АСТАНА АЙНАСЫ

Қазақтың мемориалдық құрылыстары Мәдени, тарихи асыл ескерткіштеріміз

Түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев: «Әр түрлі халықтар адамдарының бір-бірінен айырмашылығы тек өмір сүру әдеттерінен емес, негізінен олардың өлген адамға көзқарасынан көрінеді», - деген екен. Ал біздің қазақ «Тумақ жерде өлмек бар», - деп жеке адам өмірінің шектеулі екендігін мойындай отырып, «Өлі риза болмай, тірі байымайды», - дейді. Осылайша аруаққа құрмет көрсетуіміздің асыл парызымыз екенін, оларға дұрыс құрмет көрсете алсақ қана сауапқа бөленетінімізді, өмір жолымыздың бақыт пен берекеге толатынын есімізге салады. Мұны ес білген ескі заманнан-ақ қазақ халқы мерейлі міндеті, ата-баба аманаты санап, фәниден бақиға көшкендерді арулап ақтық сапарға аттандырып, бейітінің басына там, кесене, мазар салып, аруағын ардақтаған.
Тарихи мемориалдық құрылыстардың түрлері Қасиетті қазақ даласында мың жылдан астам уақыт бойы қабірлердің үстіне салынып келген кесене, мазарлардың бәрі тарихи, мәдени мемориалдық құрылы-старға жатады. Біздің елімізде оның түрлері өте көп. Біз соның үлкен топтарына ғана тоқталсақ.

1. Үсті ескерткіш ұзын қабірлер кімдерге салынды?

Бұлар – төртбұрышты қорғандар. Ұзындығы 40-50 метрге дейін жетеді. Олар Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың қазақ жеріне ең алғаш Ислам дінін таратқан жақын көмекшілерінің қабірінің үстіне тұрғызылған ескерткіш белгілер. Естуімізше, бұл кісілер қолбасшылар болыпты (Хазрет Али, Сәдуақас, Қоян-ата, Ұзын-ата). Ел есіндегі аңыздарда олар- дың бойларының ұзын, үлкен болғандығы, аяқтарының қабір-ге сыймай, өсіп шыға бергені, содан осындай ұзын қабірлердің салынғандығы айтылады. Әр кездері салынған мұндай құрылы-стардың астында қабірдің болмауы да мүмкін, дейді мамандар.

2. Мавзолейлер кімдерге салынды?
Мұндай тарихи мемориалдық ескерткіштер сопылық дәстүрге байланысты әулиелерге салынған. Оған Исмайыл атаның, Арыстан бабтың, Қарабураның, Араб-ата- ның, Көктондының, Шопан атаның, Зеңгі бабаның, Ақтан сопының, Мұқым атаның, Ойсыл қараның, Фатиманың мавзолейлері жатады. Олар жергілікті халықтың күшімен сол аймақтағы әулие орын ретінде салынған. Тек Қожа Ахмет Иассауидің соңғы мавзолейі үлкен кешен ретінде Әмір Темірдің бұйрығымен бой көтерді.
3. Мазарлар мен кесенелер кімдерге салынды?

Олар қазақ руларының ұлы ата-бабасына, жергілікті аймақтағы әулиелерге арнап орнатылды. Домалақ ананың, Жарықшақ әу-лиенің, Үйрек атаның, Үндемес атаның, Ахмет ишанның, Қорқыт атаның, Түкті Шашты - Әзиз бабаның, Диқан бабаның, Қошқар атаның мазарлары мен кесенелері оларды ұлықтап, халықтың жан-жақтан ағылып келіп зиярат етіп қайтатын киелі орындарға айналып отыр.

4. Сахнатам кімдерге салын-ды?
Оны Қазақстанның барлық жерінен де кездестіруге болады. Төрт қабырғалы, үсті ашық, кішігірм қорған тәрізді. Оған қазақтар әке-шешесін жерлеген.

