АСТАНА АЙНАСЫ

Нейрохирургия орталығы. Ізденістер мен жетістіктер

Нейрохирургия орталығы. Ізденістер мен жетістіктер

Астана қаласының сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығында орналасқан Республикалық  нейрохирургия ғылыми орталығы 2008 жылдың шілде айында өз жұмысын бастаған-ды. Мінеки, содан бері ол биік белестерден көрінуде.
Қазақстанның денсаулық сақтау саласында ересектер мен балаларда кездесетін ми және жұлынның қан-тамыр патологиясы, бассүйек-ми жарақатының зардаптары, бассүйек пен мидың дамуындағы кемтарлық, жұлын патологиясы және жүйке жүйесі бұзылған сырқаттарға жоғары мамандырылған медициналық көмек көрсету ерекше маңызды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2007 жылдың 28 ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауындағы жиырма бірінші бағытта айтылған: «Денсаулық сақтау саласында жоғары технология жүйесін дамыту және медициналық қызметтің сапасын жақсарту» міндеттері Республикалық  нейрохирургия ғылыми орталығының  да белсенді түрде ат салысатын саласы.

Орталықтың іс-қимылы жоғары мамандандырылған медици-налық көмек көрсетуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, халықаралық менеджменттің қағидаларын және ересектер мен балалардың денсаулығын қорғау саласында жаңа медици-налық  технологияларды енгізу-ге бағытталған.

Орталықтың қызмет аясы 160 төсек-орынға есептелген, оның 30 орны балаларға арналған. Орталықта 7 клиникалық бөлім-шелер қызмет көрсетеді. Бөлім-
шелер 7 негізгі бағытта өз міндет-терін атқаруға жұмылдырылған. 

Бұл бағыттар негізінен мынандай:
1. Орталық жүйке жүйесінің патологиясы;
2. Жалпы нейрохирургия;
3. Қан-тамыр және функционалды нейрохирургия;
4. Жұлын нейрохирургиясы және шеткі жүйке жүйесінің патологиясы;
5. Балалар нейрохирургиясы;
6. Нейрооңалту;
7. Шұғыл нейрохирургия.

Жалпы, осы бағыттар бойынша, бассүйектің негізінен ісік-
ті трансназальды сылып тастау, нейронавигациялық жүйе-
ні қолдана отырып, мидың тереңінде жатқан ісікті сылып тастау, мидың тамырларындағы аневризмді эндоваскулярлық микрохирургиялық жолмен ем-
деу, миға және жұлынға, омыртқа бағанының әртүрлі бөлімде-ріне эндоскопиялық операция жасау сияқты бірегей шұғыл операциялар жасалады.

Халқымыздың маңдайына біткен Республикалық  нейрохирургия ғылыми орталығы қай жағынан алсақ та мақтауға тұрарлықтай. Мұнтаздай таза, озық медициналық құрал-жаб-дығына маманы сай, науқас үшін барлық жағдай қарастырылған. Әркім осында ем алуға құш-тар. Тіпті, республикамыздан тысқары жерлерден де келуші-лер бар.

Орталық - бүгінгісі мен келешегі бар дәрігерлік мекемелердің қатарында, яғни заманына сәйкес диагностикалық құрал-жабдықтармен – копьютерлік және магниттік-резонанстық томографтар, Siemens фирмасы-ның ангиографтары, NiҺon Koden фирмасының электроэнцефалографы мен электромиографы және басқа да құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.

Келесі бір айта кететін жағдай - кадр мәселесі. Орталықтың мамандармен қамтамасыз етілуі жақсы жолда. Қазірдің өзінде, барлығы 624 адам қызмет етеді. Оның ішінде басқару қызметкерлері – 59, тікелей емдеу процесімен айналысатын дәрігерлер – 96, орта медицина қызметкерлері – 192, кіші медицина қызметкерлері – 163 адам және басқа қызметтегілер – 102.

Ғылыми дәрежесі барлар: медицина ғылымдарының докторы – 4 дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты – 17 дәрігер. Және 30-дан аса қызметкерлер АҚШ-тың, Дания-ның, Италияның, Түркияның, Швейцарияның, Кубаның, Авст-рияның, Германияның, Израиль мен Ресейдің алдыңғы қатарлы клиникаларында арнайы дайын-дықтардан өткендер.

