АСТАНА АЙНАСЫ

Ашығу мен арықтау. 
Еліміздегі Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке  жарамды республика тұрғындарының төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану, тұқым қуалаушылық екені белгілі. 

Осыған орай адамдар семіздіктен, артық салмақтан құтылу үшін емдік ашығуды ұстанып, түрлі амалдар мен дәрі-дәрмектерді қолданып  арықтауға тырысады.

Ашығу мен арықтау

Еліміздегі Тамақтану институтының деректері бойынша еңбекке  жарамды республика тұрғындарының төрттен бірі семіздіктен зардап шегеді екен. Ал олардың көбісі әйелдер көрінеді. Негізінен, семіздікке алып келетін себептердің бірі шектен тыс тамақтану, тұқым қуалаушылық екені белгілі. Осыған орай адамдар семіздіктен, артық салмақтан құтылу үшін емдік ашығуды ұстанып, түрлі амалдар мен дәрі-дәрмектерді қолданып  арықтауға тырысады.

Ашығу туралы таным-түсінік

Тағамның жеткіліксіздігінен немесе құнарсыздығынан, тағамның дұрыс қорытылмауынан болатын ағзаның ашығу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді. Олар: физиологиялық, патологиялық, емдік ашығулар.


Физиологиялық ашығу. Бұл – аңдардың қысқы ұйқы уақытында, балықтардың уылдырық шашу кезінде, тағы да басқа жағдайларда болатын қалыпты құбылыс.

Патологиялық ашығу. Бұл – тамақтанбағанда, астың құрамында кейбір қажетті заттар жетіспегенде, ас қорыту жүйе-сінің қызметі нашарлағанда ағ-зада орын алатын жағымсыз жағдай.

Емдік ашығу. Бұл – тағамдануға шектеу қою, оны толығымен тоқтату арқылы семіз-діктен арылу, түрлі ауруларды емдеу тәсілі.


Семіздіктің себептері, зияны

Оның басты үш себебі бар. Біріншісі – үнемі артық тамақтану, мешкейлік. Екіншісі ата-әжесінің, әке-шешесінің немесе нағашысының біреуі толық болса, олардың ұрпағы да семіздікке бейім тұратын тұқым қуалаушылық. Үшіншісі – ішкі секреция бездерінің, әсіресе гипофиздің, қалқанша без бен
жыныс бездері қызметінің бұ-зылуы салдарынан зат алмасу процестерінің интенсивтілігі күрт төмендеген жағдайда басталатын семіру. Демек, семіру – зат алмасу дұрыс жүрмегендегі ауыр зардаптарға соқтыратын ықтимал ауру.

Ғалымдардың айтуынша, адамның миындағы гипотала-мус деген без семіздікке тікелей қатысты. Ол жоғарғы ми жүйесінің жұмысын бағыттап тұрады. Сонымен қатар, бездің жұмысына серотонин, дофамин және «бақыт гармондары» деп аталатын эндофин тәрізді заттардың да қатысы зор. Дәмді тағам жемей-ақ оны көргенде-гі қуану адамның миындағы рақаттану орталықтарының жұмысын жоғарыдағы заттар қамтамасыз етіп отырады. Әр адамдағы осы бездің жұмысы семіздерде ерекше белсенді. Содан олар тойғанын білмейді, үнемі тамақ ішкісі келіп тұрады. Қазір арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері көп. Оны үнемі қолдану се-міртіп жібереді.


Семіздіктің алдын алу

Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әре-кет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арт-тырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам
ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіш-тер мен ащы нәрселерді шек-тейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Осы орайда тұздың тәнде су жинайтыны ес-теріңізде болсын.

Сонда қандай тағам жеген дұрыс. Оған тамақтану инсти-тутының мамандары мынандай кеңес айтады: қара нан әйтпесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеген, майсыз етті, ба-лықты, майы алынған қатықты, сүтті, көкөністердің барлық түрін қолданған дұрыс. Академик А.Покровский семіз адамдар үшін тамақтану тәртібін жасаудың жалпы шарттары жө-нінде былай дейді:

«Рационның энергетикалық құндылығын шұғыл шектеу керек, бірақ ағзаның белок, алмастырылмайтын көп жақты қанықтырылған майлы қыш-қылдар, дәрумендер мен минералды заттар жөніндегі қажеттері толық қамтамасыз еті-луге тиіс;

Дәрігерлердің кеңесі бойын-ша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек;

Тамақты аз-аздап ішуді қам-тамасыз ететін тамақтану тәр-тібін қатаң сақтау қажет».