Мемориалдық құрылыс материалдары
Халықтың мемориалдық сәулет құрылыстары сол кездегі таным-түсінігіне, діни көзқарасына, материалдық жағдайына, қоғам-дағы әлеуметтік хал-ахуалға бай-ланысты сан алуан түрлі болып салынған. Ислам діні халықтың ата-баба аруағын сыйлау дәстү-рімен ұштасып, мавзолей, мазар, кесенелер салуда ерекше сәулеттік шешімдегі тарихи ескерткіштердің қалыптасуына берік негіз қалады. Ислам діні ата-баба қабірінің басына зәулім мемориалдық құры-лыстарды салуға міндеттемейді. Бұл халықтың өз дәстүріне, қалауына сәйкес бой көтеретін ескерткіштер. Мемориалдық құрылыстарға көбінесе жергілікті балшықтан күйдіріп жасалынған кірпіштер, қа-шап алынған тау тастары, сырттан әкелінген мрамор, гра- ниттер пайдаланылған. Қазақ-стан жерінде өңделмеген тақ-тай тастардан салынған еңселі күмбездер, әртүрлі тау жыныстары-нан тұрғызылған кесенелер де бар. Түркі дәуірінде өлген адам-дардың қабірінің басына тас мүсіндер, балбалдар қойылып, түркі хандарының бейітіне оның кім екені, кейде бүкіл өмірбаяны жазылған тақтай тастардан ескер-ткіш-белгілер қойылған ғой. Бұл дәстүр қазақ халқында әлі күнге дейін сақталған. Маңқыстау түбе-гіндегі, Үстірт атырабындағы, Сам құмындағы, Жем, Сағыз, Жайық өзендерінің бойындағы жұмсақ бор тастан, сұр құм тастан, қызғылт қабыршық ұлу тастардан біздің ата-бабаларымыз ерте кезден-ақ өте көрікті, сапасы жоғары сан алуан ескерткіш-белгілер жасап, қабірлердің басына орнатқан. Оны тас қашағыш шеберлер дүниеге әкелген.
Біз енді мазар, кесене, күмбез-дердің қандай ғимараттар екендігіне қысқаша тоқталсақ.

Бейіт басындағы сәулет ескерткіштері
Кесене – 1) Қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш. 2) Түркі халықтары үйді, қоныс-тұрақтарды, төбесі жабылған құрылыстарды да кесене деп атаған. Орта ғасырда қыпшақтар – «кезене», малқар мен қарашайлар – «кешене», қырғыздар – «қасана», қабардалықтар – «чамана», ингуштар мен шешендер – «каши» десе, қазіргі түріктер сәнді-салтанатты оңаша үйлерді, сарайларды «Какапе» деп атайды. Қожа Ахмет Иасауи, Қожа Толығ кесенелерін көп ел біледі.

Күмбез – жалпы жобасы шеңберленіп келген (кейде көп қырлы, эллипске ұқсас) ғимарат-тардың төбесін жабуға қолданылатын құралымдық бөлік. Күмбез жасау б.з.б. 3 ғасырда белгілі болған. Ғимараттарды, діни құрылыстарды күмбезбен жабу әсіресе, Орта Азия сәулет өнерінде ертеде-ақ кеңінен өрістеген. Қазақтар төбесі жабылған мазарларды да күмбез деп атай береді. Жошы хан күмбезі, Алаша хан күмбезі және т.б.

Мазар – мұсылмандардың қай-тыс болған адамдардың қабіріне тұрғызған сәулет ескерткіштері. Мазар салу Таяу Шығыс, Орта, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның мұсылман елдерінде ерте кезден келе жатқан дәстүр. Осындай көне ғимараттар: Ауғаныстандағы Мазари-Шариф пен Герат, Ирактағы Неджеф пен Кербала, Ирандағы Мешхед пен Кум, Өзбекстандағы Бұқара мен Хиуа, Қазақстандағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазарлары. Әрине, бұлар халықтың көбі білетін мемориалдық құрылыстар.