Жыл сайын белгілі бір жүйемен және жоспарлы бағдарламаға сай шет мемлекеттің атақты нейрохирургтарының қатысуы-мен бірнеше мастер-кластар өткізіліп келеді. Ғылым жолында және ғылым мен күнделікті қызметті ұштастыру үшін, тәжірибені молайтып пайдасын халыққа жеткізу үшін жасалып жатқан еңбектер де аз емес.  
Австриядан, Бельгиядан, Германиядан, Жапониядан, Ресейден келген қонақтар орталықты аралап көріп, тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми жасалып жатқан шаралармен танысып, алған әсерлеріне жоғары баға береді.  Егер де, шетелдік қонақтар, дамыған елдің өкілдері орталық туралы жақсы пікірде болса, орталықтың осал болмағаны. 
2009 жылғы шілденің 22-і мен 24-і аралығында Астана қаласында Қазақстан Республи-касының 1-ші Нейрохирургтер съезі халықаралық деңгейде өтті. Съездің жұмысына 211 делегат қатысты, оның ішінде 55-і шетелден.  Жасалған баяндамалар – 74, оның ішінде 52 баяндаманы шетелден келген делегаттар жасады.
Ақтау қаласында Маңғыстау облысы әкімінің қолдауымен халықаралық деңгейдегі Республикалық  ғылыми-практикалық конференция өтті. Қатысушы-лардың саны – 139, оның ішінде 13-і шетелдік қонақтар. 

Астана қаласында 2011 жылдың 30 мамырынан 2-ші маусымында үш күндік Халықаралық Нейрохирургтар форумы өтті.

Оған шет мемлекеттен келген нейрохирургия жүйесінің ғалымдары мен білікті дәріге-рлері қатысып, осы саланың болашағы жайында қызу әңгі-мелеп, тұжырымды ойларды талқылады. Осы форум және Қазақстан нейрохирургиясы жайында жақсы бағаны әлемге әйгілі нейрохирургия жұлдызы, ұлт дәулеті, Ресей академигі Александр Коноваловтың «Казахстанская правда» газетінің журналисі               Ю. Магерге берген сұхбатынан оқуға болады.  

Келешекте Орталық тарапынан атқарылатын қызметтер көп: 2013 жылы Еуропалық нейрохирургиялық қоғамдастық тардың Білім беру курстарын өткізу және 2014 жылы Астанада Азия неврологиялық Хирургтер конгресін өткізу жоспарланып отыр.
Елбасымыздың медициналық тақырыптардағы толғамдары-ның тереңінен, републикамыз-ды алдыңғы қатардағы шет мемлекетердің деңгейіне жеткі-
земіз деген мақсатының төркі-нен аңғаратынымыз елімізде денсаулық сақтау салалары жылдан-жылға дамып, өркендей береді. Біздің өз пікірімізді бұлайша өрбітуімізге  себепкер Орталықтың басшысы - Серік Қуандықұлы Ақшолақов.

Адам қалай ойласа, дәл солай өмір сүреді. Кісіні абырой мен даңқтың биігіне асқақтатып шығаратын қыран қанаты - өзінің ойы, ықылас-ниеті. Заманына «жете туғандар» қанша көп болса, өз тұсынан «өте туғандар» қашанда аз. Сол өте туғандарын, оза шапқандарын уақытында бағалай білу – елдік парыз. Қазақ денсаулық сақтау саласында отыз жылдан астам еңбек етіп келе жатқан Серік Қуандықұлы туралы ойлағанда, оның басынан өткізген өмір жолына көз салғанда байқағанымыз:оның өз ортасының ғана емес, тұтас қоғамның тамыршысы бола білгендігі. Серік Қуандықұлы биязы да кішіпейіл болғанымен, бекінген ісінен беті қайтпайтын қайсар, еріну дегенді білмейтін еңбекқор. Бұл оның бойындағы білімділерге есе жібермейтін қасиеттері. Атақ, абырой дегендердің Серік Қуандықұлының мінезіне, қылығына азда болсын кінәрат түсірмейтіндігіне қайран қала-мын.

Серік Қуандықұлының 1986 жылдан бастап Мәскеу қаласы-ндағы РМҒА академик Н.Н. Бурденко атындағы нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтымен өмірі бірге қалыптасып келеді десек, ешбір артықшылығы жоқ. Осы институттың аспиранты болды, осында кандидаттық диссертация қорғады, ғылыми қызметкері, докторанты болды. Қазақстан Республикасының медицина саласындағы нейрохирургия жүйесіндегі еңбектері мен қызметтері де бір азаматқа жеткілікті. Халқына сіңірген еңбегі ел-жұртымен бағаланды. 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері,  2005 жылы «Платина Тарлан» жоғары тәуелсіз сыйлығымен марапатталды. Осы жылы дүниежүзілік дәрігерлер қауымдастығының «Әлемнің Қамқор дәрігері» дәрежесіне ие болды. 2008 жылы А. Байтұрсынов атындағы күміс медальмен марапатталды. 2008 және 2009 жылдары «Алтын адам – Қазақстандағы Жыл адамы» атағына номинант болды. 2010 жылы Президентіміздің Жарлығымен «Парасат» ордені-мен марапатталды. Бұдан басқа еліміздің, Ресейдің және шет мемлекетердің нейрохирургия қауымдастығының құрметті мүшесі. 