Тамақтану тәртібі

Естеріңізде болар, «Таңертеңгілік асты өзің же, түскі асты досыңмен бөліс, ал кешкі асты дұшпаныңа бер», - деген қағи-даның бар екені. Ол өмірден алынған тәжірибе, ақиқат. Яғни, ұйықтар алдында тоя тамақтануға болмайды. Ол семіз-дікке алып келетін жағдай. Себебі, тамақтанғаннан 2-3 сағат өткенде іштегі тағамдық заттар белсенді түрде сіңіріле бастайды. Біз ұйықтап жатқанда олар бұлшық ет қуатына жұмсалмай, семіздік «қойма-сына» біртіндеп жинала түседі. Семіздікке бейім жандардың тәбеті күшті болғандықтан, мамандар оны тамақтану санын көбейту жолымен азайтуға ақыл-кеңес береді. Ол былай: таңертеңгілік немесе түскі ас-тан соң алма жеп не 1 құты сүт, айран, болмаса қантсыз шай ішеді, сөйтіп, 15-20 минуттан кейін тамаққа деген тәбетті азайтып, түскі не кешкі тамаққа асықпайтын болады. Ең бастысы тамақтың түрі мен тамақтану тәртібінің өзгеруіне қарай бұлшық ет қуатының шығынын да өзгертіп отырған жақсы.


Ашығу арқылы емделу

Ашығу екі түрлі: Ішінара ашығу, толық ашығу. Бұлардың ішінде толық ашығу – аз уақыт немесе ұзақ болуы мүмкін. Ішінара ашығу – рационның калориялығын шектеу. Ол семіздіктен комплексті емдеу мен алдын алу жүйесінің маңызды факторы. Демек, шамадан тыс салмақта, семіру жағдайында ішінара ашығу пайдалы. Толық аштықпен емделу сақтықты талап етеді. Бауыр, жүрек аурулары, жалпы уыты бар созылмалы іріңді аурулар, ден-саулықтың басқа да бұзылуы жағдайында аштықпен емделуге болмайды. Мұндай аурулар болмаған кезде де аштықпен ұзақ емделуге тиым салынады. Туберкулезбен ауырғанда да, жүдеу кезде де жас балалар, қариялар толық ашығу жолымен емделмейді. Емдік ашығу тек қана науқастың денсаулық жағдайы толық тексерілгеннен кейін аурухананың арнаулы бөлімінде жүргізіледі. Ашығукезінде дәрі-дәрмек қабылда-майды, спиртті ішімдіктерді іш-пейді, темекі тартпайды. Толық ашығудан соң тойып тамақ жесе, оның қарынды кернеп, сол адамның жүрегін қысып, ажал құштыруы өте ықтимал.


Арықтаудың амалы

Бірінші тәсіл:

«1. Арықтау үшін, тамақ жемей, күні бойы аш жүру – ақымақтық. Тамақтанудан бас тарту арқылы асқазаныңның қызметін бұзып алатыныңды ұмытпа.

2. Спортпен айналысып, дұрыс тамақтануға дағдылан. Қимыл, әрекетсіз диета ұстаудың нәтижесі шамалы болмақ.

3. Артық салмағыңнан арылғың келсе, спортпен айналыс.

4. Егерде диетаның екінші, үшінші аптасында өзің ойлағандай көрсеткішке қол жеткізбе-сең, онда қам жеме. Өйткені диетаның бірінші аптасында адам ағзасы май мен сұйықты мөлшерден көп жоғалтады. Сол себепті алғашқы аптада едәуір салмақ тастайсың.

5. Қол жеткізген көрсеткішті сақта, одан артық салмақ қосудан абай бол.

6. Аптасына екі рет таразыға өлшенгенің абзал. 12 кг салмақ қоссаң да одан арылуға тырыс.

7. Аздан, жиі тамақтан. Күнделікті тамақтану мәзірін қадағала.