Кесене, мазарлардың көркемдігі
Мазарларда әшекей-өрнектер кеңінен пайдаланылады. Қазақ даласындағы күмбезді кесенелердің қабырғасынан оның өрнекті кірпі-шпен өріп тұрғызылғандарын да көруге болады. Бабажы қатын, Айша Бибі, Қарахан мазарларының қабырғалары осылай салынғаны көрініп тұр. Жалпы, мұндай өрнекті кірпішпен өріп тұрғызылған мазарлар қазақ жеріне он бірінші ғасырдан белгілі болған-ды. Қабы-рғаларын Алаша ханның күмбезі тәрізді қыштан кілем өрнегі үлгі-сіне ұқсатып қалау да қазақ сәу-летшілері қолданған үздік үлгі. Тіпті, күмбездің аркасын жебенің үшкір басына ұқсатып, екі жағын өрнекті бағаналармен көмкеру де қазақ даласындағы кесенелерде кездеседі. Соның бірі Мамышбектің жұбайы Баршын сұлудың қабіріне салдырған көк кесенесі. Ол сал-жұқтар заманындағы сәулет өне-рінің үлгісінде биік мұнаралы болып бой көтерген. Қазақ жерінде төрт бұрыштық пішінімен дөңгелек күмбезге бұрыштық қуыстар арқы-лы да жалғасатын кесенелер (күмбездер) бар. Оған Кетебай күмбезін (Ұлытаудағы) жатқызуға болады. Тіпті, мазарларды салға- нда алдыңғы беті мен ішкі қабыр- ғаларына әртүрлі оюларды пайда-ланған мазарлар да тұрғызылған. Бұл оюлар: көгеріс өрнек (гүлдер, желектер, гүл түйнектері), зоомор-фтық (түйетабан, қос мүйіз, сыңар мүйіз), геометриялық (дөңгелек-тер, үшбұрыштар, шаршы тор-лар) және космогондық (ирек өрнек) нақыштар. Оны Сенек қорымындағы мазарлардан (19-20 ғасырлар) көруге болады. Кейбір күмбездердің астыңғы жағы төртбұрышты да, жоғарғы жағы күмбезді. Тектұрмас күмбезі (Талас ауданы) солай салынғаны белгілі. Ал Ақтөбе аймағындағы Сүндет күмбезін текше пішінде салып, 8 қырлы қабырғасының үстін барабанды күмбезбен ұштастырған да, алдыңғы қабырғасы мен маңдайшасын бедерлі оймыш және түйе табан өрнекпен әсемдепті. Қазақ даласында салынған көптеген бейіттердің діңгегі барабансыз. Кейбір көне кесенелердің қасбеті әртүрлі мәнермен қаланған және әртүрлі дәрежеде күйдірілген ромб түрінде безендірілген. Ақсақ Темір дәуірінде сәулет өнерінде порталды – тақталы дәстүрдің кесене салуда қолданылғаны мәлім. Оның іздерін қазақ даласынан табу қиын емес. Тіпті кесенелердің ішінде қабырғаларының өнбойы карнизбен көмкерілген, төменгі жағы терракотамен, тақта тастар-мен әшекейленген, кірер бет маң-дайшасына арабша жазылған мазар- лар да бар дейді, қазақтың мемориалдың құрылысын зерттеу-шілер. Бейіт басындағы сәулет өнері ескерткіштерінің бір тобы – қабырғалары геометриялы және шырмауықты ою-өрнекті, іргелігі сегіз қырлы, ол сатылай өріліп, шошақ күмбезбен жалғасқаны. Мұның бәрі елімізде ерте кезден-ақ мемориалдық құрылыстарда сәулет өнерінің небір озық үлгілерінің қолданылғанын, күмбезді кесенелер салған шеберлеріміздің ой-қиялы-ның ұшқыр, эстетикалық талғаманың өте жоғары болғандығын танытады.

Қазақ даласында бой көтерген мемориалдық құрылыстардың ішін- де сағанатамдар (сағана және там) салыну, көркемделу жағы- нан өте ерекше. Сағана – там-дар орта ғасырдан бастап белгі- лі болған мәдени, тарихи иманды- лық ескерткіштері. Тек 19-20 ғасыр- лардың бас кезінде салынған сағанатамдар өзіндік үлгісі жағы-нан екі түрге бөлінеді. Олар: тұтас тұлғалы, қабырғалары пилястра-лармен нақышталған; төрт бұрышы монументті бағанамен көмкеріліп, бағана аралықтары ою-өрнекті порталдармен тұтастырылған. Мұн- дай мемориалдық құрылыс ескер-ткіштерінің қалың елге белгілілері: Маңғыстаудағы Нұрмағамбеттің (Асанқожа қорымында), Есқожаұ-лының (Шат бейіті), Үстірттегі Жәмира бәйбішенің, Уәлінің (1920 ж.ш.), Бошыбайдың (1916, Қайыршы ишан бейіті), Жем бойындағы Қойлыбайдың сағанатамдары.

