АСТАНА АЙНАСЫ

Көшпелілердің үй жиһаздары Таңғажайып қолөнер туындылары . Шығыстың озық мәдениетін мойындағысы келмейтіндер көшпелілер (сақ, ғұн, қыпшақ) бертінге дейін отырықшы болып үй салған жоқ, егіншілікпен айналыспады, олардың кейінгі ұрпақтары қазақтардың да Ресейге қосылғанға дейін мәдениеті, өнері, білім, ғылымы болмады деп қасақана тарих шындығын бұрмалап келеді. Тіпті, олар құрылысы ерекше киіз үйді біздің ата-бабаларымыздың қалай ойлап тапқанына мән бермей, оның ішінде ерте кезден-ақ небір сәнді қолөнер 
туындылары – үй жиһаздарының да болғанын еске алмайды.

Көшпелілердің үй жиһаздары Таңғажайып қолөнер туындылары

Шығыстың озық мәдениетін мойындағысы келмейтіндер көшпелілер (сақ, ғұн, қыпшақ) бертінге дейін отырықшы болып үй салған жоқ, егіншілікпен айналыспады, олардың кейінгі ұрпақтары қазақтардың да Ресейге қосылғанға дейін мәдениеті, өнері, білім, ғылымы болмады деп қасақана тарих шындығын бұрмалап келеді. Тіпті, олар құрылысы ерекше киіз үйді біздің ата-бабаларымыздың қалай ойлап тапқанына мән бермей, оның ішінде ерте кезден-ақ небір сәнді қолөнер туындылары – үй жиһаздарының да болғанын еске алмайды.
Ертедегі жиһаз түрлері Көшпелілердің үй жи- һаздары мен ыдыс-аяқ-тары күнделікті тұрмыс жағдайларына байланысты ағаштан жасалып, сүйек, түрлі-түс- ті металмен қапталды. Олардың көп тараған түрлері: төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, сандық, әбдіре, жағлан, ұзатылатын қыздардың қол санды-ғы, асадалар, қант шақ-қыш тоқпақ, саба аяқ, піспек, астау, табақ, те- гене, шара аяқ, тоста-ған, ожау, қасық, кү-бі, ағаш шелек, келі, келсаб, тағы да басқа бұйымдар.

Қазақ шеберлері ағаш- тан жасалатын үй жи- һаздары мен ыдыс-аяқ-тың бетіне ою ойып, оны бояп, өрнектеп, жарқы- раған тастармен, шыны- лармен көркемдеген. Осынау атақты шеберлерден, ұсталардан есі- мі ел арасында аңыз болып сақталып қал-ғандарының бір тобы: Шымкент өңірінде өмір сүрген «Бес ұста» - Құлжан, Батырқұл, Бай- лар, Айдарқұл, Құрман-құл, Торғай жерінде тірлік кешкен қыржігіт Науан (Наурызбай) ұс- та, Баянауылда туып- өскен Айдабол руының Қошетер деген атасы- нан шыққан «Қошеттер ұсталары», Қақабай ше- бер, Шығыс Қазақстан-ның Ұлан елді мекенін-де түтін түтеткен Рахымбай балташы. Бұл шеберлердің жасаған үй жиһаздары, ыдыс-аяқтары, ағаштан қиыс- тырып салған үйлері, сәндеп соққан зергер- лік заттары, ат әбзел-дері туралы халық жыр қылып айтады. Ал осы атақты Науан ұстаның қолөнер шебері атан-ған апасының өзі құйып жасаған қол төсі біздің үйде ата-бабаларымыз-дың асыл мұрасы ре-тінде сақтаулы тұр.

