ақпараттар, түрлі діни тақырыпта жазылған ма-қалалар мен уағыздар ілінеді. Олардың ішінде ҚМДБ-ның атқарып жатқан сан салалы қызметі туралы хабарлар, muftyat.kz сайтындағы ғылы- ми мақалалар мен жаңа-лықтар да бар. Бұл ақпараттар үнемі жаңар-тылып отырады. 2010 жылы «Нұр Астана» орталық мешітінің жеке ummet.kz сайты іске қосылды. Бұл сайтқа Астана дін қыз-меткерлерінің мақалалары, жұма уағыздары, аудио уағыздары және мешіттердің ұйымдастыруымен өткізілген діни іс-шаралары және басқа да Ислам жаңалықтары ен-гізілген.

Имамдар бұл қызметтермен шектеліп қалмай, Ислам құндылықтарын, ҚМДБ-ның діни істер реформасын бұқаралық ақпарат құрал-дары арқылы да халыққа айтып түсіндіріп, насихаттың өрісін кеңейтуде. Әрбір діни мерекелер, қасиетті күндер мен түндер, Рамазан айы, Қажылық сапары және басқа да өзекті мәселелер бойынша насихат жүргізу үшін қаламыздағы «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Аста-на хабары», «Инфо-Цес», «Нұр Астана», «Ел», «Ислам және Өркениет» газеттері мен «Астана», «Тіл», «Иман», «Рахмет самалы» журналдарымен, «Хабар», «Қазақ-стан», «Астана», «Эра-ТВ», «Мир-ТРК», «КТК», «31», «7», «Қазақ Радиосы», «Астана Радиосы» секілді телеарналар, радиомен ты-ғыз байланыс орнатылған. Мысалы, 2005-2010 жылда-ры аралығында «Эра-ТВ» телеарнасының «Ораза-ның маңызы», «Діни мерекелер», «Руханият», «Жұмадағы жүздесу» мен «На-маз – көзімнің қарасы» атты бағдарламасы мен хабар-ларына тұрақты түрде қаты-сып сұхбат берілсе, «Хабар» телеарнасының өтініші бой-ынша Бас имам Қ.Заңқоев «Бетпе-бет» тікелей эфир бағдарламасына 2005-2010 жылдары 11 рет сұхбат берді. 2007-2008 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының «Күм-без», «Сіз бен Біз» атты бағ-дарламаларына қатысып, өз пікірін білдірді. Қазақ радиосының «Мен қазақпын» танымдық-ақпараттық бағ-дарламасында екі жақ-ты келісілген жоспар бой-ынша 2007-2010 жылдар аралы-ғында әр аптаның жұма күні үзбей елорда мешіт имамдары сұхбат беріп отырды. Сондай-ақ, еліміздегі газет-журналдарда Астана имамдарының 2005-2010 жылдары аралығында 101 діни танымдық мақалалары мен сұхбаттарының жариялануы мен 560 рет теле-арналарға сұхбат беруі – БАҚ арқылы жүргізілген діни үгіт-насихат жұмыстарының бір шоғыры ғана. Сондай-ақ, жыл сайын ҚМДБ тарапынан басылатын «Ислам және өркениет» газеті мен «Им-ан» журналына жазылу қарсаңында қаладағы түрлі қоғамдық және мемлекеттік мекемелерге барып, атал-мыш басылымдардың Ислам дінін танып-білуде атқаратын ролі айрықша екені түсін-діріліп, газетке 2200 дана, журналға 500 дана жазылу ұйымдастырылуда.

Астана қаласында дін мен ғылымды ұштастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Оған қаладағы барша мешіт ұжымы мүдделі. Осының нәтижесінде 2009 жылғы желтоқсан айында Астана діндарларынан ғылы-ми кеңесі құрылып, оның төрағасы ретінде Қ.Занқоев тағайындалды. Бұл ғылыми кеңестің негізгі мақсаты: діни әдебиеттер мен кітапшалар дайындау, ғылыми мақалалар жазу, аударма жұмыс-тарымен айналысу, ғылы-ми семинарлар мен конфе-ренцияларды ұйымдастыру және тағы да басқа іс-шараларға ат салысу. Қазіргі таңда Астана қаласындағы мешіт имамдарының бәрі де жоғары білімді. Олардың бірқатары еліміздегі жоғары оқу орындарының дінтану магистрлері. Имамдар өзде-рінің басты міндеттерін атқарумен, «Астана» медре-сесінде діни және қоғамдық пәндерден дәріс берумен шектеліп қалмай, ғылыми еңбектер де жазумен айналысуда. Мысалы, 2006 жылы «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Қ.Зан-қоевтың «Нұр Астана ме-шіті» атты кітабы үш тілде жарық көрсе, 2005 жылы С.Ғылмани мешітінің Бас имамы Б.Бейсенбаевтың «Тасһийл әд-Дарури» (Шариғат мәселері) атты сұрақ-жауап кітабы шықты. 2009 жылы «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Т.Оспанның «Насихат айттым, жамағат!», «Азан жайлы не білеміз?», С.Ғылмани атындағы мешіттің наиб имамдары Х.Аманқұловтың «Қазіргі заманғы діни мәселелер» (1,2 сериясы), «Мұғалім сәни», «Тәжуд ережелері», «Намаз уақыты», Р.Қамбаровтың «Неке кітап-шасы» атты мазмұнды ең-бектері жарық көрді. Бұл еңбектердің бәрі де ҚМДБ-ның сараптамасынан өткізіліп басылды.