Сағанатам құрылысындағы ере- кшелік: шаршы жобамен тұрғызы-луы, төбесінің ашық болуы, алдыңғы және артқы қабырғаларының көте-ріңкі қалануы, төрт бұрышында бағана тіреу пішінінде төрт құлақ- тың орнатылуы. Және де сағанатам-дардың көбісінің қабырғасы жалпақ пилястра және тайыз ойынды қуыс жүйесімен бөлшектеп әшекейлене-ді.

Қоржын там
Сәулет өнерінің көрікті ескерткіші саналатын күмбезді бұл мазар Торғай өңіріндегі Амангелді ауданы орталығының оңтүстік жағындағы қорымда тұр. Халық оны «Сатыбалды ишан тамы» немесе «Файзолла ишан мазары» деп атайды. Сатыбалды Ғабдоллаұлы (лақап аты Қыпшақ ишан) 1826 жылы Торғай уезіндегі Қайдауыл болысының Шомаң Қарасуы макенінде дүниеге келген. Әке-шешесінен жастай айрылса да апасы Мұғалиманың арқасында ауыл молдасынан сауатын ашып, Ташкентте, Бұқарада дін оқуын бітірген Сатыбалды 14 жыл бойы білім алып, ишан атанып, 1862 жылы Мекке – Мәдинаға қажылыққа барып үлкен беделге ие болады. Оны естіген Торғай билеушісі (Правитель) Сүлеймен төре елге шақыртып алып, ол елді имандылыққа бастайды. Сатыбалды ишан 1898 жылы қайтыс болғанында оның үлкен ұлы Мырза ишан Ташкенттен арнайы шеберлер алдырып, осы қоржын тамды салдырады. Оның төргі бөлмесінде Сатыбалды ишан, жанында баласы, құранқари Фай-золла ақын Сатыбалдыұлы мен Омар қалпе Тепекұлы жатыр. Өздеріңізге белгілі, қалпе – Ислам дінінің Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабында діни атақ, Түркі халықтары арасында мүжтаһид ғалымдар (ислам ғалымдары), қазақ қоғамында күнделікті күйбең тіршілікпен араласпайтын, шариғат шарттарын қатаң орындайтын діндар, тақуа адам. Омар қалпе қайтыс боларында өзін өмірде қатты сыйласқан Сатыбалды ишанның қызыл тамының жанына жерлеуді аманат етіп тапсырады. Алайда Сатыбалды ишанның баласы Шәріп (Шаһауидден) оны мазардың ішіне жерлеткізеді (1871-1932).

Кейін Файзолла ишан да (1882-1959) осы мазардың ішінде жер қойнына беріледі. Кесене екі бөлмелі, қос күмбезді. Әуелі шикі кірпішпен қаланған да, іші-сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Бұл кесененің ерекшелігі: Құбыла жағына екі, бүйірдегі қос қаптал қабырғаларына төрт доғал таяз қуыстың түсіріліп, сәнделгені. Қоржын тамның шығыс жағында төбесіне шығаратын баспалдағы бар. Тақта кірпіштен өріліп, басына ай кескіні орнатылған күмбездердің аумағы әртүрлі. Адамдардың зираттарының орна-ластырылуы сағана түрінде. Халық «Қоржын там», «Сатыбалды ишан тамы», «Файзолла ишан мазары» деп атап кеткен бұл кесененің аумағы 10,5х5,5 метр, биіктігі 6,88 метр. 1980 жылы оған Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің Ж.Шәйкен жетекшілік жасаған экспедициясы зерттеу жұмыстарын жүргізді, 1983 жылы қоржын там мемлекет қарауына алынды. Оған 1991 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қоржын тамның гранитпен қапталып, Файзолла ишан мен Омар қалпенің басына ескерткіш белгінің қойылуына, кіреберіс бөлмесінің кафелденуіне кәсіпкер Сапар Ысқақұлы ұйытқы болды.

Кеңес дәуірінде Торғай өңірінде кесене, мешіт, медіреселер жаппай қиратылып, құлатылғанында Са- тыбалды ишан мазарын да жер-мен жексен етпекші болған. Сон-да қолдарына балта, қайла ұстап мазарды құлатуға оқталған екі адамның бірі тамның төбесінен жерге құлап өліп, екіншісі жын-данып кетіпті.

5046
(Нет голосов)
Поделиться:
INFOPAINTING

Сауна! Финская и турецкая парная

Оздоровительный комплекс. Бильярд, ресторан, комнаты отдыха.

spb.vparilke.ru