Ағаш төсек – жатып тынығуға арналған үй жиһаздарының баға-лысы. Оны Төсек ағаш деп те атайды. Кейде төсағаш, керует деп аталатын осынау жи- һаздың көркем жасал-ғандарының тағы бір атауы: «сырлы төсек», «күмістелген төсек», «сүйектелген төсек», «оюлы төсек». Бұлар-дың екі басын жатуға ыңғайлы етіп, жалпақ арқалығымен бірге бө-лек дайындайды, ол қайқылау келеді. Оның сүйек, күміс, әр түрлі тас- тармен, көк сауыр был- ғарымен, қызғылт сары, күрең сары, жасыл қо- ңыр бояулармен өрнек-телген екі беті төсек ағаштың төрт аяғымен тұтасып, ерекше сән-салтанат беріп тұрады. Оның бірнеше түрі бар. Қазақстанның солтүстік, оңтүстік – шығыс және орталық аймақтарында жасалған төсек ағаш-тың ең көне түрлерінің сипаты мынандай: екі басы тым шалқақ және жайдақ, төрт аяғы ішке қарай кіріңкі немесе тіп- тік. Қазақстанның шы- ғыс және оңтүстік ай-мақтарында жасалған түрлері: бастары тым шалқақ, алты немесе сегіз аяқты. Омбы жә-не Павлодар төңірегінде болған төсек ағаштар: бір жақ басы тым шал-қақ, аяқ жағында сүйе- ніші жоқ кушетка тә-різді. Торғай жеріндегі төсек ағаштар: тіп-тік төрт аяқты, екі басы әлдеқайда қысқа, сәл шалқақтанып барып жо- ғары жағы имектеу кел- ген. Ақтөбе атырабын-дағы төсек ағаштар: бас- тары түзу ағаштан жа-салған, сәл ғана шалқақ орналасатын сүйеніші бар. Қазақстанның сол-түстік-шығысында кездескен түрлері орыс үл- гісінде жасалғандар. Тө-сек ағаштардың ортақ ерекшелігі: олардың бет жағы ғана көркемделеді, барлық бөліктері алма- лы-салмалы. Қазақстан-ның солтүстік – батыс аудандарында бұрында-ры төсек ағаштың екі басы мен бет жағы тұ- тас ағаштан шабылып, тік аяқтары бөлек да-йындалатын-ды. Торғай өңірінен табылған бір төсек ағаштың сүйегі жеңіл, ісі жатық, жо- ғарғы сүйеніші мен сира- ғы біртұтас қисық ағаш-тан шабылып жасалған екен. Кезінде оны тамашалап көргенбіз.

Адалбақан – киім ілу-ге арналған, бұтақша-лы бақан түріндегі үй жиһазы. Оның киіз үйде ас сақтау үшін қоршал-ған өреше шидің бір басын сүйейтін ашалы қа-да түріндегілері де бар. Адалбақанның жоғарғы басын уыққа тіреп қо-яды. Өн бойындағы бұ-тақшаларға азық-түлік салынған дорбаларды, ыдыстарды іліп қоюға болады. Шеберлер адал-бақанды ағаштан да, темірден де жасап, өн бойын алтын, күміспен өрнектей- ді. Қазақ халқы адалбақанды таза, қасиетті мүлік санайды.