Серік Қуандықұлында ірі тұл-ғалы ұйымдастырушыларға тән қасиеттер бар. Бұл, ең әуелі, адамға деген ілтипат. Қамқор бола білу. Өзіне деген жылылықты сезінген адам ортақ іске дәл сондай ықыласпен атсалысады. Олар өмірдегі өз орнының маңызын сезініп, жауапкершілікпен өз қызметін атқарады. Сонымен бірге, қазіргі даму, өркендеу жағдайында әрбір қызметкерді қызметтік іркілістер мен шығындарды жаба отырып қызмет істей білуге, әрбір істің өзін-өзі ақтап, дамуына мүмкіндік туғыза алатындай дәрежеде болуына баулиды. Былай айтқанда, ұжымда дәрігерлік ой мен сананың, үйлестіре еңбек ете білу дағдысының қалыптасуына мән береді. Ал бұл әркімнің өзінің, оған қатысты адамдардың өркендеуінің кепілі.  

Серік Қуандықұлы нейрохирургия саласының кәсіби дәрігер-хирургі. Бұл абыройға жету оған оңай болған жоқ. Өйткені, мұндай адамдардың  күндеушісі де көп болады. Содан «Мен де одан кем хирург емеспін. Керек десең, хирургиялық операцияларды артық жасаймын» дегендер де кездесті. Осы жерде айта кететін бір жәй, Серік Қуандықұлы өзіне жасалған ондай кедергілердің бәрін өмірде болуға тиісті нәрселердей қабылдайды. Күй-іп-піспейді, кек сақтамайды және есе қайтару деген жоқ. Ештеңе болмағандай, жайдары қалпын сақтап жүре береді.

Елбасының тапсырмасымен Астананың сол жағалауында медициналық кластер құрылды. Осы кластердің құрамындағы мекемелердің ашылуына сәйкес Елбасымыз Орталықтарда болды. Олардың жоғарғы технологиясымен танысты. Құрал-жабдықтарын көріп, емделіп жатқан адамдармен сөйлесті, ұжым қызметкерлерімен кез-десті. Елбасымыздың осындай сапарлары жайлы орталық басылымдардың барлығы дерлік ел-жұртымызға кезінде хабарлап жатты. Онда, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтің бүгінгі және ертеңгі медицина саласындағы негізгі бағыттар, басты мәселелер туралы айтқандары халыққа жеткізілді. Мен енді, осы кездесулерден алған өз әсерімді, естіп-білгенімді қысқаша айтып өтуді жөн көріп отырмын.  
Кездесудің соңында Елбасымыз жиналған қауымның алдында қорытынды сөз сөйлеп, келешекке арналған тілегі мен көздеген мақсатын әңгіме етті.
Әңгіме өте құнарлы және ұйып тыңдайтын, жүрегіңді бойлап, ішкі дүниеңді жайлап кететін даналық ойларға толы еді.

Менің осы естіп-көргенім әлі де есімнен кетер емес, бәрі де  көз алдымда және жадымда. Президентіміздің айтқаны: «Шет мемлекеттерде болғанда, осындай ғимараттарды көрген-де қызығатынмын. Сонда өзіме айтатынмын: «Бізде де болады». Мінеки, қолымыз жетіп отыр, біркездегі арманымызға. Алдыңғы қатардағы технология, соңғы үлгідегі құралдар мен аспаптар және білімді мамандарымыз бар. Шет мемлекетке барудың қажеті шамалы, қаншама қаржы, уақытты жұмсап. Өз елімізде, өзімізбен өзіміз келісіп барлығын шешуге болады. Бүгінгі күні біз, ешкімнен кем емеспіз. Білекті сыбанып тастап, алдымызда тұрған мақсаттарды орындауымыз керек. Оған бар жағдай жасалған». Жүрегімнен орын алып, қалып қойған ыстық кездесудің нәтижесі осындай. 

...Жанға батқан аурудан айыққан адам өмірдің тәттілігін жақсы түсінеді. Денсаулықтың қадірін түсінеді. Осыны ойлап, ақ халаттылардың еңбегін қадірлеймін.



29.07.2011 0 3418
Поделиться
(Голосов: 4, Рейтинг: 3.52)