Астана қаласындағы мешіт имамдарының ұйымдастыруымен және қатысуымен 2005-2010 жылдары 35 семинар, 57 дөңгелек үстел өткізілді. Олар қала-да өткен басқа да ғылыми конференция, семинар, дөңгелек үстел басындағы түрлі тақырыпта ғылыми баяндамалар жасап, тақырыпқа қатысты пікірлерін білдіріп, дініміздің ұстанымын ортаға салуда.

«Нұр Астана» орталық мешіті – кіндік қала ело-рдамыздағы рухани орта-лыққа айналып үлгерді. Оған қала мұсылмандары көптеп жиналып, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев, ҚР Үкімет басшысы, ҚР Сенат және Парламент басшылары мен депутаттар, министрлер, мемлекеттік лауазымды қыз-меткерлер жиі-жиі келіп, имандылық шараларына қа-тысады. Мешіт жұмысымен жан-жақты танысып, қайыр-ымдылық шараларына бел-сенді түрде үлес қосып, Рамазан айында ауызашар беріп, Құрбан айт кезінде шынайы ниетпен құрбандық құлшылығын орындауда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайын діни мерекелер қарсаңында Астана қала-сындағы орталық мешітте ел мұсылмандарын ұлық мерекемен құттықтауы дә-стүрге айналған. Сондай-ақ Елбасымыз 2008 жылдың маусым айында Астана қала-сының күніне орай мешіт маңындағы жүргізілген абат-тандыру жұмыстарымен танысып оң бағасын бер-ді. Ал, 2009 жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тұңғыш рет Астанадағы Салтанат сарайында Рамазан айының 29 күні мұсылман жамағатына өз атынан ауызашар дастарханын жайды. Өткен жылдың елеулі оқиғаларының бірі 29 маусымда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастама-сымен Астана қаласында тағы да үлкен 5000 орындық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ірге тасының қалануы.

Бас шаһарға ресми іс-сапармен келген түрлі мем-лекет басшылары, шетелдік қонақтар және дипломат елшілер де ерекше ынта-ықыласпен архитектуралық әсемдігімен көздің жауын алар Бас мешітке бас сұқпай кетпесі анық. Мысалы, 2007 жылы Шешенстан президенті Р.Қадыров, Бразилияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ф.Мэйер, 2008 жылы Түркия мемлекетінің президенті Абдулла Гүл, Катар Мемлекетінің Әмірі Хамад бин Халифа әл-Сәни, Тәжікстан Республикасының Үкімет Басшысы А.Ақылов, Үндістан мемлекетінің және Ливияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері А.Саджанхар, А.Ад-деб, АҚШ Сенатының бір топ депутаттары, 2006, 2009 жылдары «Әл-Азһардың» жоғарғы имамы Шейх Мұхаммед Саид Тантауи, 2009 жылы Ислам Лигасының Бас хатшысы Абдулла бен Әбдел Мухсен әт-Түрки, Түркияның Дінбасысы Ә.Бардакоғлы, Ингушетия елінің президенті Ю.Евкуров, АҚШ елшілігінің діни істер жөніндегі маманы У.Триг, 2010 жылы Түркияның сыртқы істер министрі Ахмет Дәуідоғлы және тағы да басқа мешітке арнайы келген мәртебелі қонақтармен мешіт қызметкерлері кездесіп, өз кезегінде еліміздегі діни ахуал жайын баяндап берді.

Діни мерекелерді өзіндік сән-салтанатымен танымдық-тәрбиелік бағытта өткізу, қайырымдылық шараларын, құранды мәнерлеп оқу, азаншылар байқауларын ұй-ымдастыру – елордадағы имандылық үйлерінің сан қырлы қызметінің басты бір бөлігі. Астана қаласында мүбәрак Мәуліт мерекесі қатарынан үш жыл бойы, яғни, 2007, 2008, 2009 жылдары «Конгресс Холл» сарайында жоғары деңгейде өткізілді. Сарыарқаның төрінде 2009 жылы 20-21 қазанда тұңғыш рет республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысы өтті. Жобаның авторы ҚМДБ-ның Бас мүфтиі, Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазірет. ТМД төңірегінде бұрын-соңды бол-маған бұл аламанда еліміздің әр өңірінен 53 жезтаңдай азаншылар бақ сынады. Жарыстың әділ бағасын беру үшін Түркиядан арнайы кәсіби екі азаншы маман шақыртылды. Астана төрінде қатарынан үш жыл өткізілген Әлемдік және Дәстүрлі діндер Басшыларының құрылтайы қарсаңында мешіт қызметкерлері ислам өкіл-дерінің намаз оқитын бөлмелерін жабдықтап, шет тілдерін жетік білетін имамдар қызмет етіп, ұйым-дастыру алқасына өз тара-пынан мүмкіндігінше жәрдем жасады.

Астана қаласындағы мешіттерде Ислам құндылық-тарын уағыздау, имандылық шараларын жүргізу, діни мерекелерді өткізу, діни сауат ашу, қайырымдылық жасау, жастарды ізгілікке тәр-
биелеу, басқа ағымды насихаттаушы миссионерлерге батыл той-тарыс беру жұ-мыстары соңғы бес жыл ішінде сауатты да санатты жүргізілгендіктен мешіт-терге келуші жамағат жыл-дан жылға көбейіп, басқа ұлт өкілдерінің ішінде Ислам дінін қабылдаушылар қатары да күн санап өсе түсуде. Ең бастысы, Астана қаласы дінаралық, ұлтаралық тату-лық берік орныққан алтын бесікке айналып отыр.

5717
(Голосов: 2, Рейтинг: 3.02)
Поделиться:
INFOPAINTING

Удобный выбор штукатурки

Каталог товаров. Декоративные покрытия.

tophouse.ru