Асадал – тамақ, ыдыс- аяқ сақтайтын бұйым. Бетіне түрлі-түсті нақыш- тар салынады, үстіңгі бөлігі қақпақталады. Оны орыс тілінде шкаф деп те атай береді. Асадалдың дәстүрлі бірнеше түрі болған. Ең көнесі қазір-гі тумбочка тәрізденіп енінен биіктігі артық етіп жасалады, екінші түрі ені мен биіктігі шамалас болып әзірленеді. Үшінші түрінің биіктігі кебежедей болып, ені биіктігінен 1,5-2 есеге жуық артық, ұзынша бо-лып келеді. Төртіншісі қазіргі буфет тәрізді. Қа- зақстанның археология мұражайында болғаны-мызда, біз мұндағы аса-далдардың беттерінің түгелдей сүйектеліп, кү- містелгенін, екі, бір ашпалы есігі, көлденең су- ырмалары бар екенін көргенбіз. Негізінен, аса- далдардың оюлары ойы- лып, сүйекпен көмке-рілгендері Жамбыл өңі- ріне, бетіне өсімдік тек- тес өрнектер салынған-дары Қазақстанның батыс аудандарына, тұр-қы ұзын әрі аласалары Семей, Орал аймағына, буфет тәрізділері Көкше- тау өңіріне тән. Көкше- таудың Сырымбет ауы- лынан табылып, мұра-жайға қойылған бір асадалдың төрткіл іші-не қауызын жарған гүл тәріздес ою бедерленіп, айналасына қошқар мү-йіз өрнек жүргізілген, астыңғы және екінші ор- таңғы бөліктің екі жа-нындағы төрткіл ішінде- гі шеңберге сегіз бұ-рышты жұлдызша сабақ-тары түйістірілген алты жапырақ ақ реңге әр түрлі бояумен салынған, асадал үш бөлік болып жасалған. Жастық ағаш – құс жастықтың астына салынатын ағаш тиянақ. Қазақтың екі басы қай- қы ағаш төсегінің бір бөлшегі – жастық ағаш- ты шеберлер кепкен қайың, қарағай, үйең-кіден тақтайлап, қашап, қиюластырып жасайды, биіктігі 25-30 сантиметр болады, көлденеңі бір немесе екі кісілік. Бет жағын оюлап, бояйды, сүйектеп де өрнектейді, күміс, мыспен де әше-кейлейді. Кең тараған жерлер: Атырау, Торғай, Батыс Қазақстан өңі-рі. Бұрындары жастық ағашты ата-аналары оң жақта отырған қызда-рына арнап жасататын-ды. Жастық ағаштың барлық бөлшектерін бі- ріктіріп тұратын екі қа-зығы болады, олардың арасын 2-3 немесе бір ғана жалпақ арқалық тақтай қосып тұрады да, ол жастық ағаштың бас жағы болып саналады. Оның ішкі жағынан көлбей тақтай мен бас аралығында пайда бол-ған доғал бұрышқа үш бұрышты қолтықша ті- реуіштер бекітіледі. Жа- салу тәсілі дәстүрлі тө-сағашқа ұқсас жастық ағаштың қарапайым түр- лері бұрын Торғай өңірін-де көп кездесетін – ді. Жүкаяқ – үйдегі жи- налған жүк астына қо- йылатын жиһаз. Төрт аяқты етіп, ағаштан жа- сайды. Ол төрт бөлшек-тен тұрады. Үстіңгі ұзын ағашы да, аяқтары да жалпақ болады және де аяқтары үстіңгі ағаштың екі шетіне қиюластыры-лады, екі аяқтың арасы төменгі жағынан жіңіш- ке тақтаймен қосыла-ды, бет жағы түгелдей түсті бояулармен әсем өрнектеледі. Әрбір бөл-шек бетіне жүргізілген ою-өрнектердің үйлесім-ділігі – жүкаяққа қойы- латын басты талаптар-дың бірі. Жүкаяқтың ерек- шелігі: екі аяқ беттерін-де қошқар мүйіз оюлар тоғыса орналасады, үс-тіңгі жалпақ, астыңғы жіңішке ағаштардың бет- теріне өсімдік тектес әде- мі ою-өрнектер жүргізі-леді. Жүкаяқтың ұзын тұрқы – 140 сантиметр, биіктігі – 50 сантиметр мөлшерінде. Сандық – киім-кешек, тағы да басқа заттарды салып қоюға арналған жиһаздардың көрікті түр- лерінің бірі. Көп халық оны ерте кезден-ақ пай- даланып келеді. Ағаш-тан жасалып, сырты өр- нектеп сырланады, қа-ңылтырмен қапталып, әшекейленеді. Сандық-тың үлкені - әбдіре (абдыра), кішкентайы – қолсандық, кесе, аққұ-ман тәрізді үй әбзелде-рін салуға арналған тү- рі – бөгіребас. Сандық- тың алдыңғы беті қа- ңылтырмен қапталғаны – қаптама сандық, ал- дыңғы жағы оюлы был- ғарымен көмкеріліп, асыл- тас орнатылғаны, күміс әшекей бастырылғаны – жағылан деп аталады. Кебеже - құрт, сүр ет сақталатың ыдыс. Ол сандықша үлгіде жасалады. Төрт тағанға тақ- тай құрастырып, өрнек- теп боялады, сүйектен, күмістен өрнек салына- ды, күміс мық шегеле-неді. Кебежені түйеге теңдеп, ішіне жас балаларды да отырғызған. Қазақстанның барлық аймағында кебеженің кескіні мен жасалу тәсі-лі бірдей болғанымен, бет жағын көркемдеуі әр қилы. Орта есеп бо йынша, кебеженің ұзын-дығы – 70-90, биіктігі 40-50, ені 40-45 сан-тиметрдей. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы қазық арқылы біріктіле-ді. Шеберлер кебеженің бет жағына келетін екі қазық беттерін, оның басы мен аяқ жағын мүсіндеп, көркемдейді. Халел Арғынбаев кебе-женің әсем бір түрі туралы былай деп жазады: «Сүйектелген ке-беженің тағы бір түрін Торғай өңірінен көрдік. Мұндай кебеже бетінің үстіңгі және астыңғы жиегіне, екі басына 12 тік бұрышты сүйек әше-кейлері зергерлікпен қи- юластырылған. Бұлар-дың астына қызыл шұға төселген. Кебеже беті-нің ең ортасына үш жер- ден төрт-төрттен бірік-тірілген сыңар мүйіз тә-різденіп жонылған сүйек әшекейлер орнатылған. Әрбір сүйек әшекейдің беттеріне ортасында но- қаты бар шағын шең-берлер сызылған». Абажа – кебеженің үлкен түрі, үй жиһазы. Оны тақтайдан жасай-ды. Киізбен, былғарымен, қаңылтырмен де қапта-лады. Мұнда ыдыс-аяқ, тамақты сақтап қояды. Оның астына әшекейлі жү- каяқты да қоюға болады. Әбдіре (абдыра) – зат сақтайтын үлкен сандық. Сыртын қаңылтырмен әшекейлеп қаптап та қо- яды. Этнографтар абды- ра сөзін түркі тілінде «абық», «абыт» (бірдеңе- ні «тығу», «жасыру») сө-зінен шығуы мүмкін деп те жорамалдайды. Қазір де әбдіре, сандықтың басқа да түрлері жасалып, тұрмыста қолданы-лып жүр.