8. Қонаққа бара қалсаң, диеталық дастарқандағы аспен ғана тамақтанғаның жөн. Мәселен, жеміс-жидек, майсыз ет, салат жапырақтары.

9. Айналаңдағыларға диетада екеніңді айтудың қажеті жоқ.

10. Қонақта мерекелік торттан бас тарта алмауың мүмкін. Ондайда көз алдыңа әдемі көйлектеріңнің тар болып қалғанын елестет.

11. Суды, жалпы сұйықты көбірек іш.

12. Тамақты шағын тарелкеғасалып же».


Екінші тәсіл:

«1. Қанттың, ұннан даярланған тағамдардың және майдың мөлшерін барынша азайтыңыз.

2. Негізгі тағамыңыз ет, жеміс-жидек, көкөніс болуы тиіс.

3. Күніне бес рет тамақтаныңыз: таңертеңгі, одан соң екінші таңертеңгі ас, түскі, түстен кейінгі және кешкі ас.

4. Тамақты асықпай ішіңіз. Алдыңыздағы асты баяу және сүйсініп жеңіз, сонда тез тойып қаласыз.

5. Күнделікті тағамыңыздың негізгі бөлігін таңертеңгі және түскі ас кезінде қабылдаңыз. Кешкі асқа жеңіл тағам жеген жөн.

6. Қозғалуды да естен шы-ғармаңыз. Егер жұмысыңызда негізінен отыратын болсаңыз, жұмысқа келерде немесе қай-тарда шамалы болса да жаяу жүріңіз.

7. Егер жоғарыда аталған кеңестердің бәрін орындаған-мен салмағыңыз түспесе, салмақты біртіндеп түсіретін қан-дай да бір емдәм ұстаныңыз.

8. Егер салмақты тез түсір-гіңіз келсе, қандай емдәмнің қолайлы екендігін дәрігерден сұрап, біліңіз.

9. Егер қол жеткен салмағы-ңызды тұрақты сақтағыңыз келсе, дұрыс күн тәртібін үне-мі сақтаңыз. Олай болмаған жағдайда, қайта толып кетуіңіз әбден мүмкін».


Диетаның миға әсері

Америкалық ғалымдардың таяудағы зерттеулері бойынша, кез келген дәмсіз және біртекті тағамдар адамның эмоциясына әсер етеді, оны сылбыр, немқұрайды жағдайға жеткізе-ді, содан адам үнемі шаршаңқы көңіл-күй кешеді. Яғни, тәбеті тартпайтын тағамдарды еріксіз жеу арқылы адамдар өздерін психологиялық тұрғыда зақымдайды. Ол жүйке жүйе-сінің бұзылуы мен дағдарысы-на әкеліп соқтырады. Сол се-бепті де бүгінгі психатрияда диеталық тоқырау (диетическая депрессия) деген де ұғым қалыптасып отыр.

Тіпті, ұзақ уақыт бойы бірсарынды диетаға отыру, яғни, айранды ғана қанағат тұту жүйке ағдарысына ғана ұшыратып коймай, басқа да ауырт-пашылықтарға соқтыруы мүм-кін. Осылайша зат алмасу процесінің бұзылуынан ағзада миды ашықтыратын, жүректі за-қымдайтын кетондық денелер (кетеновый тело) жинақтала бастайтын болып шықты. Мұ-ның бәрі ғалымдардың болжамы мен қорытынды пікірлері.

Семіргіңіз келмесе

- Денесі толық және семі-руге бейім адамдардың картопты көп жемегені жөн. Өйткені картоптың құнарлылығы және жақсы сіңімділігі адамға сал-мақ қостырады.

- Сәбіз – дәрумендер қоймасы. Оны пісіріп, қуырып пайдаланғаннан гөрі, өзін сол қалпында жеген жақсы. Ол ағзада-ғы улы заттарды сыртқа алып шығады. Арықтағысы келетін-дер үшін сәбізді көбірек пайдаланған дұрыс, ол ағзада май-дың жиналуын болдырмайды.

28642
(Голосов: 30, Рейтинг: 3.68)
Поделиться:
INFOPAINTING

3d узи плода строгино

Проведение исследования состава крови, УЗИ органов и другое

natalimed.ru

Оформление купли продажи автомобиля москва

Автомобили в продаже. Продажа, выкуп и trade-in автомобилей

dogovor4avto.ru