Жағылан - сандық-тың көне түрі. Қазақ даласында ХҮІІІ-ХІХ ға- сырда кең тараған. Киім- кешек басқа да бұйым-дарды ішіне салып қоя- ды. Үлгісі әбдіре тәріз- ді. Оның негізі жұқа тақтайлардан құрасты- рылады, сырты түгелдей былғарымен қапталады, бет жағы ғана әр түрлі әдіспен көркемделіп, ұзындығы 60-70, ені мен биіктігі 30-35 санти- метр болады. Сыртын-дағы былғарыға қошқар мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз сияқты ою-өрнек- тер жүргізіледі. Жағлан-ның бетінің дәл ортасы- нан дөңгелек, екі шеті-нен жапырақ тәрізді дөңес көздер көксауыр былғарымен ойыстыры- лады да, төрт бұрышын-дағы дөңгелек жұлдыз тәрізденіп бастырылған өрнектің ортасына күміс көздер орнатылады. Кей- бір жағыландар қызғылт былғарымен де қапта-лады. Қолсандық – ұзаты-латын қыздарға арнап жасалатын, киім-кешек, әртүрлі заттар салына- тын бұйым. Ол бұрын-дары қыз жасауының құрамына кіретін-ді. Кө-лемі шағын, ұзындығы – 45-50 сантиметр, ені 20-30 сантиметр, биіктігі – 15-20 сантиметр болып келеді. Ағаштан жасалып, біртүсті бояумен сырланады. Сән қуған адамдар оның беттері-не нұсқалы, бедерлі ою- лар ойғызған, түрлі-түсті бояулармен сан қилы ою-өрнектер салғызған. Оны жасатқанда неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекей- лермен де безендірткен. Көркемдік ерекшелікте-ріне қарай қол сандық-тар төрт топқа бөлінеді. Оның бірінші топқа жататын ең тәуірі – сырты түгелдей сүйектеліп әсемделгені. Ақтөбеден табылған осындай қол сандықтың бірі төрт жа- ғы тегіс, қақпақтың төрт жиегі мен төбесі то-лықтай түйе сүйегінен кесіліп жасалған сан алуан әшекеймен өрнек- теліпті. Ал, қол сандық-тың жиектеріне қиыс- тырған сүйек әшекей-лердің бетіне қос мү- йіз оюлары жүргізілген. Алдыңғы бетіне үш үл-кен шаршы ойыстырылып, олардың арасында, астыңғы жағында шебер қиюластырылған сү- йек әшекейлердің бетте- рінде әдемі оюлар бар, астына жез, шұға тө-селген. Қол сандықтың екінші тобы: бет жағы түрлі-түсті бояулармен өрнектелгені, үшінші то- бы: алдыңғы беттері өте күрделілері. Онда өсім- дік тектес және геомет-риялық кескіндер бейне- сінде бедерлі оюлар ойы- лады да, түрлі-түсті бояулармен нақыштар са- лынады, төртінші тобы:

алдыңғы беттеріндегі өсімдік және геометрия-лық кескіндердің бір-бірімен айқасып жататыны, ақ, қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен әрлеу арқылы бір жазықта ойылған ою- лардың 2-3 қатар дең-гейде ойылғандай етіп көрсетілетіні. Қол сан-дықтың қас беттері, екі жаны, қақпақтарының тө-бесі тегіс сүйектеледі. Аяққап – киізден жасалып, ішіне көшкен үйдің ыдыс-аяғы салы- натын бұйым. Ол төрт бұрыштап киізден тігі-леді, аузын жауып тұ-ратын ілгекті қақпағы бар. Қақпақтың бетін шұғамен, барқыт тәріз-ді матамен өрнектейді, жиегіне түрлі шашақ-тар тігіледі. Аяққапты түйеге, арбаға теңдел-ген жүктің үстіндегі ша-ңыраққа байлап, алып жүрген. Сәкі – үй ішінің жи- һазы (диван). Ол – аласа отырғыш, екі басын- да аяғы бар ұзын орын-дық. Төр алдында жер- ден (еденнен) көтерің-кі орынды, тақтайдан, кірпіштен қаланған нар- ды да сәкі деп атайды. Сүйек төсек – ағаш төсектің жақтаулары-на сүйектен өрнек сал-ған, әшекейленген түрі. Оған қазақ шеберлері түйенің, жылқының жа- уырын сүйектерін, қа- бырғаларын пайдалан-ған. Ол үшін сүйекті ма- йынан тазартады, жұм- сарту мақсатында суға салып әбден қайната-ды, сосын барып одан әшекейлер дайындай- ды. Сүйек төсектің жақ-тауын шекітіп, күміс, түрлі-түсті асыл тастар орнатады. Астау - ағаштан ойып жасалатын, сырты өр- нектелген ас салатын ыдыс. Қазір кейбір өңі-рде, кейбір мейрамханаларда етті астаумен тарту қайта жаңғырып отыр. Астаудың мал суаратын да түрлері бар.

Күбі – қымызды сау- малдай құйып, пісу ар- қылы ашытып, тұщыта-тын ыдыс. Ол екі түр- лі тәсілде жасалады: тұ- тас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып, кеңейту арқылы; әр түрлі ағаш-тардан бірнеше бөлік жіңішке тақтайшалар-ды темір құрсаулармен бекіту арқылы. Қымыз күбілері аласалау, жуандау болады. Тегене – қымызға арналған ыдыстың бір түрі. Ол үлкен дөңгелек, шұңғыл болып жасалады. Сабадағы қымыз-ды осы тегенеге құяды. Оның сыйымдылығы ор- та есеппен 10-15 литр. Тегенедегі қымыз сапы- рып отыруға өте ыңғай-лы. Іші-сырты өңделіп, сыртына ою-өрнек салынады, сүйек неме- се күміс әшекейлермен, асыл тастармен өрнек-теледі. Тегенедегі қы- мызды ұзын сапты ағаш ожаумен сапырады, тос- тағанға құйып дастар-хан басындағы адам-дарға ұсынады. Жайпақ табақ – ағаштан жасалатын, ет тартуға арналған ыдыс. Көлемі әртүрлі. Оларды көп көркемдемейді. Қазақ шеберлері мұн-дай ыдыс-аяқтарды жа- сау үшін алдын-ала қа- йың кесінділері мен без- дерін нобайлап шауып алып, көлеңкеде кепті- ріп, тұзды суға салып қайнатады, тағы да кө- леңкеге қойып кепті-реді. Сосын асықпай өң-деп, ыдыс-аяқ жасайды. Мұндай тұзды суда қайнатылған ағаштан жасалған ыдыс-аяқ ыс- тық, суыққа төзімді ке-леді, сәл соққыға жарылмайды.

10795
(Голосов: 4, Рейтинг: 3.09)
Поделиться:
INFOPAINTING